«БЕКІТЕМІН»
«Каспий» жоғары
педагогика
және салалық
технологиялар
колледжі директорының
тәрбие
ісі жөніндегі
орынбасары
__________Әмірбекова
Г.С
«____»____________ 2024
ж.
КУРАТОРЛЫҚ
САҒАТЫ
Тақырыбы: «Отбасы – бақыт
мекені»
Өткізген: Амантұрлы
Ж.О.
2ИББ-23 б/б
тобы
2024-2025 оқу
жылдары
Тақырыбы: «Отбасы-бақыт
мекені»
Апта
дәйексөзі: Әділетте берік болсаң аяғың
таймайды!
Кураторлық сағаттың
мақсаты: Студенттердің отбасы, жанұя туралы білімдерін
шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Студенттердің
есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс
істеу дағдыларын дамыту. Студенттерді ұйымшылдыққа,
жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы
құндылық-тарын сыйлауға
тәрбиелеу.
Күтілетін
нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп,
сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы
керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай
білулері керек.
Отбасы-мемлекеттің негізгі
буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады,
болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен
ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен
кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан
бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін
өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-бақыт мекені»
тақырыбын-дағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты
дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының
түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан
бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында
ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен еразаматқа
жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей
міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік
міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны
дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалар-дың жеке
ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар
өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен
бастап олар-дың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар
беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы,
шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасы-нан басталады. Әке-шеше
балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында
жауапкер.
Отбасым - менің
жүрегім
Отбасым - менің
тірегім
Отбасым – менің
Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім - дегендей отбасы
болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани
байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Тәрбие отбасынан басталады.
Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата - анаға,
үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің
борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы
дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы
айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының
ұйтқысы, жылуы, шуағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын
әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің
мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет
өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді.
Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып
табылады.
Отбасының басты қызметі баланы
тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі.
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен
бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және
саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың
қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету,
күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға
тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету,
бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру жатады.
Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске
әкеледі.
Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ
қасы.
Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта
орал.
Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан
келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек.
Өзің іздеп таппасаң, ол қаша
береді.
Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс
түсе біліңдер.
Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға,
тіпті қала берді үйге келген
қонаққа да қарап
өседі.
Сәбидің Алласы -
анасы.
Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық
пен ақтықтың салты.
Болар бала
босағадан.
«Келешек көзі – балада» деп өсіріп
келеміз.
Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі
деген осы, баласын сәби ете
береді.
Есейген бала еңбекшіл, есірік бала
көшешіл.
Ерке бала есік
таңдамайды.
Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі
мүмкін.
Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді
ұмытуға әсте болмайды.
Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын
дамытады.
Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында
сынады, жасып сынған асыл
жоқ.
Балалы үйдің есігіне құлып керегі
жоқ.
Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы
арттырады.
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері
педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, «Отбасы кішкентай бір
мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі
отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен
ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя.
Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.
Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның
діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап отбасының тәрбиесін
алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым.
Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп
тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің,
кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген
сөздері қөңілімде жатталып
қалыпты.
Балдан тәтті не?
(бала)
Шаңырақ иесі кім? (кенже
ұл)
Балаға кім сыншы?
(ата-ана)
Әкеден балаға беріледі
(мұра)
Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт,
бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі.)
Үйдегі алтын қазық кім?
(ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің
нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те
емес,
Дастарханда
болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана
сүті)
Қорытындылау:
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат
анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні -
қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы.
Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу
керек.
Хаттама_____
Орны: «Каспий» жоғары
педагогика және салалық технологиялар
колледжі
Уақыты:
30.09.2024.
Отырыс: 507
каб.
Тобы: 2ИББ-23
б/б
Барлығы: 25
студент
Қатысқандар: 23
студент
Күн
тәртібінде:
-
«Отбасы-бақыт
мекені»
-
Әртүрлі
мәселелер
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші
мәселе бойынша топ кураторы сөз алып,
«Отбасы-бақыт
мекені» тақырыбында өткен тәрбие
сағаты жақсы деңгейде өтті.
Студенттер өздеріңе ең жақын, ең қымбат анасы, қамқор әкесі,
қайы-рымды ата - әжесі, аға - әпкелері, іні - қарындастары туралы
айтты. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы, әрқашан отбасы
мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек екені
айтылды.
Шешім:
-
«Отбасы - бақыт мекені»
тақырыбында өткен тәрбие сағаты «жақсы» деп
бағалансын.
-
2-мәселе бойынша студенттерді
іс – шараларға қатыстыра отырып, олардың шығармашылықтарын
шыңдау,топтағы студенттердің сабаққа қатысын және форма сақтау
керектігі айтылды.
-
Осы айтылған мәселелер
орындалысы Ж.Амантұрлыға міндеттелсін, студенттердің сабаққа
қатысы, кешікпеуі, колледждің формасы сақталуы топ старостасына
жүктелсін.
Жиналыс төрайымы:
Ж.Амантұрлы
Жиналыс хатшысы:
М.Козденова