400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

"Отбасы - Отанымыздың ошағы" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал жас мамандарға, қмж жоспарын жасай алмай жүргендерге көмек ретінде жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: 4 бөлім

Отбасы – Отанымыздың ошағы

Мектеп: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы Теңге ауылы №17 орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Онербаева Ақбике Амангелдиевна

Сынып: 6

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы

Жүзеге асатын оқу

мақсаттары

Т/А.6.1.4.1 - мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.

ӘТН.6 4.2.1 - екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы орындай алады:

Мәтін мазмұнын түсінеді, құрылымдық ерекшелігін анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады.
Оқушылардың кейбірі орындай алады:

Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдана алады.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийі

  • Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;

  • Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды, екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолданады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

отбасы, Отан, дәстүр, тәрбие

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Менің ойымша, себебі, олай болса, түсінемін, ойлаймын

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы қайдан басталады?

- «Отбасы-Отанымыздың ошағы»- дегенді қалай түсінесіздер?


Құндылықтарға баулу

Ұлттық және отбасы құндылықтар

Пәнаралық байланыс


Өзін-өзі тану


Алдыңғы оқу


Әдептілік, ар - ұят- адамдықтың белгісі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

7 минут

Ұйымдастыру

Оқушыларды топқа бөлу

«Бұрыштар» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлемін. Оқушылар әр түрлі түстегі стикерлер таңдайды, стикердегі жазылған «Ата», «Әже», «Немере» сөздері жазуы түскен оқушылар «Ата», «Әже», «Немере» топтарына отырады.


Ширату жаттығуы

1.Әдептілік туралы мақал-мәтелдер білесіздер ме?

2.Әдептілікті бізге кім үйретеді?

3. «Әдеп» сөзінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Отбасы, Отан, тәрбие сөздеріне сәйкес келетін суреттер беріп, оларды өзара байланыстыру, тыңдалымға дайындық жүргізу болжам жасату.


1.Оқушылар осы суреттерден нені байқадыңдар?

2.Отбасыны кімдер құрайды?

3. Отбасының міндеті кімдерге негізделген?

4.«Отбасы-Отанымыздың ошағы»- дегенді қалай түсінесіздер?


Дескриптор:

Суреттер арқылы тақырыпты болжайды.

Қалыптастырушы бағалау:

Ауызша (негізгі мәселені болжай білдіңдер,

жарайсыңдар, өте жақсы, т.б.) кері байланыс беремін.

Суреттер топтамасын интернеттен алдым.


«Бұрыштар» әдісі Оқушылар әр түрлі түстегі стикерлер таңдайды, стикердегі жазылған «Ата», «Әже», «Немере» сөздері жазуы түскен оқушылар «Ата», «Әже», «Немере» топтарына отырады.


Қазақ тілді мектептердегі «қазақ тілі» және «қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасынан

3-күн 6 –үлестірмеден.


Ортасы

10 минут





























10 минут




















5минут тапсырманы оқуға

Тыңдалым тапсырмалары

1-тапсырма. Оқушылар «Бақытты отбасы» атты ертегіні бейнежазбаданкөріп тыңдайды.

«Допты лақтыру» әдісі арқылы жетекші сұрақтар қоямын. Допты қағып алған топ сұраққа жауап береді.

- Ертегідегі кейіпкерлер кімдер, оларға қандай баға бересіз?

- Сабыр немен айналысады?

- Сабыр көп еңбектенсе де неге бай болмайды?

- Сабыр табысын неге төртке бөледі?

- Сабыр кімнің қарызын өтейді?

- Сабыр кімге қарыз береді?

- Сабыр табысының үшінші бөлігін не істейді?

- Сабыр табысының соңғы бөлігін қайда жұмсайды?

- Бұл ертегі бізге қандай ой тастайды?

- Ертегіден не үйрендіңдер?

Дескриптор:

1. Ертегіні тыңдай отырып мәтіннің құрылымдық ерекшеліктерін анықтайды.

2. Мәтіннің мазмұнын түсінеді, жетекші сұрақтарға жауап беріп негізгі ойды анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау:

Ауызша (жетекші сұрақтарға жақсы жауап бердіңіздер, жарайсыңдар, ойыңды нақтыла, ойлан, т.б.) кері байланыс беремін.

Графикалық (Оқушылар бірін-бірі бағалайды).


2-тапсырма

«Ойлан – жұптас- бөліс» әдісі арқылы әр топқа тапсырма беремін.

  1. «Ата» тобының тапсырмасы.

«Отбасы – Отанымыздың ошағы» тақырыбында мәтін беремін сол мәтіннен үш сөйлем көшіріп жазып, сөз екпінін қойыңдар.

  1. «Әже» тобының тапсырмасы.

«Отбасы» тақырыбында өлеңнің бір шумағы беріледі, өлеңді жалғастырыңдар, сөз екпінін қойыңдар.

  1. «Немере» тобының тапсырмасы.

«Мен және менің отбасым» тақырыбына эссе жазыңдар. Ондағы ой екпінін көрсетіңдер.

Дескриптор:

1.Берілген мәтіннен үш сөйлем көшіріп жазып, сөз екпінін қояды.

2.Өлеңді жалғастырып сөз екпінін қояды.

3.Эссе жазып, ой екпінін көрсетеді.

Қалыптастырушы бағалау:

Жазбаша (сөз екпінін дұрыс қойғансың, өлең жолдарын жақсы жалғастырғансың, алайда, ұйқастарға мән бер, эссе жазу талаптарын ескер, келесіде мұқият бол, жүйеллік сақта, т.б).

(жұлдызшалар беремін).


YouTube бейнежазба аламын

«Допты лақтыру» әдісі мұғалім допты лақтырып сұрақ қояды, допты ұстап алған топ оқушысы жауап береді. Жауап береалмаса келесі оқушыға береді.














Қазақ тілді мектептердегі «қазақ тілі» және «қазақ әдебиеті» пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасынан

3-күн 6 –үлестірмеден.


Соңы

8 минут

Рефлексия: «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қорытындылау

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер




Үй тапсырмасы. Оқулықта берілген шешендік сөздерден ой екпінін тауып көшіріп жазыңдар.










Арман – пв оқулығынан

Т.Н. Ермекова

К.Ә.Бертілеуова

Г.Б.Тоқтыбаева

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз

Оқу мақсатының негізінде сабақ мақсатын саралаймын.

Оқу мақсатына жету үшін тапсырмаларды саралап аламын. Тапсырмаларды оқушының жас ерекшелігін, қажеттілігін, деңгейін ескере отырып дайындаймын.

Оқушыларға бірдей тапсырма ұсынамын, тапсырманы орындау барысында оқушы деңгейі анықталады.

1-тапсырмада мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтауда барлық оқушы мәтіннің мазмұнымен танысады, ал көпшілігі негізі ойды анықтайды . Кейбірі берілген жетекші сұрақтарға жауап бере алады.

2-тапсырмада әр топқа берілген мәтін, өлең, эсседен екпіннің түрлерін сөз және сөйлем ішінде табады.

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз

Бағалау қалыптастырушы бағалау түрінде жүргізіледі.

Оқушылардың жауабына қарай ауызша (негізгі мәселені болжай білдіңдер, жарайсыңдар, өте жақсы, т.б.),

жазбаша (сөз екпінін дұрыс қойғансың, өлең жолдарын жақсы жалғастырғансың, алайда, ұйқастарға мән бер, эссе жазу талаптарын ескер, келесіде мұқият бол, жүйеллік сақта, т.б). түрде кері байланыс беріледі Оқушылар бір-бірін өзара бағалайды.

Пәнаралық байланыс –

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс.

Құндылықтар мен байланыс

(тәрбиеэлементі).

Оқуды жақсарту үшін сабақ өзін – өзі тану пәнімен байланыстырылады, АКТ қолданылады. «Мәңгілік ел» құндылықтары негізінде отбасылық құндылықтарды құрметтеуге бағытталатын тапсырмалар беріледі.


Рефлексия Сабақтың мақсаты

мен оқу

міндеттері

орындалды ма?

Бүгін оқушылар

не үйренді?

Сабақ қалай өтті,

қандай деңгейде

өтті?

Жоспарланған

саралау жақсы

іскеастыма?

(тапсырмалар

сәйкесболдыма?)

Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма

қандай өзгеріс

енгіздім және

неге?


Сабақтың мақсатымен оқу міндеттері орындалды.

Мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтауды, екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдануды үйренді.

Сабақ өте жақсы, жоғары деңгейде өтті.

Жоспарланған саралау жақсы іске асты тапсырмалар

сәйкес болды. Берілген тапсырмалар белгіленген уақытта орындалды, тапсырмалар оқу мақсатына сәйкес берілді.

Уақытты тиімді пайдаландым.

Жоспарыма ешқандай өзгеріс енгізбедім. Өйткені, мақсат СМАРТ-қа негізделген нақты, шынайы, қолжетімді, өлшенген, уақыты шектеулі.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1: «Доп лақтыру» әдісімен берілген жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтады.

2: «Ойлан – жұптас - бөліс» әдісі арқылы берілген мәтіннен сөз екпінін тапты, өлеңді жалғастырып сөз екпінін тапты және эссе жазып ой екпінін анықтады.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытумен оқуға қатысты)?

1: Тыңдалым және айтылым дағдыларына байланысты түрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындағанда мүмкін сабағым оданда жақсы өтер ме еді.

2: «ЭСӘТ» әдісі арқылы мәтінге талдау жұмыстары жүргізілгенде, оқушылардың ойлау дағдылары қалыптасар еді.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1: Кері байланыс алу арқылы оқушылардың келесі сабақта нені білгілері келетінін білдім.

2: Қандай әдіс-тәсілді қолданғанда белсенділік танытқанындары жөнінде ақпарат алдым.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
2884
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі