Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
«Отбасы – бақыт ұясы».
Материал туралы қысқаша түсінік
«Отбасы – бақыт ұясы».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
04 Маусым 2018
2187
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы – бақыт ұясы». Мақсаты:1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.Сабақтүрі: сыныптан тыс шара. Әдісі:әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап.Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақылсөздер, суреттер.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғыз. Қане, қане, тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ үлкен шеңберге, Алақанға ұрайық.Психологиялық сәт.«Еркелету» жылулық шеңбері. (Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)
ІІ. Негізгі бөлім.Жұмбақ жасыру. Маған да, саған да,Жақын, туыс адамдар.Бәрі де өз жұртың,Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен. - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.Отбасы туралы әңгімелеу.-Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?-Отбасы деген не?-Отбасы құрамы деген кімдер?-Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.Ендеше үш топқа бөлінейік. «Ана» тобы. Ана туралы жыр. (1.40)Әлемнің жарығын сыйладың сен мағанДаланың әр гүлін жинадың сен мағанСен бердің құстардың қанатын самғағанБалалық қоштарың өзіңе арнағанҚайырмасы:Әлдилеп, аялап өсірген жемісіңСамал жел саябақ құшағың мен үшінЕсейіп кетсем де, мен саған сәбимінКөңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.«Әке» тобы. Әке туралы жыр. (1.10)Жас едім өмірге еркін бойламаған,Күні ертең не боларын ойламағанШарықтап кетсем,Дағы қанат қағып,Өзіңдей қамқор әке қайда маған.Шарықтап кетсем,Дағы қанат қағып,Өзіңдей қамқор әке қайда маған.«Бала» тобы. Бесік жыры. (1.44)Айым болып тудың ба?Күнім болып тудың ба?Әке жолын қудың ба?Ата жолын қудың ба?Бұл дүниеге келген соң,Сұрауы бар судың да.
Қуанышың арай жүз,Сөйлесерміз талай біз.Бар ағайын жиналыпБіз боп саған қараймызСендей бала ешкімдеБолмаған деп санаймыз.
Топтық жұмыс ережелерін есте сақтау. 1.Тыңдай білу. 2.Өзара сыйластық. 3. Белсенділік. 4. Қол көтеріп сөйлеу. 5.Уақыт үнемдеу.
Бейнеролик көрсету. «Бақытты отбасы үлгісі»Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады.
Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырайық. Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық.
Ойын: " Бұл кім?"Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.1. Айтары мол ғұлама,Көп жасасын бұл адам,Әкесі ол әкеңніңБілер оны сұраған.Ол кім? Атаның суретін іледі.2. Ертегі айтып береді, Күнімен саған ереді. Әкешіңнің анасы, Әкең оған баласы. Ол кім? Әженің суретін іледі. 3. Атаңның баласы,Кей кезде таласып.Қаласың әжегеБілгенің асады кәдеге.Ол кім?Әкесінің суретін іледі. 4. Бала бала, бала деп,Түнде шошып оянғанТүн ұйқысын төрт бөліпТүнде бесік таянған.Қолын қатты тигізбей,Кірлі көйлек кигізбей.Иісін жұпар аңқытқан.Бұл кім? Ананың суретін іледі.
Мәнерлеп оқу. 1 – оқушы: Аналарға. Естеу Нүсіпбеков.Анасыздар, әр үйге панасыздар,Бала десе от болып жанасыздар.Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.Маздататын, жүректе от лаулататын,Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.Өр десек те сіздерді, — лайықсыздар.Төр десек те сіздерді, — лайықсыздар.Ер десек те сіздерді, — лайықсыздар.Зор десек те сіздерді, — лайықсыздар.Анасыздар, кең байтақ даласыздар.Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,Үлбіреген жауқазын баласыздар.Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.2 – оқушы: Әкем біреу, анам да біреу менің. Ф.Оңғарсынова. Әкем біреу, анам да біреу менің,Мен жығылсам сүйенер тіреулерім. лар барда мереке, көрген емен Қабақтарын шытқанын, түнергенін.Менің досым әкесін жек көреді, «Бізбен ісі жоқ оның» деп сөгеді, Жамандайды сыртынан, тістенеді, Бір-біріне бітпейді өкпелері. Дос тапса да адамдар, тапса-дағы, Әке жалғыз, табылмас ақшаға да, Жамандасаң әкеңді, саған әкеп,Жақсы әкесін бере ме басқа бала. Әке – білек, саусағы – балалары,Қан тамырмен жалғасқан аралары, Ана - тамыр бойымен бәріне де, Тіршіліктің жылуы таралады.
Топтық жұмыс. 1.Отбасындағы әкенің орны. 2.Отбасындағы ананың орны. 3.Ата-аналарың сендердің қызықтарыңа қуанып, бақытты өмір сүруі үшін қандай бала болуларың керек?
Сергіту сәті. Атамның алып күрегін,Ауланың қарын күредім.Әжеме мен құдықтан,Су әкеліп беремін.Еденді де жуамын,Шаң - тозаңды қуамын.Сұрақ – жауап: 1 топ. 1. Балдан тәтті не? (бала)2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)4. Әкеден балаға беріледі. (мұра)5. Үйде кім қадірлі? (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі)6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)7. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ)2 топ. 1. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)2. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)3. Отбасын кімдер құрайды? ( Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні.)4. Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды? ( қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні)5. Отбасының әдет - ғұрпы туралы түсініктеме беру. ( Үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер - кішіге ақылшы, кішіге - көмекші.6. Неке дегенді қалай түсінесің? ( Сүйіп қосылған екі адамның ерікті одағы)7. Отбасының бүкіл міндеті кімдерге негізделген?( Ата - анасына)3 топ. 1. « Үлкенге көмек» дегенді қалай түсінесің? ( Үлкендердің заттарын көтеріп,айтқандарын істеу керек.)2. Отбасының ұйтқысы кім? ( Ана)3. Отбасының басшысы кім? ( Әке)4 Жеті қазынаны ата. (жүйрік ат;қыран бүркіт;құмай тазы;берен мылтық;ер жігіт, сұлу әйел; ақыл-білім)5. Ер жігіттің неше жұрты болады? (3жұрты. Өз,қайын жұрт, нағашы)6. Сенің туған әпкеңнің әкесінің жолдасының әкесі сағат кім? (нағашы ата)7. Ат – ана алдындағы борышты қалай өтеуге болады?
Мақал -мәтелдің жалғасын табу. 1топ.1.Атаға қарап - ...............,Анаға қарап - ..................2. Ананың көңілі балада, ..........................3. Ата-ананың қадірін - ................................4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)2 топ. 5. Балалы үй базар, ..................................( баласыз үй қу мазар)6. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)7. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)3-топ. 9. Әке – асқар тау, .............................( ана- шалқар көл)10.«Жеті атасын білмеген: ................(жетесіз»),11.Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)12.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,…(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)
«Бақытты отбасы модулін» аяқтау. Үйдің берік болып ұзақ қызмет етуі үшін іргетасы мықты болуы керек. Отбасының да мықты, берік, тату болуы үшін оның мүшелерінің бойында қандай қасиеттер болуы керек.
Қорытындылау. - Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)