Мұнайлы ауданы
«№3 жалпы білім беретін мектеп» КММ

« Отбасы – тәрбие бастауы»
(9-сынып ата-аналарымен)
Педагог-психолог: Байнекова М.
2025-2026 оқу жы
Тренинг тақырыбы: «Отбасы – тәрбие бастауы»
Мақсаты: Ата-аналардың тәрбие беру процесіндегі рөлін арттыру, отбасындағы қарым-қатынасты нығайту, саналы ата-ана болудың маңыздылығын түсіндіру және бала тәрбиесінде тиімді әдіс-тәсілдерді меңгерту.
Тренинг бағдарламасы:
1. «Жемістер арқылы сәлемдесу»
2. «Шынжыр»
3. «Мүсін жасайық»
Тренинг барысы:
-
«Жемістер арқылы сәлемдесу» жаттығуы
Мақсаты: Ата-аналардың бір-бірімен жақынырақ танысуына жағдай жасау.
Қатысушылардың белсенділігін арттыру, ойын элементі арқылы көңіл-күйді көтеру. Бір-бірін тыңдау, есту, зейін қою дағдыларын дамыту.
Жүру барысы:
Қатысушылар шеңбер бойымен тұрады. Жүргізуші әр ата-анаға бір жемістің атауын береді (мысалы: алма, банан, жүзім, анар, өрік, т.б.). Бір жеміс атауы бірнеше адамға қайталануы мүмкін. Жүргізуші ортада тұрып, белгілі бір жемістің атын атайды (мысалы: "алма!"). Сол жеміс атауы берілген ата-аналар орындарын бір-бірімен ауыстырады. Жүргізуші «Барлық жемістер!» десе, барлық қатысушылар орындарын ауыстырады. Бұл жаттығу бірнеше рет қайталанып, қатысушылардың барлығы қозғалысқа түседі.
-
«Шынжыр» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың ұйымшылдық, бірлесе әрекет ету, қозғалысты үйлестіру және командалық жұмыс дағдыларын дамыту. Қатысушылардың бір-біріне деген сенімін арттыру және өзара көмек көрсету қабілетін қалыптастыру. Қозғалыс арқылы дене шынықтыру белсенділігін арттыру.
Қажетті құралдар:
Ашық кеңістік (спортзал, алаң)
Белгіленетін нүктелер (конустар, жалаушалар т.б.)
Қатысушылар саны:
-
адамнан бастап (жұппен бөлінетіндей болуы керек)
Ойын ережелері: Қатысушылар 1, 2 деп саналып, екі топқа бөлінеді. Әр топ шынжыр тәрізді бір қатарға тұрып, бір-бірінің белінен немесе иығынан ұстайды (қалауыңызша). Жетекші бастапқы және айналып келу бағытын көрсетеді (мысалы, конусты айналып келу). Топтар белгіленген нүктені айналып, шынжырды үзбей, топпен бірге қайтып келуі керек. Шынжыр үзілсе немесе біреу алға озса – команда қайтадан бастайды немесе айып ұпай алады.
-
«Екі қолға – екі тапсырма» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың зейінін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және бір уақытта бірнеше әрекет орындау қабілетін дамыту. Шығармашылық ойлауды, қиялды, және кеңістіктік елестету қабілетін арттыру. Қолдың ұсақ моторикасын жаттықтыру (қағазбен жұмыс арқылы). Көңіл көтеру, еркіндік және өзіндік идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Қажетті құралдар:
Әр қатысушыға:
-
1 дана үрленген шар (ауа толтырылған)
-
1 парақ A4 қағаз
Қатысушылар саны:
5 адамнан бастап, кез келген мөлшерде (жеке немесе топпен орындауға болады)
Жаттығу барысы:
Әр қатысушыға бір қолына шар, бір қолына A4 қағаз беріледі. Жүргізуші: «Енді шарды бір қолыңмен жоғарыға лақтырып, қайта қағып алуды жалғастыра отырып, екінші қолыңмен қағаздан бір зат жаса» деп нұсқау береді. Қағазды жыртуға, бүктеуге, шиыршықтауға немесе мүсін түрінде илеуге болады. Қайшы, желім сияқты құралдар қолданылмайды — тек қағаз және қол. Уақыт шектеуі: 1-2 минут (қаласаңыз, фондық музыка қосуға болады). Уақыт біткен соң әр қатысушы жасаған "мүсінін" көрсетеді және не жасағанын айтып береді. Қалған қатысушылар немесе жүргізуші әрбір жұмысты мақтап, қысқаша пікір айтады.
«№ 3 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің психологиялық қызметі
Психологиялық тренингтің талдауы
Мерзімі: 12.09.2025ж.
Тақырыбы: «Отбасы – тәрбие бастауы» тренинг
Қатысқандар: 9 сынып ата-аналары
Қатысушылар саны: 42 ата-ана

Сабақтың барысы: 2025жылдың 12 қыркүйек күні 9 сынып ата-аналарымен «Отбасы – тәрбие бастауы» атты тренинг өткізілді. «Жемістер арқылы сәлемдесу» жаттығуында ата-аналар бір-бірімен жақыннан танысып алды. Ата-аналар арасында ұйымшылдық пен жауапкершілік, тәрбиеде ата-ана мен мектеп байланысын ұғындыру мақсатында жаттығулар жүргізілді. Әр тренингтен соң ата-аналарға бала тәрбиесіне байланысты түсіндіру және бірлесіп талқылау жүргізілді. Ата-аналар өз тәжібибесінде бала тәрбиесіне қатысты өз ұстанымдарын ортаға айтып, бірге талқыладық.
Қорытынды: Осы тренинг барысында қатысушылар отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі мен маңызын терең түсініп, отбасылық қарым-қатынастың үйлесімділігіне негіз болатын сенім мен бірліктің маңызын тәжірибе жүзінде ұғынды. Тренинг материалдары қатысушыларға отбасыдағы тәрбиенің көпқырлы, жан-жақты екенін көрсетті және практикалық жаттығулар арқылы олардың бұл тақырыпқа деген көзқарасын кеңейтті.
Ұсыныс: Отбасындағы тәрбие мен қатынасты жақсарту үшін тұрақты түрде осындай тренингтер мен семинарлар өткізу.
Педагог-психолог : М.Байнекова
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы – тәрбие бастауы (ата-аналарға)

шағым қалдыра аласыз