400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

«Отбасы – бақыт мекені» ән-би фестивалі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы күніне арналған әдеби-сазды фестиваль
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты:  Отбасы-Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, шарлар,баннер.


1-ж:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар!


2-ж:

Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық аясында өткізілгелі отырған отбасылық ән-би фестиваліне қош келдіңіздер!


1-ж:

2013 жылы Елбасы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және

өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын.


2-ж:

«Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек. Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді», - деген болатын Нұрсұлтан Назарбаев Отбасы күніне арналған алғашқы құттықтауында.


1-ж:

Иа, отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейірімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.


2-ж:

Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Адам баласының ой-санасы өсіп, ақыл-ойының кемелденуі үшін де тіршілік нәрі санаға отбасынан сіңеді.


1-ж: Қазақ халқы өнегелі бай ел екен,

Өнер деген мол қазына, кең екен.

Домбыра тартып, ән айтып жырламайтын

Өнерсіз қазақ кем де кем екен.


Отбасы жайлы оқушыларымыздың әдеби-жыр шашуларына кезек берейік


Ән: «Аке-Ана»


(әлеуметтік қызметкер Камшат Жасұлановна мен

музыка мұғалімі Меруерт Токтарбековна)



2-ж:

Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Алдағы жылы 175 жылдығын тойлағалы отырған Ұлы Абай атамыз бұл туралы

«Ата-анаға көз қуаныш-

Алдына алған еркесі,

Көкрегіне көп жұбаныш

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен. Сонымен бірге биыл мектебімізде Абай жылы екенін ескерте кетсек.


1-ж:

Ата-ана болса өрнекті,

Ұл мен қыз өсер көрнекті.

Әуезов Мұқаң айтқандай:

Түзейік бесік-жөргекті.

Бүгінгі сайысқа келіп отырған таңдаулы, үлгілі, өнерлі отбасыларымыздың өнерін тамашалайық!


2-ж:

Мектебім — айтар әнім, 
Сан рет қайталадым. 
Өзіңнен алғанымды 
Өзіңе қайтарамын,- деп Мұқағали атамыздың жырымен алғашқы болып

5 А класының атынан Шалқарқызы Толғанай мен Томиристі «Мектебім» әнімен қарсы алыңыздар!


1-ж:

Жұмақ мекен туған жер,

Мың жаялық жуған жер.

Құрт ұрлатқан қалтадан,

Шын балалық думанды ел.

Туған жер! Орындайтындар 5 б сыныбының атынан Серікқали Шұғыла мен ағасы Қасым. Қарсы алыңыздар!


2-ж:

Көл бетінде еркін қалқуын, таранып сылануын, өзара мойындарын айқастыра іңкәрлігін білдіруін, қанат қағып, көкте самғауын, қалықтауын, сұлу мүсінін, сыңғырлаған үнін, жағымды қылықтарын суреттеп, адамдардың табиғатпен байланысын, аялауын әсем қимылмен бейнелейтін арине бұл қандай құсқа арналған би ........... Иа, «Аққу» биі.

Ортада 6 А сыныбының атынан Ерғазықызы Шырай мен Нұрайды шақырайық!



1-ж:

Мың бұралып сахнада тамсанып,

Би билеңдер босатылып бар жүктен.

Көрермендер өте ыстық қарсы алып,

Шапалақтап жібереді зал біткен.

Бишілерді қарсы алайық көп күткен. «Қазіргі заман биі»

6 Б сыныбының атынан Жұманғазина Балауса мен Балымның биін тамашалайық!


2-ж:

Аяулы да ардақты ата-әжем,

«Бақытты бол, ер жет» – деп бата берген.

Еңбек етіп, еліңе құрметті боп,

Әрдайым ортамызда жүре бергін,- деген ниетпен ата-әжелеріне арнау әндерін 7 А сыныбының атынан Рсаева Еркеназ бен Риза арнамақ. Қабыл алыңыздар!


1-ж:

Ақ қанат арман белден асып,

Қалықтап бара жатыр.

Адамдар күтіңдер аңсағанын,

Оралар қарада тұр.

Иа бұл әнді білмейтін жандар кемде кем шығар. Қазір біз 8 А сыныбының атын шығатын Абутова Гульназ бен Дильназдың орындауында тыңдаймыз! Қарсы алыңыздар!


2-ж:

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі біздің бишілер

Көрінген көштің басынан. Мұхамед-Найм Мунира мен Жасмин

8 Б сыныбының намысын қорғамақ. Қошемет білдіреміз!


1-ж:

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

Тек анаңа жақынсың.


Бүгінгі сахнада 9 А сыныбының атынан анасымен бірге ән шырқайтын Аруарбек Нұрасыл анасы Аселмен бірге. Қошеметтеріңіз!



2-ж:

Жанарында жұлдыз жанып тұрады,

Қарап тұрған мылқауларды сөйлеткен,

Көрерменнің көңілінен шығады,

Мың бұралған бишілердің өнері!


9 Б сыныбының атынан шығытын бишілерді қарсы алыңыздар!


1-ж:

Отбасылар өнерімен тамсантты,

Көрсетті ән биді бойындағы.

Бүгінгі отбасы фестивальда,

Қатысушылар аянбай-ақ жан салды,- дей келе кеште өнер көрсеткен қатысушыларды ортаға шақырайық!

2-ж:

Құттықтау сөз мектеп директоры Авленов Абай Таласовичке беріледі.

1-ж.

Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі Отбасылық фестиваль өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.





















«№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ







Отбасы күніне арналған

«Отбасы – бақыт мекені» атты

апталық аясында отбасылық ән-би

фестивалінің сценарийі







Ұйымдастырушылар:

Акылжанова К.Ж

Тастанбекова М.Т



2019-2020 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
790
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі