Атырау
қаласы жалпы білім беретін №28 орта мектебі
Мектепалды даярлық сыныбының жоғары санатты
мұғалімі
Абдешева
Талшын Бисенбайқызы
Ата-анаменжұмыс
"Отбасы
-бақыт мекені" тренингі
Тренингтің
мақсаты:Отбасы деген не,ондағы
ата-ананың, баланың өзіндік орны,үш жақты қарым- қатынастың дамуына
отбасының ықпалы, «отбасы бақыты» құндылығы мәнін ашу, отбасының
қоғамдағы, бала тәрбиесіндегі орнын модельдеу арқылы анықтау.
Елбасының «Рухани жаңғыру» жолдауы аясында ата-ана санасының
түбегейлі қайта жаңғыртылуынасептігімізді тигізу, ұлттық тәрбиенің
ескірмеген , жарамды жақтарын тәрбие жұмысында бірлесіп қолдануды
іске асыру туралы айта отырып, слайдпен таныстыру, модельдеу
стратегиясы арқылы өз пікірлерін ортаға салғызу.«Бала тәрбиесі»
видеоролигі арқылы бала тәрбиесіндегі кейбір ойландырарлық
жайттарға назар аударту.Е.Есмаханның орындауындағы «Әйел бақыты»
әні арқылы кейбір аналарға ой салу.
Түрі: тренинг
Әдіс - тәсілдері: шаттық шеңбері, топтастыру, жағымды көңіл - күй
тудыру стратегиялары, модельдеу стратегиясы, жүректен -
жүрекке.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, аудиожазбалар, қималы суреттер,
фломастер, ватман, киіз үй макеті, құндылықтар жазылған парақтар,
түсті суреттер, стикерлер, слайд, видеороликтер Асыл арна ТК «Бала
тәрбиесі».
Барысы:
1. «Сәлемдесу», «Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл»
/Шаттық шеңбері (ата - аналар шеңбер бойына тұрады, қолдарына жанып
тұрған шырақ ұстап, өз есімдерін айтып, амандасып, «отбасы»сөзін
қосып бір - біріне тілек білдіреді)
2. Өз тобыңды тап!/топтастыру стратегиясы/ (әке, ана, бала
суреттері қиылып қойылады, ата - аналар кез келген суретті алып,
алған суреттер бойынша «Әке-отбасының тірегі», «Ана – отбасының
жүрегі», «Бала – отбасының қазығы» деп жазылған орындарға топтасып
отырады)
3. «Ән - көңілдің ажары»/жағымды көңіл - күй тудыру/әр топ өз
аттарына байланысты әннің шумақтарынан попуури орындайды.
4. Ойын «Бақыт аукционы»
5. Отбасында «әке, ана, бала» кім? (топтық пікір алмасу)
6. «Отбасы бақыты»модельдеу стратегиясы
Әр топ өз беттерімен отбасы бақыты моделін жасап, қорғайды
1-топ «Отбасы бақыты»деген не?
2- топ Отбасының қоғамдағы алатын орны қандай?
3-топ «Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны»деген
сауалнамаларды басшылыққа алып, модельдеу жұмысын жасайды.
7. «Ұлылардың ұлағат» отбасы, әке, ана- әйел, ата мен әже, бала
туралы нақылдарды түсіндіріңіз, бақытты отбасының құндылығын
анықтау /
8. «Отбасы тірегі - әке, жүрегі - ана, тілегі - бала»жүректен
жүрекке/жылы лебіз, ақ тілек/
Басталуы: /Тәрбиеші/1.– Сәлеметсіздер ме, ата - аналар! «Отбасы
бақыты» атты бас қосуға қош келдіңіздер! Бүгінгі бас қосудың
мақсаты: слайд арқылы көрсету.
Қазақта «шырығың сөнбесін», «ошағыңның оты маздап жанып
тұрсын»деген қасиетті сөздер бар. Отбасымыздың оты мәңгілік жанып,
жарқырап тұрсын деген мақсатпен шаттық шеңберіне жиналып бір -
бірімізбен таныса отырып, қолымыздағы шырақты айналдыра «отбасы»
сөзін қосып бір - бірімізге тілегімізді білдірейік/педагог шырақты
жағып өзінің атын атай отырып амандасып, отбасы сөзін қоса отырып,
тілек білдіріп шырақты келесі адамға береді/
2. Рахмет, келесі кезең бойынша менің қолымдағы бейнелерді таңдап
ала отырып өз жұптарыңызды табасыздар /отбасы мүшелері суреттерінің
біреуін ата - аналар өздері таңдап алады, сол бойынша
«Әке-отбасының тірегі», «Ана – отбасының жүрегі», «Бала – отбасының
басты қазығы» деп жазылған үстелдерге топ болып отырады/
3. Осы қағидаларды есімізге сақтай отырып тренингімізді бастайық,
өз тобымызда жақсы көңіл - күй орнату үшін «Әң - көңілдің ажары»
конвертін ашыңыздар!/жағымда көңіл - күй тудыру, әр топ аттарына
байланысты әннің шумақтарынан попуури орындайды/
4. Ойынға кезек берейік, «Бақыт аукционы» атты ойын. Алдарыңыздағы
ақ параққа Бақыт дегенді қалай түсінесіздер сол туралы жазып,
қағаздарыңызды жұмарлап бір - біріңізге лақтырасыздар. Әр топ өз
алдарыңызға түскен бақыт парақшасын ашып бақыт туралы пікірлерді
ортаға саламыз/ата - аналар бақыт туралы айтып шыққан соң педагог
слайдтағы бақыт деген өлең арқылы бұл бөлімді қорытындылайды.
«Бақыт» деген жанарында жарыңның
«Бақыт»деген бал - бөбегің - тамырың.
«Бақыт» деген отауыңның шырағы,
«Бақыт» деген қанағаты барыңның.
Бақыт, бақыт отбасыңның төрінде,
Алыстан іздеп шаршамайық, тегінде!
5. Келесі тапсырма әке, ана, бала дегеніміз кім? Олардың өзіндік
орны қалай?/Әр топ өз топтарының атына сай пікірлерін қорғайды/
6. Жақсы, айтылған пікірлеріңізге толықтай келісемін, олай болса,
әке- ана- бала атты үштіктен «Отбасы»деген жылылық мекені пайда
болады екен. Ендеше, осы отбасы бақыты дегеніміз не? Осы ашу
мақсатында қазір сіздер «Отбасы бақыты» моделін құрап, қорғап
шығасыздар. Алдарыңызда тапсырмаға қажетті заттарыңыз тұр,
тапсырманы орындауды бастай берулеріңізге болады./ата - аналар
алдарындағы плакатқа «Отбасы бақытының» моделін жасап, тақтаға іліп
қорғайды/
7. Жақсы, ендеше осы пікірлеріңізді қорытындылау мақсатында
«Ұлылардан ұлағат» сөздеріне» назар аударайық/слайд/, отбасының
бақыты құндылығын білдіретін сөздерді алып шығып бір – бірден киіз
үйге орналастырып, өздері қорытынды жасайды/
8.Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында
сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік
болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік
болады.
Халқымыздың мақал-мәтелдерінен, даналық
сөздерінен де ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған асыл
сөздерді табар едік. «Алты аға бірігіп — әке болмас, Жеті
жеңге бірігіп — ана болмас»,- деген сөзде де терең ой жатыр.
Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың
бар тілеуі балаға бағышталған.«Ұлды ұлша тәрбиелесең ұл болады,
құлша тәрбиелесең құл болады»-дегендей, ұрпақ тәрбиесінде айқын
мақсатқа жетуіміз шаңырақтың тірегі әке мен жүрегі –анаға
байланысты
екен.Сондықтан«Отбасы - ошақ қасы»
деген қазағымыз, отбасы - киелі шаңырақ, әр отбасы өз шаңырағының
түтіні түзу ұшқанын қалайды. Шаңырағымыздағы ошағымыздың оты өшпеу
үшін отбасы мүшелерінің бір - біріне деген махаббат,сыйластық,
бауырмалдық, бірлік, ынтымақ,адалдықберік болу керек, ал бұл
қасиеттердің барлығы біздің жұдырықтай жылы жүрегімізде орналасқан,
ендеше алдарыңыздағы жүрекшелерге жылы сөздеріңізді жазып, «Бақытты
отбасы шаңырағына»тілегіміз қабыл болсын деп орналастырайық./алдын
ала жүрекшелер таратылып қойылады, тақтаның алдындағы кигіз үй
макетіне өздері жазған отбасы туралы ізгі тілектер, алған әсерлері
туралы жүрекшелерге жазып салады/
Қорытынды: Барлық шаңырақта береке, бірлік, бақыт орын алсын деген
ізгі ниетпен басқосуымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға
рахмет!