400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

«Отбасы - тәрбиенің ұясы» баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне, тәрбиешілерге керек. Ата-аналармен жұмыстануға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бекітемін:------------

интернат меңгерушісі: А.С Танбаева



Баяндама: «Отбасы - тәрбиенің ұясы»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы.

Мен баяндамамның алғашқы сөзін шығыс ғұламасы Әл-Фарабидің сөзімен бастағым келеді: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» делінген. Осыған байланысты мектебімізде баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім және ата-ананың орны бөлек. Ата- ананың басты қуанышы- бала. Ата- ананың басты- қазығы, алтын тіреу діңгегі- бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты; баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан -жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Ардақты ата-аналар! . Баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім-тәрбиелік жарасымдылық мектеп пен ата-ана әлеуметтік орта, бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады) Халық «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтпаған. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бейім болатыны баршамызға аян.

Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.

Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан- жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін- ұстаз болса, оның сүйеніші ата- ана. Сондықтан ата -ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса,

18 сағат өз отбасында тәрбие алады.  Ата-ананың тәрбиесі-бала мінезінің іргетасы.  Баланың бағыт-бағдар алатын шамшырағы .  Сіздер өз балаларыңызды өзінің әр қадамдарыңызбен, әр қылықтарыңызбен тәрбиелейсіздер. Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесік. Ата-аналар қауымы бүгін сіздер өз балаларыңыз оқып, нені меңгергеннен хабардар болып, сынып жетекшілерімен пән мұғалімдермен тығыз байланыста болып өз ойларыңызбен бөлісесіздер ме? Осы мақсатта мен сіздермен сауалнама арқылы қарым-қатынастарыңды анықтағым келіп тұр.

Ата-ананың міндеті:

1.    Балаңыздың сынып жетекшісімен тығыз байланыста болуы;

2.     Сабақтан келген балаңың күнделікті күнделігін тексеріп, көмек көрсету;

3.     Мектепішілік ата-аналар жиналысына қатысу;

4.     Сыныптың ата-аналар комитетінің төрайымымен байланыста болу;

5.     Балаңыздың мектептегі жағдайын жасау барысында өз еркінізбең оқу-тәрбие іс-шараларына қаржылық көмек көрсету;

6.     Мектептегі ашық есік күні балаңыздың сабағына қатысу;

Ата-аналар кодексінде:

-Ата-ана ерекше жағдайда ғана емес, тәрбиемен ұдайы айналысуға міндетті;

-Баланы тәрбиелеу үшін ата-ана өзіміз тәрбиелі болуымыз керек. Тәрбие беру-ақыл айту емес;

-Баланы жақсы көргендізінізді мейірімді, жылы сөзбен жеткізіп отырыңыз;

-Мектептегі жағдайды жақсарту мақсатында ұсыныстар айтуға құқыңыз бар.

Ата-ана ескеруі тиіс:

-  Беймезгіл уақытта қыздардың ерлермен оңаша сөйлесуіне шек қою.  Кеш түсісімен үйде болуын, сыртта болса, естияр біреудің назарында болуын ескерту;

-  Телефонмен сөйлесуін қадағалау.  Қыздардың бірінші болып ұлдарға орынсыз қоңырау шалмауына ақыл-кеңес беру;

-  Балалардың бір-біріне ретсіз сыйлық жасауын шектеу.  Сыйлық берер кезде ата-ана кеңесін де ескерерліктей ету;

-  Қатаң талап қоямын деп өзіңізден қашықтатып алуға, өтірік айтуға еріксіз итермелелеуіңіз мүмкін;

- Шынын айтқан баланы жазаламау керек.  Түсіндіріп ескерту берген дұрыс;

- Балаға сын айтқанда ешқашан оның жеке басын кемітуге болмайды, ескертуді іс-әрекетіне қатысты айту керек;

- Орындалмайтын қоқан-лоққы көрсетіп, (мысалы, «құлағыңды кесіп алам», «көзіңді оямын» т.б.) тәрбиені нәтижесіз етуге болмайды;

- Басқа балаларды үлгі етерде, өз балаңызды төмендете сөйлеуден сақ болыңыз.

- Балада өшпенділік, көре алмаушылықтың дәнін егесіз;

-  Үнемі кемшілігін тауып, бетке басқаннан баланың ықыласы құриды.  Кейде кемшілікті байқамаған боп, пікірді іште сақтап та қалған дұрыс.

Ата-аналарға арналған этикалық кодекс

 1. Мектеп білім ошағы екенін есте ұстаңыз.

2. Мұғалімнің қоғамдағы рөлін бағалаңыз,қолдау көрсетіңіз.

3. Бала тәрбиесі тек мұғалімнің ісі емес,ортақ іс екенін ұмытпаңыз.

4. Мектеп туралы,мектепте болған жағдай туралы анық-қанығына көз жеткізбей тұрып ,бөгде орындарға таратпаңыз.

5. Мектеп – балаңыздың екінші үйі екенін түсінсеңіз,өзіңізді де сол үйдің мүшесімін деп есептеңіз.

6. Мектепішілік және сыныптағы ата-аналар жиналысынан қалыс алмаңыз.

7. Өз балаңыздың мектептен тыс уақыттағы өміріне аса үлкен жауапкершілікпен қараңыз.

  8. Балаңыз сапалы білім алсын десеңіз оған мектепке қажетті құрал-жабдықтарын уақытылы әперіңіз.

9. Балаңыздың денсаулығы мен жеке басының тазалығына және киіміне жауапты қараңыз.

10. Өз уақытымен балаңыздың оқу процесін,күнделігін,дәптерін қадағалап отырыңыз.

11. Егер мектепке сабақ уақытында келсеңіз, сынып жетекшісін немесе балаңызды арнайы күту орнында күтіңіз.

12. Өз мүмкіндігіңізге қарай мектепте өтілетін, қала көлемінде өтілетін мерекелік шараларға,байқауларға қатысыңыз.

13. Өз еріктерімен әрбір ата-ана мектепке ұйымдастырушылық,ақпараттық және материалдық көмек көрсете алады.

  14.Мектеп ішінде, сыныпта бола қалған қиын  мәселелі жағдайларда оны мынадай тәртіппен шешуге тырысыңыз:

1.     Сынып жетекшісі;

2.     Пән мұғалімі (қажет жағдайда);

3.     Директордың тәрбие ісі жөніндегі

        орынбасары;

4.     Мектеп басшысы. ( директор



Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық,көмектесу. Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт. Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады. Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды. Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол.

Баланың жан дүниесі – мына тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар.

Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек.

Қорыта айтқанда осы жүрек сезімдерің арқылы ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігін баласезінеді және олар үшін бақыт,

Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

-Қателігін түсіне білетін,

Дұрыс жүріп, күтіне білетін,

Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,

Білімді жинап, дүниені шолатындай, - балаларыңыз, үлкен азамат болып өссің!

Сөз соңын ұлы ұстаз Макаренконың: "Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз деймін құрметті ата-аналар ,тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.







« Отбасы - тәрбиенің ұясы »





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 мамыр
1500
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі