Отбасы -бақыт мекені

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы -бақыт мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы - бақыт мекені атты мерекелік шараға арналған сценарий жалпы сынып жетекші, тәлімгер, мәдениет қызметкерлеріне қажет деп ойлаймын. Жыл сайын оздырылатын мерекеде отбасы мүшелерін марапаттау, құрмет көрсетуде мектептің рөлі зор.
Материалдың қысқаша нұсқасы

І-жүрг:

Қайырлы күн, құрметті Достық ауылының тұрғындары, ұстаздар, ата-аналар мен балалар! Отбасы- бақыт мекені атты мереклік шарамызға қош келдіңіздер! Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл күн осы жылдан бастап қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтілетін болды. Президентіміз мемлекет отбасыдан басталатынын, сол құндылықты нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып келеді.

Осынау іс-шараға келіпсіздер жиылып,

Сәлем беред, сіздерге мектеп-ана жымиып.

Ұлың өсіп келеді, ата-ананың үміті,

Тәрбиелеп келесіз ел қорғайтын жігітті.


І-жүрг: Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі отбасынан сіңеді. Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсер етеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол ниетпен жақсылыққа баулиды.
Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады.
Өнегелі отбасы арқасында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.

Білім министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысы бойынша Зеленов ауданының Достық ЖОББ мектебінде алғашқы болып «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» ашылған болатын. Бүгінгі таңда отбасы-шәкірт-ұстаз үштігінің жарасым тапқан игі бастамасының жұмысы тек облыс көлеміне емес, республика көлеміне таралуда.Осы отбасылық тәрбиелеу мектебімізге биыл 5 жыл толып отыр.

Бүгінгі мерекеге құрметті шақырулы қонақтарымыз қатысып отыр. Олай болса, қонақтарымызбен таныс болыңыздар:

  1. Ауылымыздың әкімі-

  2. Мектебіміздің директоры-

Қонақтарымызға қошемет көрсетейік!

  1. Алғашқы құттықтау сөз кезегі- мектеп директоры Голубева С.Н.

  2. .


І-жүрг:

Қыз бой жетіп келеді, шуақ шашып әр үйге,

Гүлдей болып өссінші, сыйлы болып бәріне,

Ата-ананың жүрегі «Бала» деп қана соғады,

Баласы жақсы адамның басына бақыт қонады.

Ән:

І-жүрг: Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы. Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.

Елімізде төрт миллионнан астам отбасы бар екен. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән:

БИ:

І-жүрг:

Қалыңдықты алу оңай. Той оңай,
Табу қиын, осы жағын ойлағай.
Таңдағанда – ақылыңа қарарсың,
Әдептісін ісімерін қаларсың?!
Ер жігітті адастырар көп себеп:
Бірі – күндей сұлулықты көксемек...
Енді бірі – даңқтысын қалайды,
Үшінісі – байлықты жар санайды.
Төртіншісі – бірін де ойға алмайды,
Ақ ниетті, әдептісін таңдайды...
Шын ойласаң, ошағыңның ырысын,
Адал жарың – байлығың да, тынысың.
Осындай жан басын тіксе жолыңа –
Төртіншісін қондырғаның қолыңа!

Ән:

Ыстық – ау  кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында – дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған әндерін тыңдап көрейік.

Ән:

Сенің кім екеніңді дөп басып көрсететін әділет таразысы анаңның жүрегінде.

Ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған.

Анасын ұқпаған балада сезім молшылығы бар деуге аузым бармайды.

Ана - барлық көркемділіктің үлгісі.

Ата - арым, ана - дәрім.

Анада үш бақыт бар: ожданы, бөбегі, ізгі еңбегі.

Анасыз үй  - көңілсіз күй.

Анасы бардың панасы бар,

Анасы жоқтың көз жасы бар- деген халық даналығы бар.

І-жүрг:

Текті бала ана жүрегінің лүпілін «а» дегенінен сезініп, анашым деп жағдайын сұрап, оның қасірет қайғысына ортақтасып, қолынан келген бар көмегін көрсетеді. Бұл адал туған ғана баланың істейтін ісі. Баланың адалдығы әке шешенің кетпес дәулеті мен бақыты. Балалардың өркендеп өсуі әке-шеше үшін үлкен бақыт, барлық ата-аналардың тілейтін тілегі осындай!

Ән:

І-жүрг:

Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпыадамзаттың болашағы, даму деңгейі осы
отбасынан басталады.

Ән:

І-жүрг:

Абай атамыз былай деген екен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі ата анасынан, екіншісі ұстазынан, үшіншісі құрбысынан.» Ол үшін ұлттық намыс оянып, өзімізді-өзіміз әлі де болса жан-жақты тәрбиелеуге көңіл бөлейік. Содан кейін ұрпағымыздың бойына дәстүрлі баба қасиеттерін сіңірейік. Өйткені, отбасы бақыты- ұлт бақыты екенін ұмытпайық.

Ән І-жүрг:

Қалың жұрттың қаймағы бұзылмай, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгі желбіреп, асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін!

Ән :

І-жүрг:

Құрметті қонақтар, қымбатты отбасылар бүгінгі мейрамға әзірлеген мерекелік дастарханнан дәм татуыңыз сұралады.

Осымен отбасы күніне арналған сазды бағдарламамыз аяқталды. Баршаңызға отбасында бақыт, ырыс-дәулет, жақсылық пен шаттық болсын деп тілейміз!





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
640
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі