Сабақтың
тақырыбы: «Отбасы- өмір
аясы».
Сабақтың
мақсаты: Жыл бойы өткен сабақтарды
қайталау, балаларды әр түрлі дидактикалық ойындар арқылы тіл
үйренуге деген құлшынысын арттыру, қазақ тілінен меңгерген сөздерін
дұрыс қолдана білу.
Білімділік
мақсаты: Жыл бойы үйренген жаңа
сөздерді дұрыс,ұтымды қолдана білуді үйрету. Сөз бен сөзді
байланыстыра отырып, сөз тіркестерін құрастыру, сөйлемдер
құрау.
Дамытушылық
мақсат: Мәтін құрауда сөздерді
байлыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Қазақ тіліне тән дыбыстарды
дұрыс айтуға баулу.
Тәрбиелік
мақсаты: Өз Отаныңа деген сүйіспеншілік
сезімін арттыру. Ата-анасын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу,
табиғатты сүюге үйрету.
Әдіс-
тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру,
сұрақ-жауап алу, қимылды ойын.
Алдын-ала жүргізілетін
жұмыстар: Балаларға өткен сабақтарды
пысықтау, еске түсіру.
Пайдаланылған көрнекі
құралдар:бейне слайдтар, тақырыпқа
байланысты әр түрлі суреттер,асықтар, түрлі –түсті
қарындаштар.
Билингвалды
компонент:құстар-птицы, көктем келді –
пришла весна, аққу, торғай, қарға,
қарлығаш,сауысқан,балапандар,ұя.
Шаттық
шеңбері:
-
Балалар, біз бәріміз бір үйдің
балаларындай тату, доспыз, қане бір-бірімізге деген достығымызды
нығайту үшін, бәріміз бірге жылулық шеңберіне тұрып,
айтайықшы.
Армысың алтын
күн!
Армысың Жер
ана!
Армысыздар
қонақтар!
Армысыңдар
достарым!
Good morning , good
morning,
Good morning to
you!
Good
morning ,
good
morning,
I am glad to see
you!
Cұрақ- жауап
:
-
Жылдың қазір қай
мезгілі?
-
Бір жылда неше жыл мезгілі
бар?
-
Қазір қайсы
ай?
-
Көктемнің ерекшеліктерін
айтыңдар
Сабақтың
барысы:
-
Ал онда біз құстардың атын
есімізге түсірейік. Аққу, қарға, торғай, қарлығаш, сауысқан
(Экраннан құстардың атын айтады)
1.Дидактикалық ойын «Ұясына
қондыр»
Алдын-ала дайындалған
балапандарды белгілі ұяларға орналыстыру
ұсынылады.
2.Балаларды асықтарды таңдау
арқылы 3 топқа бөлеміз.
1 топ «Дәрумендер » тобы.
«Көкөністер мен жемістерді ажырат!»
2 топ «Жабайы аңдар» тобы.
«Кім қайда тұрады?» 2 дәптер,51 бет.
3 топ. «Үй жануарлары» .«Төлін
тап!»
3. Сергіту сәті. «Ханталапай»
ойыны.
4. «Сандар» кубигі. Баланың
қолындағы кубикте неше саны түссе, соны
атайды.
Арнайы тақтаға апта күндері
ілінеді,балалар сол апта күндерін атайды.
Бас бармақ-
әкем,
Балаң
үйрек-шешем,
Ортан терек-
ағам,
Шылдыр
шүмек-әпкем,
Кішкентай бөбек-
мен.
Бір үйде біз
нешеуміз?
Бір үйде біз
бесеуміз.
Біртіндеп бірге
атайды.
-
Ата, әже, ана,әке,
бала.
-
Балалар біздің отбасымыз үлкен
ағашқа ұқсайды. Алып бәйтерек. Ағаштың сабағы ата-әжеміз,
ата-анамыз болса, балалар жапырақтары және гүлдері. Ағаштың
жапырақтары жасыл,гүлдері әдемі болады.
-
Ал ендеше мына түрлі-түсті
гүлдермен ағашымызды безендірейік.
-
Ата-аналарымызды шақырайық,
оларда өз гүлдерін алып, көңіл-күйін
білдірсін.
-
Сабаққа белсенді қатысқандарың
үшін рахмет! Мен сендерге ыстық ықыласымды тәттілермен білдіргім
келеді.
Теміртау қаласы әкімдігі
Теміртау қаласының білім беру бөлімінің
«№4 «Дельфинчик»
бөбекжай»
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное
казенное предпрятие
«Ясли-сад №4
«Дельфинчик»
акимата города Темиртау Отдела
образования города Темиртау
Сабақтың
тақырыбы:«ПОДВИЖНЫЕ
ИГРЫ»
Дайындаған:
2
санатты
біліктілігі жоғары
деңгейлі
қазақ тіл
мұғалімі
Жанатбекова
Д.Ж.