400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Отбасы – шағын қоғам

Материал туралы қысқаша түсінік
– Балалар ыңғайланып отырып көзімізді жұмайық.Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім,отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған, бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз–Н.Ә.Назарбаев атамыз бар.Мен – бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын.Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын. Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім – отбасым бар. Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар, еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе? Көзімізді ашып бастапқы қалпымызға оралайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану»  пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары  
Мектеп: №89 Л.Жолдасов жом кмм      Мерзімі: 12.11.2018ж.
Мұғалімі: Г.Оспанова    Сынып: 4 «В»      Оқушы саны: 27

Сабақтың тақырыбы: Отбасы – шағын қоғам 
Құндылық: 
Сүйіспеншілік                                                                                      Қасиеттер : Сенім, мейірімділік, адалдық, сыйластық, бауырмалдық және т.б

Сабақтың мақсаты:  Отбасы – шағын қоғам, отбасының мүшелері, отбасының басшысы, отбасы – біздің тірегіміз, біздің шаңырақ ұғымдарын ашқызу. 
Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: – Отбасы дәстүрі, отбасындағы қарым – қатынастар туралы түсініктер бере отырып,оқушының қоғамдағы дүниетанымдық көзқарастарын ашу, зерттеу, талдау, халықтық педагогиканың отбасы тәрбиесіндегі алар орнын ашып көрсету. 
Дамытушылығы: – Оқушылардың өз ойын мазмұнды тілде жеткізу, олардың өзара ұжымдаса жұмыс істеу, шығармашылық ізденіске түсу біліктерін жетілдіру. 
Тәрбиелілігі: – Отбасы – шағын қоғам ұғымын аша отырып, оқушыларды отбасы мүшелерін сыйлауға, ата – анаға деген сүйіспеншілік  ұғымдарының тәрбиелік мәнін ашу.



Ресурстар:   (Оқулық, дәптер,  слайд, маркер, стикер, музыка, түрлі – түсті қағаздар)












Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Топқа бөлу: Пазлдар арқылы топқа бөлу

1-топ:Қоғам        2-топ:Отбасы      3-топ: Тәрбие

5Т Ережесі

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тазалық

4.Тыныштық

5.Татулық



Тыныштық сәті. (Нұрға бөлену).

–   Балалар ыңғайланып отырып көзімізді жұмайық.Мен бақытты баламын. Себебі, менің туған жерім,отаным – Кең байтақ Қазақстаным бар. Дархан жүректі халқым бар. Елімді басқарып отырған,  бар қазақ баласының мақтанышы болған, үлгі етер президентіміз–Н.Ә.Назарбаев атамыз бар.Мен – бақытты баламын. Білімнің кәусар бұлағын сіңірген алтын ұям – мектебім бар. Мен осындай қоғамда туғанымды мақтан тұтамын.Мен үнемі достарыммен, ұстаздарыммен достық қарым-қатынастамын.  Мен – бақытты баламын. Менің өзімнің шағын әлемім – отбасым бар.  Менің аялаған анам, әлпештеген әкем бар,   еркелескен бауырларым қаншама. Бұл нағыз бақыт емес пе? Көзімізді ашып бастапқы қалпымызға оралайық.                                                                               Үй тапсырмасын тексеру.

Миға шабуыл әдісі бойынша ақыл тасты пайдаланып (А,В,С деңгей) сұрақтар қойылады.

1.Жер орбитасы дегеніміз н?

2.Күнді айнала қозғалатын ғаламшар жолы қалай аталады?

3.Жер өз осінен қанша уақытта бір рет айналады?

4.Жер бетінде неше материк бар?

5.Жер бетінде неше мұхит бар?

6.Қазақстан қай материкте орналасқан?

Әңгімелесу:  Сұрақ-жауап әдісі

Бұл бөлімде ой түрткі жасау арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбын ашуға көмек беретін сұрақтар қою көзделеді.( Барлық баланы қатыстыру керек.) 
– Осы балаға ат қояйықшы. 
– Асан неге бақытты деп ойлайсыңдар? 
– Оның қандай отаны бар? 
– Қазақ халқы қандай халық? 
– Өзіне Кімді үлгі етеді? 
– Неліктен мектеп оның мақтанышы? 
– Ол кімдермен достық қарым – қатынаста? 
– Оны кім аялады? 
– Оны кім әлпештеді? 
– Ол бауырларымен қандай қатынаста, қалай өсті? 
– Осы әңгімеде не туралы сөз болды? 
– Сонымен қоғам деген не? (Бізді қоршаған орта. Ол Отан, Ол Халық, Ол Президент, Ол мектеп, Ол ұстаз, Ол достары, Ол Отбасы, жанұя, Ол ата – ана, бауыларың, туыстарың) 
– Қоғамның несі болады? (Белгілі аймағы – Кең байтақ Қазақстан жері, басышысы – президенті, қоғам мүшесі – халық, ) 
– Сонымен әр қоғамның аймағы басшысы, мүшесі болады, олар өзара қарым – қатынаста болады.) 
– Отбасы қандай қоғам екен? (Шағын қоғам) 
– Оның басшысы кімдер? (ата – ана) 
– Оның мүшелері кімдер екен? (Әке, ана, ата, әже, аға – іні, әпке – қарындас) 
– Ендеше бүгінгі сабақ қалай аталады деп ойлайсыңдар? 
– Қоғам. 
– Қандай қоғам туралы болмақ? 
– Отбасы – шағын қоғам?

Дәйексөз

 Шаңырақ сәні – сыйластық

Сергіту сәті 
– Қазақ халқы жас сәбиді аялап, әлпештеген, әрбір ана өз баласына арнап бесік жырын жырлаған екен. Ал енді балалар, бізде бесік жырын айтып біраз сергіп алайық.

Бөпешім. 
Әлди, әлди бөпешім 
Әлпештейін көкешім. 
Тербетейін жата ғой

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Мұғалім сыйы         Аңыз «Ақылды»

Ақылды үнемі әкесінен нені болса,соны сұрайтын. Әкесі де оған «Нені болса, соны сұрайтының не?» деместен, оның сұрағандарына өте ыждағатпен жауап беретін. Бірде ол әкесінен:

– Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ісінен артқы аяқтары басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі:

– Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен аңғарған екенсің, демек сенен де бір ақылды адам шығар, Әлхамдулилләһ! Инша Аллаһ!? Ол тағы бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі,- деді. Ақылды:

– Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады әкесінен. Әкесі:

– Иә, балам! Мәселен, құлақ туа бітті бар болады. Ал, мүйіз болса, бұзау алғаш туғанда болмайды. Кейін, үлкейе келе, біртіндеп өсе-келе құлақтан да озып, ұзарып кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда қашан мүйізі бар еді? Жоқ болатын. Ал, құлағы ше? Құлағы бар болатын. Кейін, бірер айдан кейін мүйіз шыға бастады. Енді міне, бір жылға таяп еді, мүйізі өсіп, құлағымен бірдей болды. Құдай қаласа, келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда ұзын болып озады. Сен ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің, туғанда бар құлағынан асқанындай сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең сенің менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса оның ұрпақ болмағаны да.   Мен сенің менен озғаныңды қалаймын,- деді әкесі.



Ішкі нтеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)

Шығармашылық іс-әрекет, топқа біріктіру.

Жеке жұмыс. Әр оқушы бағаланады. 
Отбасы қоғамының құрамы: Сурет конкурсы. 
1. Отбасының тұрағы ——— 
2. Отбасы басшысы ———— 
3. Отбасы мүшелері ———— 
4. Менің алар орным ————
– әр оқушы өз суретін түсіндіріп өтеді.

Үй тапсырмасы

Әркім өз отбасының қорын жазып келеді. Менің отбасым сурет салу.

Сабақтың қорытынды сәті: Оқушыларды смайликтер арқылы бағалайды.

Соңғы тыныштық сәті.

– Тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде, Тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.






Ескерту: 5Т-ны сақтау керектігін еске түсіру,(Тәртіп, Талап, Тазалық, Тыныштық, Татулық)өткен сабақпен байланыстыру






































«Мен баланың шырағын жағушымын» тақырыбы бойынша эссе

« Мен баланың жас кезінен –ақ әрқашанда сау да әрі бақытты болып өсуін, өмір даналығы мен адамзатқа қызмет ете білу бақытын игере отырып өсуін қалаймын. Өзінің кім екендігін , не үшін өмір сүріп, не үшін талпынатынын пайымдай білсін».

                                                                Сара Алпысқызы Назарбаева

                                             «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру

                                                                                      бағдарламасының авторы

Мен ұстаздар отбасында өсіп тәрбиелендім. Әкем математика пәнінің, ал анам бастауыш сынып мұғалімі болып, қырық жыл осы шәкірт тәрбиелеуде қызмет етті. Мен анама еліктедім. Анам сияқты ұстаз болсам деп армандадым. Күндер өте келе есейген шағымда сол сәттер көз алдымда қалды. Арман қуып, ұстаздық жолды таңдап жоғарғы оқу орнына түстім. Жоғарғы оқу орнын ойдағыдай аяқтап, мектеп табалдырығын мұғалім болып аттадым. Бойымда басқаша бір сезім пайда болып, ерекше әсерде болдым. Себебі, осы уақыттан бастап, мен өзіме үлкен міндет артылғанын түсіндім. Ол міндет – шәкірт бойына жақсы білім нәрімен тәрбие беру еді. Абай атамыз қазақ баласының бойында: «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» болуы керек деп атап көрсеткендей, өмір сүрудің басты заңдылығы болса, осы үш асыл қасиетті шәкірттердің бойына сіңіре білу – ұстаздың міндеті екені даусыз. Яғни, «ыстық қайрат дегеніміз – ақиқат пен сүйіспеншілік, нұрлы ақыл дегеніміз – дұрыс әрекет, ал жылы жүрек дегеніміз – ішкі тыныштық пен қиянат жасамау » деп түсіндім. Мұғалім болып жұмыс істеген  уақытымда түсінгенім мұғалім ол оқытушы ғана емес , ол – бағбан. Әрбір сабақ сайын мен өзіме ерекше бір әсер аламын. Әр оқушы өзінің мұғаліміне еліктейді. Сондықтан жауапкершілігі жоғары болып , қуаныш сыйлай білсе, сол өзінің жақсы қасиеттерімен шәкірттерінің бойына өзіндегі бар жақсы қасиеттерді ұялата алады. Мектеп қай кезде, қай жерде болмасын қасиетті орын және онда санаға ізгілік нұрын себетін ұстазы бар екенін қадірлеп, сыйлап жақсы көреміз сіз мейірімдісіз деген сөзден қуаттанып,олар мен үшін шырақ оның жалыны-менің сүйіспеншілікпен берген рухани білімім! Мен тек қана оларды үйретіп қоймай , өзімде көп нәрсені үйренемін. Балалар маған төзімді, қайырымды болуды, өзімді де өзгелерді де түсіне  білуді үйретті. Бұл мұғалім үшін қаншалықты маңызды екенін жеткізу қиын. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге қатты шаршап қайтамын. Бірақ, оқушылардың ыстық ықыласын, маған қараған үміт толы көздерін, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне» бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді.Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін мұғалімде жылы жүрек, аялы алақан және ең бастысы баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім. Абай атамыз айтқандай: «бала тәрбиесінде үш жақ әсеретеді, ата-анасы, ұстазы және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады» деген ойы бүгінгі күнде ұстазға да ауыр салмақ салып тұр. Мүғалімнің әрбір өткен сабағы оқушының ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың бойына бес құндылықты сіңіретіндей өткізілсе, баланың ынта жігері артары сөзсіз. Өзімнің сабақтарымды үнемі бес құндылыққа байланысты аңыз әңгімелерді айтып отырамын. Себебі, балалар сол аңыздардағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп, саралайды. Ақылмен ойланады. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан мұғалім ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Осы әлемнің ішінде, осы әлеммен қатар үндесе өмір сүруі тиіс. Осындай тынымсыз еңбектің жемісін көру үшін, ұстаздық жұмыс мұғалімнің бойынан жігерлік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Әрине, әрбір тірлікте еңбек етпей белгілі бір нәтижеге жету мүмкін емес. Мен баланың шырағын жағу үшін еңбектенудемін. Педагогикалық өтіліме жиырма бір жыл болыпты. Бастауыш сыныптар бойынша үш сыныпқа білім нәрін беріп, тәрбиелеп шығардым. Алғашқы шәкірттерім бүгінгі күнде бірі өзім сияқты ұстаз, бірі дәрігер және басқа мамандықтардың иесі. Бүгінгі таңда өзін-өзі тану пәнінен балаларға өз бойымдағы бар білімімді берудемін. Биылғы жылы өткен өзін-өзі тану пәні олимпиадасында оқушым жүлделі ІІ-орынды алып, аудандық мақтау грамотасымен марапатталды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын. Әрбір баланың бойына сүйіспеншілікпен білім нәрі мен тәрбие беру арқылы біз саналы ұрпақ тәрбиелейміз. Ұстаз болу ең қиын да жауапкершілігі көп жұмыс.

«Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан басталады», - деп ұлы ойшыл, данышпан Абай атамыз айтқандай, мектептің тірегі де, жүрегі де мұғалім екені анық. Балалардың әрқайсысы мен үшін жанып тұрған шырақ сияқты, оны өшіріп алмауға тырысу керек. Жүрекпен өтіп берілген сабақтар өмір сабақтарына сананы кеңейту сабақтары болып саналмақ.Қорытындылай келе мұғалім бақыты – білімді ұрпақта, абыройлы еңбекте дер едім.

Орындаған: Оспанова Гүлжауһар Жұманқызы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
432
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі