400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасы- тәрбиенің ұясы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Степное негізгі мектебі – балабақша кешені» КММ

3 Ата- аналар жиналысы

Мұғалім: Курмангалиева Айгерим Ериковна

Сынып: 5-7 «А»

Өткізілген күні: 12.01.2017 жыл

Тақырыбы: Отбасы- тәрбиенің ұясы

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру; 

Көрнекілігі: карточка, дөңгелектер, нақыл сөздер,«кірпіш» тапсырмасы бар; қағаз, қалам.

Жоспары

1.  Тренинг: шаттық шеңбері

2.  Кіріспе сөз: «Ата- ананың басты қуанышы бала»

3.  Ата аналамен ойын өткізіледі.

4.  Қорытынды.

Барысы: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар!Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр.

Тренинг: Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, бүгінгі кездесуден не күтетіні туралы айтады.

Ата - ананың басты қуанышы- бала.

Ата - ананың басты - қазығы, алтын тіреу діңгегі - бала. Отбасы тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты: баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру. Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата- ана мен отбасы мүшелерінің қарым қатынасында махаббат, сүйіспеншілік, адамгершілік, қайырымдылық, әділдік, ұйымшылдық, мәдениеттік қасиеттері және т.б келбетін сақтайтын тұлға тәрбиелеуге керек екендігі бәрімізге аян. Мына жасампаз ғасырда, жаһандану дәуірінде мектеп партасында отырған баланың жан-жақты білім алуына ең бірінші ықпал ететін - ұстаз болса, оның сүйеніші ата-ана. Сондықтан ата-ана өз баласының білім алуына барынша жағдай жасау тиіс. Бала тәуліктің бір бөлігінде , яғни 6 сағат мектепте болса, 18 сағат өз отбасында тәрбие алады.

 2. «Балаңызға деген сүйіспеншілік деген» ойыны өткізіледі.

    Баланың жан дүниесі – Бұл толып тұрған ыдыс сияқты. Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай  қабілеттері болғанын  және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жүрек бар. Сол жүректің ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, осы ыдыстың ішіне салып қойыңыздар және де жазған сөздеріңізді айтып шығуларыңыз керек. Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер.

 3. Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

 

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй  жақсы көріп және күтетін жері болу керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз. Олар: Мейірімділік, күлкі, түсінушілік, шыдамдылық, көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.        

Ойын тапсырмалары;

1.                  «Парасатты» кірпіші

Қағазды екі қатарға бөліп ата-аналардың оң және теріс жағын үш сөз арқылы жеткізу, жазу, айту.

2.      «Достық» кірпіші

    «Үй» деген сөзді қалай түсінесіз?

Мысалы: менің қорғанысым,күтетін жер, отбасылық ұйытқысы

3.       «Махаббат» кірпіші

 Мимика жест арқылы өзіңіздің бала деген махаббатыңызды жеткізіңіз.

4.  «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әріпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

 Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсырамыз.

Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

 Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығын, жолын ашады.


  • Бүгінгі жиналыстан өздеріңізге не алдыңыздар және қандай қорытынды жасадыңыздар?


Қорытынды: Халқымыз «Ұяда не көрсең, соны ілерсің» дейді. Бала әрқашанда ата анадан мейірімділікті, сүйіспеншілікті, жүрек жылуын қажет етіп, ата ананы өмірдің тірегі санайды.

 Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13.05.2019
467
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі