жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Отбасы -аялы алақан мекені"
«Бекітемін»
Мектеп директоры
-----------Ә.Мелдебек
Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз
келсе ,ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы,
ең бастысы перзенттерінің алдындағы
жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар
балаларына, ал балалар өздерінің ата-аналарына
қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда
құрметке ие болғанда- еліміз үшін алаңдамауға
болады.
Н.Ә.Назарбаев.
Сабақтың тақырыбы: Отбасы-аялы алақан мекені
Сабақ мақсаты:
а) отбасы, оның бала тәрбиесіндегі алар орны, отбасындағы қарым-қатынас, өзара сыйластық туралы түсінік беру
ә) отбасында ата-анасын сыйлауға, өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру
б)кішіпейіл, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: интергацияланған сабақ
Сабақтың әдісі: тыныштық сәті, топпен жұмыс, интервью әдісі, «Перзентімді
қаншалықты білемін?» ойыны
Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайдтар, бейнеролик, отбасы туралы нақыл
сөздер, үнтаспа.
Сабақ барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: (1 минут)
-Саламатсыздар ма құрметті қонақтар, ата-аналар және оқушылар! Сабағымызды ҚР-ның Мемлекеттік Гимнімен бастасақ!
ҚР-ның Мемлекеттік Гимні орындалады. (2минут)
Топқа бөлу (мозайка құрастыру арқылы) 2 минут
Оқушылар қағаз қиындыларынан мозайка құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді
Құрастырған сюжетті суреттерден «Отбасы-аялы алақан мекені» атты сөйлем
шығады.
Ата-аналар бір топ құрап отырады.
Тыныштық сәті: «Жақсылық сезімі» (3 минут) (тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі)
Ата-аналар мен оқушылардың пікірлерін тыңдау

Ата-аналардың тыныштық сәтінен алған
әсерлерімен бөлісу сәті.
Мұғалімнің сөзі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: « Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы перзенттерінің алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда-еліміз үшін алаңдамауға болады» деген еді халыққа арнаған жолдауында. Біз осы Жолдауда айтылған міндеттерді орындауға аз да болса өз үлесімізді қосу мақсатында бүгінгі тәрбие сағатымызды ұйымдастырып отырмыз.Ендеше 8-сыныптың «Отбасы-аялы алақан мекені» атты сабағымызға қош келдіңіздер!
Отбасы –шағын мемлекет. Отбасы мүшелері өз істерін білсе, онда жанұяда жылулық, татулық, сыйластық болады.Ендеше кезекті тапсырмаларға берсек:
1-тапсырма: Мақал-мәтел құрастыру 2 минут
Топтарға қобдишаның ішіндегі
қиындылардағы сөздерден мақал-мәтел құрастыру тапсырылады.Топтар
құраған мақалдарын оқиды.
Мақал-мәтел құрастыр
Мұғалім сөзі:
Перзент-әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан.Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Перзент әкеге көбірек арқа сүйейді, сол үшін де әке шыншыл, еңбекқор, рухы биік болуы керек.Әке тілегін, әке үмітін ақтау-перзенттің қасиетті міндеті.
Бейнеролик «Менің әкем өтірікші» 10 минут
Бейнероликтің соңы немен аяқталатыны туралы топтардың пікірін тыңдау
Бейнероликтің соңын
тамашалау

Бейнероликті жалғастыр... Бейнероликтің соңы немен аяқталатыны туралы оқушылардың пікірлерін білдіру сәті.
Мұғалімнің сөзі:
Отбасы –адам баласының өсіп –өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.
Ендеше бүгін біздің сабағымызға арнайы «Қазақстан Ұлттық арнасынан» тілшілер келіпті. Олардың қонақтарға және ата-аналарға қояр бірер сұрақтары бар екен. Кезекті тілшілерге берсек.
«Интервью» әдісі (4 минут)
Тілшілер қонақтар мен ата-аналарға сұрақтар қояды

Ата-аналардың жас тілшілердің сұрақтарына жауап беру сәті.
Мұғалімнің сөзі:
Бала жүрегі теңіздің тереңіндей тұңғиық. Оның көзінен бір тамшы жас тамса ана жүрегі қоса ауырып баласының бабын табуға тырысады.
Ендеше кезекті «Перзентіңізді қаншалықты білесіз?» тренингіне берсек:
Ортаға үш ата-ана шығады
Сұрақтарға жылдам, шынайы жауап береді. (3 минут)
Балаңыздың туған күні
Сынып жетекшісінің аты-жөні
Балаңыздың парталас көршісі кім?
Балаңыздың аяқ киімінің өлшемі
Балаңыздың сүйікті асы
Балаңыз кеше қандай баға алды?
Балаңыздың жақсы көретін түсі
Балаңыздың спорттың қай түрін ұнатады?
Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?
Балаңызды қандай сөздермен еркелетесіз?
Балаңызға ашуланғанда ең алдымен аузыңызға түсетін сөз
Балаңыздың ең жақын досы кім?
«Перзентіңізді қаншалықты білесіз?» тренингін өткізу сәті.

Мұғалімнің сөзі:
Оқушылардың ата-аналары мен қонақтарға арнаған тілегін тыңдайық. 2 минут
Оқушылар тілектерін айтып, қонақтар мен ата-аналарға сыйлықтарын ұсынады

Жүректен шыққан жылы лебіздер. Оқушылардың ата-аналарға гүл шоқтарын сыйлаған сәті.
Мұғалімнің сөзі:
Ата-анаға көз қуаныш
Алдына алған еркесі
Көңіліне көп жұбаныш
Гүлденіп ой-өлкесі,-деп, Абай атамыз жырлағандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің отансүйгіш, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпақтарын тәрбиелейік, және біз ата-аналар оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық!
«І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Интеграцияланған сабақ
Пән мұғалімі: Г.Мирзакулова
2017-2018 оқу жылы
«Бекітемін»
Мектеп директоры
-------------Ә.Мелдебек
Мектеп: І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі
Мерзімі: 27.10.2017ж
Тақырып: Отбасы-аялы алақан мекені
Құндылық: сүйіспеншілік
Қасиеттер: татулық, бірлік, мейірімділік, әдептілік
Мұғалім: Мирзакулова Гулжазира Баибосиновна
Сынып: 8 Оқушылар саны:
|
Сабақтың мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсінік қалыптастыру Сабақтың міндеттері: а) отбасы, оның бала тәрбиесіндегі алар орны, отбасындағы қарым-қатынас, өзара сыйластық туралы түсінік беру ә) отбасында ата-анасын сыйлауға, өз ойын ашық айта білуге дағдыландыру б) кішіпейіл, тәртіпті, мейірімді болуға тәрбиелеу Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі А) Сәлемдесу 1 мин Ә) ҚР-ның Мемлекеттік Гимнін орындау 2 мин Б) Топқа бөлу 2 мин
В) Тыныштық сәті 4 мин (баяу әуен қойылады) Жақсылық сезімі . Сендердің жүректерің —
сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады.
Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің
жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, қане жақсылық
сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге,
өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,
маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға,
бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік. |
Ресурстар (құрал-жабдықтар, мәліметтер) Сюжетті суреттер қиындылары Оқушылар қағаз қиындыларынан мозайка құрастыру арқылы 2 топқа бөлінеді Құрастырған сюжетті суреттерден «Отбасы-аялы алақан мекені» атты сөйлем шығады. Ата-аналар бір топ құрап отырады үнтаспа Ата-аналар мен оқушылар тыныштық сәтінен алған әсерлерімен бөліседі |
|
Мақал-мәтел құрастыру 5 мин |
Топтарға қобдишаның ішіндегі қиындылардағы сөздерден мақал-мәтел құрастыру тапсырылады.Топтар құраған мақалдарын оқиды.
|
|
Мұғалім сыйы 12 мин Бейнеролик «Әкем менің өтірікші» |
Бейнероликтің соңы немен аяқталатыны туралы топтардың пікірін тыңдау Бейнероликтің соңын тамашалау
|
|
Интервью әдісі 6 минут |
Тілшілер қонақтар мен ата-аналарға сұрақтар қояды
|
|
«Перзентімді қаншалықты білемін?» тренингі 4 мин
|
Ата-аналарға балалары туралы сұрақтар қойылады. Жылдам жауап береді |
|
Топпен тілек айту 4 мин (баяу әуен қойылады) |
Оқушылар ата-аналары мен қонақтарға арнап тілек айтады.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген