400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасы - бақыт мекені»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту. Шаттық шеңбері: Ата-аналардың қолдарынан ұстап,шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы, Жетісу ауданы, МКҚК №162 бөбекжай-балабақшасының тәрбиешісі Маткалыкова Меруерт Жабайдильдиновна

«Отбасы - бақыт мекені» (Мерекелік іс-шара)

Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру.

Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру;ата-ана бойына өздерін тәрбиеші ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.

Шаттық шеңбері: Ата-аналардың қолдарынан ұстап,шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.

Қане, бәріміз бір-біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар? Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір-бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі-ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы.

1. Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы.

2. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.

3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке қыран болу керек.

4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас.

Біз бүгінгі іс-шарамызды ата-аналармен бірлесіп өтуді жөн көрдік. Мұнда төрт ата-ана өз балаларымен бірге 4-ке бөлініп отырады, берілген тапсырманы балаларымен бірігіп орындайтын болады. (Қалған балалар көрермен болып отырады)


Олай болса 1тапсырмаға кезек берейік.

1. Таныстыру.

2. Балаңызға қалай жылу сыйлайсыз, жақсы көргеніңізді қалай білдіресіз?

3. Бала тағдырына деген әкелік, аналық жауапкершілігіңізді қалай түсінесіз?

4. Балаңыздың жеке ерекшелігін атап беріңіз.

5. Үй тапсырмасы (қорғайды)

6. Төрт түлікті атаңыз және оны дыбыстаңыз.

7. Ойын «Бәйге»

8. Балаларды киіндіру тәртібін білесіз бе?

9. «Тілек гүлі» бала-бақшамызға деген жылы лебіздеріңіз (шеңберге тұрып гүлді ұсыну арқылы жасалады)

Міне, қоштасатын да сәт келді. Біз сіздермен отбасындағы ата-ана мен бала-бақша арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя - жылулықтың мекені. Олай болса бүгінгі іс-шарамызды тобымыздың әдемі қыздарының орындауындығы әдемі биімен аяқтасақ.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
895
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі