400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы - өнеге айнасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілерге керек болады. Әр түрлі инновациялық әдістер қолданылған оқу қызметі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білімберу саласы: Қатынас

Тақырыбы: «Отбасы-өнеге айнасы»

Мақсаты:

Білімділік: Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Сыйластыққа, сүйіспеншілікке, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Билингвалды компонент: ана-мама-mather, әке-папа-father, әже-бабушка-grandmather, ата-дедушка-grandfather, әпке-сестра-sister, бөбек-малыш-baby.

Ресурстар: слайд, бейнетаспа, фото суреттер, фланелеграф.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысы:

І кезең: ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң, ұстазым!

Қайырлы таң, достарым!

Шеңберге тұрайық,

Жылулық сыйлайық,

Доброе утро, учитель!

Доброе утро, друзья!

Посмотрите друг на друга,

Пожелайте добра.

Good morning, good morning,

Good morning to you.

Good morning, good morning

I am glad to see you.


ІІ-кезең: ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? - Иә, ұнатамыз.

Ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жұмбақтың шешуін үш тілде жауабын айтуларың керек.

1.Айтары мол ғұлама,

Көп жасасын бұл адам.

Әкесі ол әкенің

Білер оны сұраған.

Ол кім? - ата-дедушка-grandfather

2.Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді

Кімге ешкім жетпейді?

Ол кім? - әже-бабушка-grandmother

3.Атаңның баласы,

Кей кезде таласып

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге.

Ол кім? - Әке-папа-father

4.Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей

Иісін жұпар аңқытқан

Ол кім? - ана-мама-mother

Бір сөзбен қалай айтамыз? -отбасы-семья-family

Өте жақсы балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

Отбасы дегеніміз не? Кім қалай түсінеді? - Отбасы-біздің үйіміз,анамыз,

ата-әжеміз.

-Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы

отбасында өтіп жатады.

Өте жақсы балалар, отбасы-бізге ең жақын адамдар. Бізді әркезде қолдап , қол ұшын беріп, көмектесетін, ақыл айтатын, жаман мен жақсыны, оңмен солды үйрететін ең жақын адамдар.

Балалар, отбасы мүшелері туралы кім өлең шумақтар біледі?


Нурия: Айтады ертек жан атам,

Ақ сақалды салалап,

Қүмарымды тарқатам,

Жермен көкті аралап.


Санжар: Әжемдей данадан,

Ертекке қанамын.

Шақырса даладан,

Жүгіріп барамын.


Ж.Амина: Бала бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.


Орыс тілінде өлең шумақтарын айтып беріңдерші


Адия:Любите и цените Счастье!

Оно рождается в семье,

Что может быть ее дороже

На этой сказочной земле!!!


Б.Кәусар: Семья это труд, друг о друге забота,

Семья это много домашней работы.

Семья это важно!

Семья это сложно!

Но счастливо жить одному невозможно!


С.Амина: Моя мама лучше всех:

Красивее и добрее!

Как люблю я мамин смех

Чем у всех он веселее!


Балалар біз енді ағылшын тілінде отбасына арналған өлең шумақтарын айтып берейік.

Қ.Кәусар:This my father,

This is my mother

This is my sister

And this is me.

C.Санжар: I love my father,

I love my mother,

I love my sister,

I love them all.

Арайлым: I have a father,

I have a mother,

I have a brother,

My family is big!


Ойын: «Мақалды жалғастыр»

1.Інісі бардың тынысы бар.....

2.Атаның көңлі балада.....

3.Атасыз үй батасыз.....

4.Аға әдепті болса,іні әдепті,

Апа әдепті болса,......

5.Ағадан –ақыл,

Ініден .....

6.Әжемді тыңдағаным,

Өзімді .....

7.Ана алдында-құрмет,

Ата алдында .....

8.Атаңа не қылсаң,

Алдыңа ......

9.Ата-бәйтерек,бала ......


Тыныштық сәті: Балалар қане көздеріңді жұмып ата мен әжелеріңнің, ана мен әкелеріңнің сендерді жақсы көргенде сендерді қалай жақсы көретіндерін еске түсіріңдерші.

Ғажайып сәт: Балалар қане көздеріңді ашыңдар бейне таспаға көңіл аударыңдаршы? Ғажайып бір тосын сый сыйлағым келіп тұр. (бейнетаспадан балалар ата-аналарының еркелеткен сөздерін тыңдайды)

Кім ойлап тапқан?

Сөздерді ең аяулы,

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын

«Күнім», «жаным» дегенді

«Құлыншағым» дегенді

«Қошақаным» дегенді,

«Айналайын» дегенді,

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан аналар.


Қандай керемет! Тамаша!Сендерді ата-аналарың қатты жақсы көреді екен. Сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым», «балапаным» деп аспандағы ғажайып нәрселерге, сүйкімді балапанға теңейді екен.


Ойын: «Кім жылдам?»

Шарты: балалар топқа бөлініп, музыка әуенімен билеп жүріп музыка тоқтағанда әріптерден сөздер құрастырады.


Сергіту сәті:

Әкетайым, әкетайым!

Мен мында, мен мында

Қал қалай? Қал қалай?

Тамаша! Тамша!

Апатайым, апатайым! Мен мында, мен мында

Қал қалай? Қал қалай?

Тамаша! Тамша!

Ағатайым , ағатайым! Мен мында, мен мында

Қал қалай? Қал қалай?

Тамаша! Тамша!


Әпкем менің, тәтем менің

Мен мында, мен мында

Қал қалай? Қал қалай?

Тамаша! Тамша!


Еркесі қайда? Серкесі қайда?

Мен мында, мен мында

Қал қалай? Қал қалай?

Тамаша! Тамша!


Где твой папа? Где твой папа?

Вот он я, вот он я!

Как дела? Как дела?

Хорошо! Хорошо!


Где же мама? Где же мама?

Вот я здесь, вот я здесь!

Как дела?Как дела?

Хорошо!Хорошо!


Где твой брат? Где твой брат?

Вот он я, вот он я!

Как дела? Как дела?

Хорошо!Хорошо!


Где сестренка? Где сестренка?

Вот я здесь, вот я здесь!

Как дела? Как дела?

Хорошо! Хорошо!

Where is brother?

Here I am, here I am

How are you? How are you?

Very well, very well!


Where is sister?

Here I am, here I am

How are you? How are you?

Very well, very well!


Where is baby?

Here I am, here I am

How are you? How are you?

Very well, very well!


Өте жақсы балалар енді « Бақытты отбасының сыры» көрінісін тамашалайық

Отбасы жылулығы, бақытты отбасы болу кімге және неге байланысты екен? Барлық отбасы мүшелереніне байланысты екен.

Бір-біррін құрметтеп, сыйлап жүру керек.



Шығармашылық жұмыс:

Балалар сендер демалыс күндері ата-аналарыңмен серуендегенді жақсы көресіңдер ме?

- Жақсы көреміз

Демалысты қалай өткізесіңдер?

Таза ауада ойнаймыз

Аққала жасаймыз

Жақсы, мен сендерге үйлеріңнен отбасыларыңмен бірге серуендеп жүрген суреттеріңді алып келуге тапсырып едім, ендеше сол суреттерден фланелеграфқа коллаж жасайық.

Тыныштық сәті:

Балалар көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс алайық.Сендер ең ақылды, ең тәртіпті баласыңдар, үнемі ата-аналарыңды тыңдап, сыйлап, құрметтеп жүресіңдер.

Жүректен-жүрекке:

Балалар шеңберге жиналып, Н.Әлімқұловтың «Балалы үй- базар» өлеңінің бір шумағын қайталайды.

Біздің үйден ән тарап,

Думандатар өмірді.

Біздің үйде салтанат,

Біздің үйде көңілді.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
940
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі