Баяндама.
«Отбасы – бақыт
мекені».
Адамның жеке басының алғашқы
қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер
жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында
қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп
жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен
айтқанда:
Адамдар
арасындағы қарым-қ «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің
бірі», - десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты,
ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста,
мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан,
отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға)
болмайтын баспалдақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған
орта. Отбасы – бала тәрбиесінің
ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы,
алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне
берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара
сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес
береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы
биік отбасына айналары сөзсіз.
атынаста адамгершілік, әдеп-инабат үрдістерінің
қаншалық кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың
жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек
қалауымен, саналы түрде ардақтап, құрметтеуіне, инабат
тағылымын үлкендерден үйрене отырып, олардың өздеріне деген
қарым-қатынстарында мүлтіксіз жүзеге асырып отыруларына
байланысты.
Адам
өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі -
баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің
перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бұл – жас
ұрпақтың мәдениеттілігін, әдептілігінің ғана емес, ең алдымен,
адамшылығының белгісі.
Бала –
ата- ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі – қызығы мен
қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. Жазушы – педагог
Ж.Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі
болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп
еліктегіш келеді. »
Баланы жастан
бақпасаң,
Жамандықтан
қақпасаң.
Қадірден жұрдай қасқа
боп
Кешкенің өмір босқа тек - дегендей, баланың ыстық
суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –
ертеңгі ана, ол шешеге қарап өседі, бойын түзейді. Балаға білім,
тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші
ата-ана.
Сондықтан
да мектеп өміріндегі ата-аналардың педагогикалық білімін жетілдіру,
мәдениетін арттыру, бала тәрбиесіне белсене араластыру, соның
нәтижесінде ата-ананы баланың алғашқы ұстазына айналдыру мақсатында
ұйымдастырылатын семинар тренингтердің маңызы орасан
зор.
Астана
қаласы
№49 орта
мектеп
Б А Я Н Д А М
А
Тақырыбы : «Отбасы -
бақыт мекені »
Сыныбы: 3
«Е»
Сынып жетекшісі:Иман
Г.М