Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасы - тәрбие негізі.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мектеп: |
Б.Нұрлыбеков атындағы жалпы орта мектебі |
||
Мұғалім: |
Байгунова Г.А. |
||
Сыныбы: |
6 «Д» |
||
Сабақтың тақырыбы: Күні |
Отбасы – тәрбие негізі 04.10.2021 ж. |
||
Сабақтың мақсаты: |
Ата-анаға тәрбиенің негізі - отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі жауап-кершілігінің жоғары екенін ұғынуға ықпал ету. Баламен қарым-қатынасты жақсартып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуге үштік одақтың, яғни «ата-ана-оқушы-мектеп»тің маңыздылығына көз жеткізу. |
||
Сабақтың міндеті: |
Еліміздің жас ұрпағы-қазіргі мектеп оқушыларының тәрбиесін толыққанды ету үшін мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтып, адами қарым-қатынас ізгіліктерін насихаттау. |
||
Сабақтың нәтижесі: |
Келген қонақтар мен ата-аналар бала тәрбиесінің негізі отбасы екенін, сондай-ақ бұл күрделі де жауапты мәселеде ұлттық құнды-лықтардың және үштік одақтың маңызды рөл атқаратынын ұғынады. |
||
Ресурстар: |
Видеопроектор, стикерлер, А3 форматты ватман, постерлер, маркерлер ж/ е т. б. |
||
Әдіс-тәсілдер: |
«Мен кіммін?».Ой қозғау(бейнеролик).Топтық жұмыс «Біздің пікіріміз...».Ситуациялық сұрақтар ( ситуацияларды сахналау).«Керуен» жаттығуы. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Әдебиет,өзін-өзі тану |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың құрылымы |
Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
|
Сабақ басы 3минут 5 минут 7 минут Сабақтың ортасы 10минут 10 минут Сабақтың соны 5 минут |
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата - аналар, әріптестер, оқушылар! Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныс болыңыздар. Жоспар: 1.Танысу. 2.Ой қозғау. 3.Топтық жұмыс. 4.Ситуациялық сұрақтар (сахналау). 5. «Керуен» жаттығуы. 6. Қорытынды. «Өмір-теңіз, онда жүзем демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз» деп данышпан Рудаки айтқандай өмір ағысы, тыныс-тіршілік- бәрі теңіздей терең, бірде тыныш, бірде дүлей. Ал сол теңіздегі сапарда адамдардың ізгі қасиеттері ғана көмек бола алады.Бүгін сіздермен өткізгелі тұрған тәрбие сағатымызды бастардан бұрын сіздермен танысып алсақ. 1
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын мына бір видеороликті көріп болған соң анықтасақ? Не дейсіздер? 2 Бүгін сіздермен өткізілгелі тұрған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасы- тәрбие негізі» деп аталады. Адамның қарым-қатынас ортасы –бірінші отбасында жүзеге асады. Бала бойына ізгі қасиеттерді сіңдіру, тәрбиелеу-ата-ананың борышы. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асыратын адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Бала тәрбиесі отбасынан басталады, отбасында қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы-жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі-отбасында жайлы, жақсы климаттың болуына тікелей байланысты. Баламыз өз орнын тауып, бақытты өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық. 3.Топтық жұмыс. «Біздің пікіріміз...» (Постер қорғау). Бала-ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге, менің маңдайыма кірсін» деп перзенттін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Балаға дұрыс тәрбие беруде оны танып-білу, жан дүниесін ұғу маңызды. Топтарға тапсырма: «Ұстаздар» тобы - «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін», «Ата- аналар» тобы-« Бала тәрбиесіндегі мұғалімнің рөлін», «Баланың отбасындағы және мектептегі рөлі» - постерге түсіріп, ортада қорғайды.
« Ата-аналар» тобы: «Балаңыз мектептен ашуланып келді. Мұғалімнің ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қалай әрекет етер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, мұғалім. « Ұстаздар» тобы: «Дидар сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ тү-сіндіріп жатты.Дидар сабақты тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушы-ларға да тыныштық бермеді. Мұғалім Дидарға ескерту жасады. Дидар үйіне барып ата-анасына шағым жасады. Ата-анасы директорға кіріп, айқай шы-ғарды.Сіз не істер едіңіз? Рөлде: ата-ана, бала, директор, мұғалім.
Ғ алымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы-бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен. Сіз балаңызды таңертең ұйқыдан қалай оятасыз? (жаным, алтыным, ақылдым,батырым, сәнім, күнім, айым) 5.«Керуен» жаттығуы. Қатысушылар бір-бір қоржынға өз тілектерін жазып салады. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Көш жүре түзеледі. Баланы азамат етіп тәрбиелеуде ізгілік дәнін себуден жалықпаңыздар. Ата-бабамыз салған жолда керуеніміз жаңылмасын.
7. Қорытынды. Отбасы-өмір аясы. Отбасының беріктігі мүшелерінің бір-біріне деген адал, адами қарым-қатынасы негізінде сақталады. Отбасы ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптас-тырудағы рухани-адамгершілік бастауы.Әрбір отбасында сенім, сүйіспеншілік пен түсіністік болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық мәселелері отбасы тәрбиесінің құрамдас бөлігі. «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс.Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн» деген Мағжан Жұмабаевтың даналық сөзін естен шығармайық.Осымен «Отбасы – тәрбие негізі» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл бөліп, тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет.
|
Презентация Слайд 1 Слайд 2 Маркер, А3 |