400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы - менің мекенім

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасының қоғамдағы ролі туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:  Отбасым - бақыт мекенім
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

    Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

    Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: сынып сағаты        Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу:

Қане, қане, тұрайық,

            Үлкен шеңбер құрайық.

              Тұрсақ үлкен шеңберге,

              Алақанға ұрайық.

Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы тәрбие сағатымызда Бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортағасалмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен еразаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел  ананың тікелей міндеті.
Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.

Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім

- дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Тәрбие отбасынан басталады. Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы.

Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. 
Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

Балалықтағы іздену, есейгенде нақтылы іске әкеледі. Бірінші көрнектілік - отбасы, ошақ қасы. Сезімтал болғың келсе, балалық дәуіріңе қайта орал. Өз ошағында болмаған бақыт көршінің ошағынан келмейді, сондықтан қажымай талмай еңбектеніп, бақытты іздеу керек. Өзің іздеп таппасаң, ол қаша береді.

«Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел», - деуші еді марқұм анам, қазір өз басыма келіп отыр. Әке суреті де тәрбиелейді , суретке де дұрыс түсе біліңдер. Жұбайың жанында болса, жұлдызым төбемде дей бер. Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде. Екеуге тентек болсаң да, басқаға тентек болма. Үйленуге барсаң, үйретуге барма. Туыс та сыйлыстыққа мұқтаж. Бірақ жанды алдамау керек, ол - бала.Поэзияның пірін сәбиі бар анадан сұра, қайда екенін айтады. Бала: атаға, анаға, әкеге, шешеге, ағағға, тіпті қала берді үйге келген қонаққа да қарап өседі. Сәбидің Алласы - анасы. Ата салты дегеніміз - халықтың салты, адалдық пен ақтықтың салты. Болар бала босағадан. «Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз. Анаға бала бота болып қала береді, ана жүрегі деген осы, баласын сәби ете береді. Есейген бала еңбекшіл, есірік бала көшешіл. Ерке бала есік таңдамайды. Біреуге тас лақтырма, өз әкеннің басына түсуі мүмкін.      Біз өз отбасымызға өзіміз қонақ екенімізді ұмытуға әсте болмайды. Махаббаттың ұлылығы сонда: уақытпен бірге жасарып жасай да, жырлана да береді. Жақсы есім — қанатты ат сияқты баланың қиялын дамытады. Текті тектігін сақтайды, асыл асыл калпында сынады, жасып сынған  асыл жоқ.  Балалы үйдің есігіне құлып керегі жоқ. Әкеден бала артып тумайды, тұрған ортасы арттырады. Жаман қатын қабаған иттей, жаман ер мияулаған мысықтай, екеуіне де кезіге көрме! Жаман қатын туысын балағаттар. 
Қазақ отбасы тәрбиесінің өзекті мәселелері педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова, “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Ата – анам – өмірдегі ең қымбат адамдарым. Олар мені жақсылыққа әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Сабақта да, үйде де ұқыпты, тәртіпті, саналы бала болса екен деп тілейді. Әсіресе,”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздері қөңілімде жатталып қалыпты.

Балдан тәтті не? (бала) Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл) Балаға кім сыншы? (ата-ана)

Әкеден балаға беріледі (мұра) Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.) Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
«Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
Қаз да емес, үйрек те емес, Дастарханда болмайды Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
Қорытындылау
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.






























































Сабақтың тақырыбы: Ынтымағы жарасқан елміз.
Сабақтың мақсаты: «ынтымақ» ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері:
- ынтымақ, бірлік ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;
- достық қарым - қатынастарын нығайту;
- татулықта, бірлікте, бейбітшілікте өмір сүруге тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Балалар, қане «Шаттық шеңберіне» тұра қояйық.
«Қазақстан - ортақ үйіміз» өлеңін айтайық.


Тілейміз – бейбіт күн
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәріміз де баламыз.
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз,
Біз балдырған тең басқан.
Дос құшағын елге ашқан.
Тілегіміз - бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.

Әңгімелеу:
Тәрбиеші: Мен сендерге, балалар «Тас пен арбакештер» деген әңгіме оқып берейін. Мұқият тыңдап отырамыз.
Тас пен арбакештер
Бір күні тауда алай - дүлей дауыл соғып, найзағай жарқылдап, шелектеп жаңбыр төкті. Осындай дүлей желден тастың бір кесегі тау соқпағына құлап түсіп, жолды бөгеп қалды.
Ертесінде жарқырап күн шықты. Жолдан екі арба көрінді. Бұл қалаға тұз бен қарамайға кетіп бара жатқан дүкенші еді. Ол жолда жатқан тасқа жақындап, итеріп көріп еді, орнынан қозғалта алмады.
- Қандай, үлкен кесек! Мынаны орнынан қозғалту мүмкін емес. Бәлкім, менен де күштірек біреу келіп, төменге лақтырып тастар, күте тұрайын.
Бірер уақыт өткеннен кейін арбамен келе жатқан отыншы көрінді. Олда тасқа келіп, ары - бері итеріп көріп еді, орнынан қозғалта алмады.
- Енді не істейсің, күте тұрайық, мүмкін бізден де күшті біреу келіп, жолды тазартар.
Уақыт зуылдап өте берді. Жолда арбакештер бірінен соң бірі келіп, үлкен керуен болып қалды. Топтанған адамдар шуылдап, тасты қозғалта алмады. Бір кезде қолында таяғы бар, жаяу қарт адам көрінді. Ол арбакештермен амандасып, жөн сұрады.
- Сендер неге өтпей тұрсыңдар?- деді қария.
- Қалай өтеміз?
- Ақылмен.
- Бұған ақылдың не қажеті бар?- деді арбакештер ашуланып.
- біз қанша әуреленсек те, ешқайсымыз тасты қозғай алмадық.
- Ал сендер тасты бәрің бірігіп, қозғап көрдіңдер ме?
- Расында да! Қане, жігіттер, бәріміз бірігіп итеріп жіберейікші!
Арбакештер бәрі бірігіп, жиналып тасты төменге итеріп жіберді. Дәу тас гүрс етіп, төменге құлап түсті. Жол босап, арбакештер ары қарай жүре бастады.
Сұрақ: Қалай ойлайсыңдар, балалар арбакештер неге тасты өздері итеріп жібермеді. Оларға не жетпеді?
Тәрбиешінің толықтыруы: Арбакештер алғашқыда тосылып тұрып қалды. Олар бір - бірлеп тасты итере алмады. Сол кезде оларға ақылды қария көмекке келді. Қарияның ақылының арқасында олар тасты төменге итеріп жіберіп жолды тазартты.
Міне, балалар ауызбірліктің арқасында үлкеннің ақылын тыңдағаннан, олар бірігіп, жұмыла көтеріп тасты ап тастады.. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген сөз осыдан қалған екен.

Қазақ ертегісі «Ырыс алды - ынтымақ»
Баяғыда бір ақылды қария болыпты, оның тоғыз ұлы бар екен. Бірақ балалары әкесінің ақылын тыңдамай, әрқайсысы өз бетінше жүріп - тұрыпты. Олардың бұл қылығын айналасындағы көршілері күлкі етеді екен. Үлкені кішісін сабайды, кішісі үлкеніне ажырая қарайды. Бірлігі жоқ тоғыз баласын қалай ақылға салам деп қария көп ойланады. Айласы таусылған қария тоғайдан бір құшақ тобылғы әкеліп, балаларын түгел шақырып алады. Сонан соң:
- Қане, балаларым, күштеріңді сынап көрейін, мына тобылғыны тобымен сындырыңдар,- дейді.
Тоғыз ұл кезектесіп күштерін сынайды. Буылған бір құшақ тобылғыны ешқайсысы сындыра алмайды, әбден титықтап шаршайды.
Қария енді тобылғының бауын шешіп:
- Енді бір - бірлеп сындырып көріңдер,- дейді.
Балалары тобылғыны сол заматта - ақ сындырып тастайды. «Міне, сындырдық»,- деп мақтанады. Шал балаларын отырғызып қойып сөзін бастайды:
- Мен сендердің келешектеріңді ойлап қапа боламын. Дұшпандарың көп, достарың жоқ, бір - біріңе қас болсаңдар ертеңгі күні ендерді де жаңағы тобылғы ұқсатып сындырып тастайды, жан - жаққа шашырап кетесіңдер ау деп ойлаймын депті. Ал тату болып, бір - біріңді қамқорлап, көмектесіп жүрсеңдер буылған тобылғыдай сендерді ешкімде сындыра алмайды. Ауызбірлікте болып, тату жүргендеріңді қалаймын дейді қарт. Көп ұзамай қарт дүниеден өтеді. Балалары бар тіршілік, қиыншылық өздеріне түскенін түсініп, ақылға келіп, бірлесіп тіршілік етуге көшеді. Бір - бірлеріне көмектесіп, татулықта өмір сүре бастайды. Содан соң бұлардың жағдайлары жақсарып, тұрмыстары түзеліп қалады. «Ырыс алды - ынтымақ»деген сөз осыдан қалған екен.
Ойын «Қазақстанда тұратын халықтар»
Балалар шеңберге тұрып, бір - біріне допты лақтыру арқылы Қазақстанда
тұратын халықтарды атайды.
Әңгімелесу:
- Біз қай елде тұрамыз?
- сендердің туыстарыңның, көршілеріңнің, достарыңның арасында басқа ұлт өкілдері барма?
Тәрбиеші:
- Біздің ел – көп ұлтты мемлекет. Қазақстанда көптеген халықтар тұрады, олар бір - бірімен тату, дос бауырлардай өмір сүріп жатыр. Қазақстанды олар өз жерім, өз елім деп мақтан тұтады. Ынтымақта, бірлікте өмір сүріп жатыр. 1 - мамыр - Ынтымақ, Бейбітшілік, Бірлік күні. Ертең біз осы бірлік күнін тойлаймыз. Елімізде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің салт - дәстүрлерін, ән - жырларын көрсетеді.
Президентіміз, елімізді бірлікке, ынтымаққа, бейбітшілікке, татулыққа өмір сүруге шақырады. Сондықтан біз елімізді «Ынтымағы жарасқан ел»деп айтсақ артық айтқандық емес.
Дәйек сөз:
«Ырыс алды - ынтымақ» деген бүгінгі біздің сабағымыздың дәйек сөзі шығады, балалар.
- Ынтымақ болса, бірлік болады, бірлік бар жерде тірлік болады, балалар. Сыйластық, ынтымақ бар жерге, ырыс, береке қонады. Сондықтан да халқымыз:»Ырыс алды - ынтымақ»деп тегін айтпаған. Қорытындылау:
Тәрбиеші: балалар, біз бүгін ынтымақ, ауызбірлік, ұйымшылдық, достық туралы әңгімеледік. Осындай татулығымыздың арқасында, достығымыздың арқасында, ауызбіршіліктің арқасында барлық мәселелерді оңай шешуге болатынын түсіндік.
Отанымыздың көп ұлтты екенін, ондағы халықтардың достығы, татулығы туралы, киімдері, салт - дәстүрлері туралы білдік.
Олай болса, балалар, бірлігіміз, ынтымағымыз жарасқан, егеменді елміз деп айтуға әбден болады Еліміз аман, жұртымыз тыныш , бейбітшілік мәңгілік орнасын «Ақ көгершін»әнін айта қояйық.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.05.2019
835
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі