400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Отбасы- тәрбие басы, мектеп- тәрбие жаршысы

Материал туралы қысқаша түсінік
отбасын құрметтеу, отбасы мен мектеп, ата- ана байланысы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы:


«Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата - ана және бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ата - анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана бірлігін нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым - қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер «Ата көрген - оқ жонар, ана көрген - тон пішер»,

«Ата – бәйтерек, бала - жапырағы».

Барысы:


І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу

Қазақстан Республикасының Әнұраны.

Армысыздар құрметті ұстаздар және болашақ ұландар! Бүгін біз «Отбасы – тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы» тақырыбындағы тәрбие сағатында бала тәрбиесі, оның жан - жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, сол ортаның ыстық суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Әке шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер - азаматқа жүктеледі. Әйел – отбасының ұйтқысы. Баланы өсіп тәрбиелеу - ата - ана міндеті. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Тәртіпті де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу – отбасы мен мектептен алған үлгі - өнеге жиынтығының жемісі. Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.


І бөлім «Отбасым бақытым». Оқушылар отбасы туралы айтады.

Оқушы: Отбасы өсіп өнер ортамыз. Қуанышты сәтіміз де, мұңайған кезіміз де осы отбасында болады. Біздің отбасындағы міндетіміз: ата- ананы сыйлау, «Үлкенге құрмет, кішіге- ізет» көрсету, жақсы оқу. Мектеп тәрбиенің екінші ошағы. Отбасынан алған әрбір тәрбиеміз, мектепте көрінеді. Мектептегі ұстаздарды сыйлау, құрметтеу басты міндетіміз.


оқушы: Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан - отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас. Себеі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы - табиға сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар- ұятын, ақыл –ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам.





Оқушы: Отбасының басты қызығы, алтынттіреу діңгегі -бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Ата менана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.


оқушы: Алладан кейінгі бізді қоллап, қорғаштап жүретін отбасымыз. Сондықтан отбасы адам үшін сүйіспеншілікке толы махаббат. Қайсы бір адам болсын, отбасын сүйе білуі тиіс. Бұл міндет емес парыз.



ІІ бөлім. «Білімдіге дүние жарық» деп аталады. Мұнда оқушылардың шапшаңдылығын, біліктілігін аңғарамыз. Ендеше викториналық сұрақтар беріледі.

1. Балдан тәтті не? ( бала)
2. Қара шаңырак иесі кім? ( кенже ұл)
3. Әкеден балаңа берілетін зат ( мұра)
4. Үйдегі алтын адам кім? ( ана)
5. Бес дұшпанды атаңдар? ( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
6. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі ( Қорқыт ата)
7. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады?

( 14 жас)

8. Тәрбие мен білімнің ордасы ( мектеп)
9. 18 жасқа толмаған адам қалай аталады? ( бала)

10. «Өзін - өзі тану» бағдарламасының авторы кім? ( С. Назарбаева)
11. Екі адамның бір - біріне деген адалдығы ( достық)
12. Бес асылды атаңыз (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
13. Үш арсызды ата? ( ұйқы, тамақ, күлкі)

14. Мемлекеттік рәміздерді ата ( елтаңба, ту, гимн)

ІІI бөлім «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет салу.
Оқушылар сурет салып, қорғайды.


ІV бөлім «Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі. Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.


1. Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата - анаң қарсы. Сен не істейсің?


2. Көктем мезгілі. Досың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті. Сен не істейсің?

3. Сенің сабақ үлгерімің орташа. Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттеріңді көре білмейді. Сен не істейсің?




4. Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды. Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?


V бөлім «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын табу. Яғни мұнда қай оқушы бірінші қол көтереді, сол оқушы жауап береді.

1. Атаның баласы болма,....................... ( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,..................................( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,.................................( баласыз үй қу мазар)
4.
Ата көрген оқ жонар,..........................( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,..............................( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,...................( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,........................( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.............................( ана - шалқар көл)

VІ бөлім Отбасы туралы бейнебаян: «Ертерек үлкен болсам ғой».



VІІ бөлім Қорытындылау: «Отбасы адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі» демекші отбасымыз түгел, деніміз сау болсын!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
25.10.2019
776
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі