жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Отбасы – шағын мемлекет»
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Отбасы – шағын мемлекет»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру,
бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың
бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ
пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі,
кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны
болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған
бетшелер, жүрекшелер, т. б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Оқушыларды отбасының бірлігін сақтап, ата - ананың алдындағы
парызын өтеуге, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке,
инабаттылыққа, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында
ұйымдастырылып отырған «Отбасы – шағын мемлекет» аталатын
тәрбиелік шараға қош келдіңіздер!
Құрметті оқушылар!
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір
шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол
мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде
барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап
шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген
не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.
Адамзат бесігін тербеткен ұя
Үлгі – өнеге бастауы
Жағымды қасиеттерге баулиды
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы -
ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым
дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі,
отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың
үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі
балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап
бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында
«Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана
- бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз
әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі
- бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда
бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын
сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен
тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап
еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық
қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды
жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата - анамен ақылдасып шешу
керек, артық қылықтың ата - анаға әсер ететінін, ата - ананың
баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
Ситуациялық сұрақтар қоры:
1. «Ура, мама, мен бес алдым!»- деп бірінші сыныптың оқушысы өзінің
қуанышын жасыра алмай үйге жүгіре басып кірді. Бірақ жылдар өте
келе мұндай қуанышты сөздер сирей бастайды. Неліктен?
ІІ. Екінші қадам:
*Ұлттық ойын ойнату
ІII. Сонымен құрметті
оқушылар!
Тәрбиелік шарамыздың басында айтып өткеніміздей «Бақытты жанұяның»
моделін жасайтын сәт те келіп жеткен секілді. Сонымен, бақытты
отбасы болудың негізгі шарттарына нені жатқызар едіңіздер?
Бақытты жанұяның моделі
IV. Жүректен жүрекке.
Жүрекшеге ата – аналары жайлы тілек жазып ұстаздарына
береді..
V. Қосымша айтарымыз, бала тәрбиесінде ата -
ананың ғана емес, ұстаздардың да рөлі зор.
Сонымен мен бүгінгі тәрбиелік
шарамызды А. С. Макаренконың «Балаға берілген дұрыс тәрбие - бұл
бақытты қарттық, ал нашар тәрбие - біздің болашақтағы сорымыз,
біздің көз жасымыз» деген ұлағатты сөзімен аяқтағым
келеді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген