Тәрбие
сағатының тақырыбы: «Отбасы – ошақ басы
».
Мақсаты:1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы
білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын
дәріптеу.
2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау
қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын
дамыту.
3.Оқушыларды
ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге,
отбасы құндылықтарын сыйлауға
тәрбиелеу.
Сабақ түрі:
сыныптан тыс шара.
Әдісі:әңгімелеу, топтастыру,
сұрақ-жауап.
Көрнекі
құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер,
суреттер.
І.
Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу
назарын аудару.
І І. Негізгі
бөлім.
Жұмбақ
жасыру.
Маған да,
саған да,
Жақын, туыс
адамдар.
Бәрі де өз
жұртың,
Айтыңдар,
олар, кім ? (Отбасы)
- Ия
балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп
тұрсыңдар?
- Иә, бұл
суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы
сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп
отырмыз.
Отбасы туралы
әңгімелеу.
-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы деген не?
-Отбасы құрамы деген кімдер?
-Отбасының адам өміріндегі маңызы
қандай?
Отбасы –
адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол
ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат
баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын
орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да
алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру
ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық
тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру,
қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады.
Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi.
Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді
қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.Бала
отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана –
жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы
шағының үш тағаны іспеттес.
Ендеше үш
топқа бөлінейік.
«Ана»
тобы. Ана туралы
жыр.
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен
танимын.
«Әке»
тобы. Әке туралы
жыр.
Жас едім
өмірге еркін бойламаған,
Күні ертең не боларын ойламаған
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
Шарықтап кетсем,
Дағы қанат қағып,
Өзіңдей қамқор әке қайда маған.
«Бала»
тобы. Бесік
жыры.
Айым болып
тудың ба?
Күнім болып
тудың ба?
Әке жолын
қудың ба?
Ата жолын
қудың ба?
Бұл дүниеге
келген соң,
Сұрауы бар
судың да.
Мәнерлеп
оқу.
1 –
оқушы: Аналарға. Естеу
Нүсіпбеков.
Анасыздар,
әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
Анасыздар —
Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.
Өр десек те
сіздерді, — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.
Анасыздар,
кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер —
Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
Біз
сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
2 –
оқушы: Әкем біреу,
анам да біреу менің. Ф.Оңғарсынова.
Әкем біреу,
анам да біреу менің,
Мен жығылсам
сүйенер тіреулерім.
лар барда
мереке, көрген емен
Қабақтарын
шытқанын, түнергенін.
Менің досым
әкесін жек көреді,
«Бізбен ісі
жоқ оның» деп сөгеді,
Жамандайды
сыртынан, тістенеді,
Бір-біріне
бітпейді өкпелері.
Дос тапса да
адамдар, тапса-дағы,
Әке жалғыз,
табылмас ақшаға да,
Жамандасаң
әкеңді, саған әкеп,
Жақсы әкесін
бере ме басқа бала.
Әке – білек,
саусағы – балалары,
Қан тамырмен
жалғасқан аралары,
Ана - тамыр
бойымен бәріне де,
Тіршіліктің
жылуы таралады.
Топтық
жұмыс.
1.Отбасындағы әкенің
орны.
2.Отбасындағы ананың
орны.
3.Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып,
бақытты өмір сүруі үшін қандай бала болуларың
керек?
«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық
сұрақтар.
Ана
тобына
1. Сенің өзіңе жақын адал достық бар, бірақ
онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не
істейсің?
2. Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені
қатты сөкті. Сен не істейсің?
Әке
тобына
1.Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалатын оқушы
бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?Сыныптасың ретінде не
айтар едің?
2. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді
бағалап ертеңге жұмыс тапсырды.
Бір себептермен
сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не
істейсің?
Бала тобы
1. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен
оқушы бар. Ол оқушыға көзқарасың қандай? Сыныптас досың
ретінде не айтар едің?
2. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі
болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп
көңілін көтергің келеді. Сенің
әрекетің, не істейсің?
Сұрақ –
жауап:
1 топ.
Ана
тобына
1. Балдан
тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ
иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға
кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден
балаға беріледі. (мұра)
5. Үйде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес
дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек ,
бекер мал шашпақ)
2
топ. Әке тобына
1. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат,
рақым)
2. Үш
арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Отбасын
кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке,
сіңілі,
іні.)
4. Ұл мен
қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға,
іні)
5. Отбасының
әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау,
айтқан
ақылдарын
тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге -
көмекші.
6. Неке
дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті
одағы)
7. Отбасының
бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата -
анасына)
3 топ.
Бала тобы
1. « Үлкенге
көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын
көтеріп,
айтқандарын
істеу керек.)
2. Отбасының
ұйтқысы кім? ( Ана)
3. Отбасының
басшысы кім? ( Әке)
4 Жеті
қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер
жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)
5. Ер
жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт,
нағашы)
6. Сенің
туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы
ата)
7. Ат – ана
алдындағы борышты қалай өтеуге
болады?
Мақал -мәтелдің жалғасын
табу.
1.Атаға қарап -
...............,
Анаға қарап -
..................
2. Ананың көңілі балада,
..........................
3. Ата-ананың қадірін -
................................
4. Ұяда не көрсең ,
....................................( ұшқанда соны
ілерсің)
5. Балалы үй
базар, ..................................( баласыз үй қу
мазар)
6. Ата
көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон
пішер)
7. Ананың
сүті – бал, ................................( баланың тілі –
бал)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. (
бала)
9. Әке –
асқар тау, .............................( ана- шалқар
көл)
10.«Жеті
атасын білмеген:
................(жетесіз»),
11.Ата
көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон
пішер)
12.Әке тұрып
ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен
без)
«Бақытты
отбасы модулін» аяқтау. (оқушылар отбасы туралы
сурет салады)
Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін
іргетасы мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы
үшін оның мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы
керек.
Қорытындылау.
- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз,
қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы
айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы
мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік,
бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!Отбасының
екі тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана. Әке мен шеше
баланы әлеуметтендіретін басты тұлғалар. «Бала тәрбиесі – бір өнер,
өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды
тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз
тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы
керек. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен
балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін
берсін.