15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы -бақыт мекені
«Өзiн-өзi тану» пәні бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Тақырып: Отбасым – бақыт мекені
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Сыйластық , тілалғыш , қамқорлық.
Мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығын ашу.
Міндеттері: Балаларға сыйластықпен қарау туралы білім беру. Балалар бойына қамқорлық қасиеттерін дамыту. Балаларды сыйластыққа, тілалғыштыққа , қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: Отбасы туралы суреттер топтамасы, дәйексөз, түрлі -түсті бояу карандаштар,ақ қағаз.
Балабақша №41 «Назерке» МДҰ Мерзiм 15.09.16. № 3
Тәрбиеші Исмагулова Ж.Ж. Топ _№ 2 «Айгөлек» мектепалды даярлық тобы Бала саны____
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиеші әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық Ұйымдастыру кезеңi Шаттық шеңбері
Жағымды күйге келу |
5 «Т». -Тәртіп -Талап -Тазалық -Тыныштық -Татулық Біз қандаймыз , қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз . Күлімдеген күндейміз , Ренжуді білмейміз . Тыныштық сәті. «Тыныс алу жаттығуы» Көздерін жұмғызу. |
Балалар өтініштерді орындайды. Балалар өлең жолдарын қайталайды.
Ерекше сезімге бөленгендерін айтып береді. |
Ұйымдастырушы лық- ізденушілік Әңгiмелеу
Дәйек сөз
Тәрбиеші сыйы
Сергіту сәті Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. |
« Жанұя ». А Асылбеков оқып беру. №3 Сенде де бар жанұя , Менде де бар жанұя . Үлкенде де , кішіде ,Жанұя бар әрбір кісіде. Жанұя бары шуақ қой , Қуаныш пен қуат қой. М.: - Жанұя дегенді қалай түсінесің ? - Жанұя мүшелерін атайықшы ? - Жанұядағы ең қымбат адам кім деп ойлайсың? Қ.:Тілалғыш бала деп кімді айтамыз ? - Бір- біріңізді қалай жақсы көресіңдер ? - Біз бір – бірімізге қамқор бола білеміз бе ? « Жақсы ойла және ойлар жақсы әрекеттерде пісіп жетіледі » Л. Н . Толстой. Л. Н. Толстой орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушы. Жақсы ойлаған адамның, жасаған ісі де жақсы болады деп айту. «Ана махабаты » аңыз әңгімесін айтып беру. М.:- Қыздар анасына неге келді ? - Анасы қыздарын жақсы көретінін қалай білдірді ? Анасынан қандай жылулық алды ? Қ.: Сен анаңды қалай жақсы көрер едің ? - Жылулықты қалай түсінесің ? - Сен анаңа қандай жылулық берер едің ? « Менің жанұям » сурет салу. Жеке жұмыс жүргізу. |
Өлеңді тыңдайды. Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді.
2-рет ұлдар,2-рет қыздар, бәрі айтады.
Әңгімені тыңдайды. Мәтін бойынша, құндылық бойынша қойылған сұрақтарға ойланып, жауап береді.
Отбасы суреттерін салады. |
Рефлексивті- түзетушілік Топпен ән айту Соңғы тыныштық сәтi |
Ән айту « Апам үшін ». Бүгінгі сабақтан алған жақсы сөздерді,ойларды жүрегімізге жеткізіп, көкейімізге түйіп алайық. Көзімізді ашайық. Рахмет. |
Әнді бірге орындайды.
Көздерін жұмады, ашады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сыйластық қасиеттерді біледі .
Игереді: Тілалғыштық дағдыларын игереді . Меңгереді: Сыйлау, тілалғыш , қамқор болуды меңгерді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген