400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы - бақыт мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы - бақыт мекені тақырыбында тәрбие сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»

Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.

- Олай болса бүгінгі тәрбие сағатымыз отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт ұясы» тақырыбында болады.

«Еркелету» жылулық шеңбері.

(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)

Негізгі бөлім.

- Отбасы туралы әңгімелеу.

-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?

-Отбасы деген не?

-Отбасы құрамы деген кімдер?

-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің  тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

Отбасы шағын мемлекет. Бұл мемлекет қандай болуы керек?

Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйлас-тық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, ке-шіре түсіне білгенде отбасы мықты, берік болады.



Отбасы туралы мақалдар сұрау.

1.Атаға қарап - ...............,

Анаға қарап - ..................

2. Ананың көңілі балада, ..........................

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)

6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)

9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)

10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),

11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

Ситуациялық жағдаят.

1. Сен өте асығыссың , себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала же-тектеп келе жатқан қарияны қағып кеттің. Ол кісі құлап түсті , немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сен не істейсің ?

2. Саған анаң өзі жұмыстан келгенше үйді жинастырып қоюды тап-сырды. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл істі ұмытып кеттің. Анаң жұ-мыстан келіп, өзі жинап, сыпырып қойды. Сен келгенде анаң ренжулі. Сенің әрекетің ?

3. Бүгін анаң жақсы көретін тағамыңды жасап берді. Сен отыра қа-лып іні – қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға қарай жүгірдің. Сен нені ұмыттың ?

Үй тапсырмасы: Үйге барып, отбасы мүшелеріне өздерінің жақсы көретінің айту.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
16.09.2023
482
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі