Материалдар / «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»

Материал туралы қысқаша түсінік
ата аналар жиналысы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қаңтар 2023
251
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

СМК.08.КП.03/1

ЖШС «БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»






КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Бөлім меңгерушісі Басқарма төрағасының

________ Н.А Темиралиева ОТІЖЖ орынбасары

«___»______ 2022ж _________ Ш.Б.Кубиева

«___»________2022ж








МӘДЕНИ –КӨПШІЛІК ІС – ШАРАЛАРЫН ӨТКІЗУДІҢ СЦЕНАРИІ

«Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»

(Ата – аналар жиналысы)




Жауапты топ кураторы:

Ж. Ж.Жанбыршина








Орал қаласы, 2022ж


Мақсаты: бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі мен жауапкершілік сезімін күшейте отырып, оқу – тәрбие процесіне бала – ата- ана – мұғалім үш жақты қарым – қатынасты белсендендіре отырып нығайту.

Өткізу әдісі: концерт бағдарлама, пікірлесу.

Көрнекілігі: мультимедиялық құрылғы, түрлі видеолар, слайд, қойылымға қажетті құралдар, себет, ата – аналарға жазылған тілектер.

Өтетін күні:09.11.2022ж

Өтетін уақыты:15:00

Іс – шараның барысы: (келесі бетте)













































Тақырыбы: «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы»


1 – жүргізуші Қарақат: Қайырлы күн ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата – ана мен ұстаз. Болашақ десек те, келешек десе де бала – ұрпақ деген мағынаны білдіреді. Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

2 – жүргізуші Нұрдаулет: Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл – Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата – ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата – аналар іс – жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат – екендігін алға тарта отырып бүгінгі «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты ата – аналар жиналысында сіздерді көргеніме қуаныштымыз.

Топ жетекшісі: Барлығымыз орнымыздан тұрып шеңбер жасайық. Бір – бірімізбен танысып алайық.

1 – тренинг «Кел танысайық»

Мақсаты: топты біріктіру, ынтымақтастықты нығайту.

Н ұсқаулық: топ жетекшісі барлық ата – аналарды ортаға шеңбер етіп тұрғызып, алдымен өзін таныстырып, баласын жағымды қасиеттерін айтып өтеді.















Топ жетекшісі:Көрдіңіздерме бір – бірімізге қолымыздағы жүректі ұсына отырып, танысып, өзара түсіністік қарым – қатынастың алғашқы көпірін құрып алдық. Бұл ата – ана мен бала арасындағы тәрбиенің басты құндылығы.

1 – жүргізуші Нұрдаулет: Әрбір пәнді оқимыз зейін қойып

Біз үшін керек деген ойды түйіп

Әр пәнді меңгерсе екен деген оймен

Ән айтамыз бүгін біз алға шығып – деп алдарыңызда «Емдеу ісі – 19А» тобының орындауында хор «Гоудиамус»

2 – жүргізуші Қарақат: Ана – жұмақ, мен шуақ, саябағы

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

1 – жүргізуші Нұрдәулет: Керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі өлең жолдарын тыңдап алайық. Алдарыңызда Қадыр Мырза Әлінің «Ана» өлең жолдарымен Тұрғалиева Тоғжанды қарсы алыңыздар.

2 – жүргізуші Қарақат:Отбасы тату бір ел тұнып тұрған.

Қамқор ата – аналар билік құрған,

Анаң мейір - шапағат нұр төгуші,

Әкең қамқор қолдаушың, алып тұлғаң – демекші Отбасы бұл шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өз тәлім – тәрбиесі бар. Сол тәрбиенің бастауы бұл отбасынан алынады. Ендеше назарларыңызға «Менің отбасым» атты қойылымды ұсынамыз.

1 – жүргізуші Нұрдәулет: Адамдықтың шегінен аспайтұғын ұстазым

Адалдықтың жолына бастайтұғын ұстазым

Қылығына шаланың саспайтұғын ұстазым.

Құпиясын баланың ашпайтұғын ұстазым.

Қиындықты жеңуде бағыт берген ұстазым – дей келе келесі сөз кезекті топ жетекшіміз Жанбыршина Жаркынай Жангелдиевнаға береміз.

2 – жүргізуші Қарақат: Отбасы – сүйіспеншіліктің құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Ұлт – өмірінің іргетасы, негізін қалаушы отбасы болса, отбасының іргетасы – бала деген қарым – қатынас берік болсын деп келесі кезекті «Тәтті тілек» тренингімізге беремін.

1- жүргізуші Нұрдәулет: Бүгінгі күні колледжіміздің, тобымыздың атын шығарып, Алматы қаласында өткен «ARASHI MMA» спорт түрінен жеңімпаз болып оралған Хусайн Айгерімді және оған тәлім – тәрбие берген ата - анасын құттықтап, жылы лебізін білдіру үшін келесі сөз кезегін Басқарма төрағасының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кубиева Шынар Бекболатовнаға береміз.

1 – жүргізуші Қарақат: Отбасы деген шағын ғана мемлекетіміздің берік те бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, соның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны – деп Антон Семенович Макаренко айтқандай отбасындағы ата – ана мен баласы арасындағы қатынас берік болсын. Осымен «Отбасы – тәрбиенің басты ұясы» атты ата – аналар жиналысымызға келіп қатысып, назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!


БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



ХАТТАМА №5


Күні:09.11.2022ж


«Емдеу ісі -19А» тобына өткізілген ата – аналар жиналысы


Төрайымы: Жанбыршина Ж.Ж

Хатшы: Тәжібай Ақжүніс


Қатысқандар саны:15


КҮН ТӘРТІБІ

  1. Білім алушылардың пәндер бойынша сабақ үлгерімдері

  2. «Тәрбиенің басты ұясы - отбасы» тақырыбында концерттік бағдарлама

  3. Әртүрлі мәселелер



ТЫҢДАЛДЫ:

  1. Анатомия, физиология пәндерінен сабақ үлгерімдерін Абужалитов А.З, Ашимова С.К, Баешова А.С есімді оқытушылар нақты тоқталып, пәннің маңызыдылығын талқылап, түсіндірді.

  2. Ата – аналар жиналысында «Емдеу ісі – 19А» тобының ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама өткізілді.

  3. Топ кураторы топтағы білім алушылардың өзара қарым – қатынасы, олардың сабаққа қатысуы, колледжішілік шараларға қатынасуы туралы мәселелерін айтып, ата – аналармен ойын бөлісті

СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:

1 Айсагалиева Қарақаттың анасы: Қазіргі оқып жатқан бұл мамандық үлкен жауапкершілікті, талапты қажет етеді. Бұл мен үшін, басқа ата – аналардың білуі қажет деп есептеймін. Бұл адам жанының арашасы болатын ақ халатты абзалдар тәрбиеленетін білім ордасында өткізіліп жатқан бүгінгі ата – аналар жиналысы жаңа қиындықтарды жеңуге, алдын алуға маңызды қадам деп санаймын.

Карабалина Айизаның анасы: Бүгінгі ата – аналар жиналысында айтылған мәселелер өте орынды. Қызымның сабаққа қатысып, үлгерімі қандай деңгейде екендігі туралы мағлұмат алдым деп санаймын. Енді алдағы келе жатқан қысқы сессияға толық дайындығы дұрыс болу үшін көбірек оқу қажет деп есептеймін.

Хапез Нұрлыбектің анасы: Бұл жиналыс біздер үшін маңызды. Бұл балаларымыздың мамандығы, болашақтағы наны деп білемін. Әрбір пәнге аса үлкен зейін қойып оқуы керек, сол себепті бізге оқытушылардың әр бала жөнінде мәліметі маңызды деп есептеймін.

Хұсайн Айгерімнің анасы: Қызым Айгерім сабаққа деген қызығушылығы, оқу деңгейі туралы оқытушылардың айтқан ойларымен келісемін. Себебі әр баланың қабылдау, есте сақтау деңгейлері әртүрлі болады. Дегенмен де сол деңгейіне қарай білім нәтижесін көрсеткендері адал болу керек деп санаймын.

Тәрбие ісінің меңгерушісі Ш.Б Кубиева:Бүгінгі оздырылып отырған ата – аналар жиналысы бұл білім алып жатқан балаларымыздың болашағына бір көзбен қарап, бірлесіп жұмыстану мақсатында ұйымдастырылып отыр. Колледждің ішкі тәртіп ережесі, киім үлгісі, сабаққа қатысуы, сабақ үлгерімінің барлығы беріліп жатқан тәрбиеден бастау алатынын білеміз. Сондықтан ата – аналар сіздерді біздің білім ордасымен тығыз байланыста бола отырып, жұмыстану қажетпіз деп санаймын.

Колледж психологі А.С Муктарова: Барлық бүгінгі жиналысқа қатысып отырған ата – аналар, қазіргі білім алып жатқан балалардың колледж ортасына бейімделіп кетуі, жан – жақты қалыптасып кетуіне колледж ұжымы мен ата – ананың тікелей әсер етуінен жүзеге асырылады. Әр баланың бұл мамандыққа тілекей бір ауыздан ат салысайық деп шақырамын

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

  1. «Емдеу ісі – 19А» тобының білім сапасын жақсы деңгейде ұстау үшін «Ұстаз – ата – ана- білім алушы» үш жақты байланыс күшейтілсін

  2. Арнайы пәндерден сабақ беретін оқытушылармен бірге білім алушылардың үнемі байланыс орната отырып, жүйелі жұмыс жүргізілсін.

  3. Колледж қабырғасына білім алушылардың тиімді, жан – жақты бейімделуіне, психологииялық тұрғыдан қолдау одан әрі жұмысы жүргізіле берсін



Төрайымы:____________ Ж.Ж Жанбыршина

Хатшы: ____________ А.Тәжібай





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!