Материалдар / Отбасы – отанымыздың ошағы эссе

Отбасы – отанымыздың ошағы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнінен 5- сынып оқушысының отбасы түралы жазған эссе
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Сәуір 2021
595
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Отбасы – отанымыздың ошағы

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай отан. «Отан отбасынан басталады»- дегендей, отанды сүю отбасынан басталады. Себебі, отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ержетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы- оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Ата мен ана-бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі. Ата –асқар тау, Ана – бауырындағы бұлақ. Бала –жағасындағы құрақ,- деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділікте отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері- баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасыдағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата-ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде, сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген күннен-ақ басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата-ананың міндеті болып табылады. «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған тату-тәтті өмір сүремін. Менің отбасымда бес адам бар. Олар: қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқасүйеріміз- жан әкешім. Бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анашым. Әр дайым көмектесетін екі інім және мен. Бірін-бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын!



Ә.Науаи атындағы №13 мектеп-гимназияның 5-Ә сынып оқушысы Еменова Севинч

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ