жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы – ұлт құндылығы
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ
Қысқа мерзімді сабақ
жоспары
Сабақтың тақырыбы: Отбасы – ұлт
құндылығы
|
Пәні: |
қазақ тілі |
|
Тоқсан: |
ІІІ |
|
Бөлім: |
5- бөлім Отбасы және демографиялық өзгеріс.Синтаксис |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Джадирова Жанар Джамбуловна |
|
Күні: |
08.01.2024 |
|
Сынып: 9 |
Қатысушылар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану |
|
Сабақтың мақсаты: |
тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік
мәселелермен |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы 3 мин Қызығушылықты ояту. 5 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін. Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ? Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.
Тест Құрмалас сөйлем
|
Оқушылар сәлемдеседі. Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады. |
Дескриптор: - сұрақтарға нақты жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі. |
Б.Қапалбек, С.Жантасова, Т.Мадиева Қазақ тілі. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. -Алматы, Мектеп, 2017ж. жұмыс дәптерлері. |
|
|
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 30 мин. |
1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқы. «Төрт сөйлем» әдісі
арқылы тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен
байланыстыр. |
Оқушылар
мәтінді мұқият оқиды,
«Төрт сөйлем» әдісі арқылы тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік
мәселелермен байланыстырады. |
|
Слайд
|
|
|
|
Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысын нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің мағынасын ашып, түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас деп аталады. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдер жалғаулық шылаусыз, іргелес тұрып байланысады да, арасына қос нүкте қойылады. Мысалы, Ернеудің бір айналма тұсында із екі айырылды: бірі ернеуді бойлап ілгері кетті, екіншісі төмен қарай түскен. Түсіндірмелі салаластың бірінші жай сөйлемінің баяндауышының құрамына сол, сонша, соншалық, сондай деген сілтеу есімдіктері қатысса, екі жай сөйлемнің аражігіне сызықша қойылады. Мысалы, Тасқынның қаттылығы сонша – жолындағының бәрін жапырып кетті. Құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына нұсқап, ол соңғысы алдыңғы сөйлемнің мазмұнын ашатындай, талдап түсіндіріп тұратын құрмаластың түрі түсіндірмелі салалас. Түсіндірмелі салаластың жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес тұрып байланысады. Бірінші жай сөйлемнің баяндауыштары көбінесе сілтеу есімдіктері мен сілтеу мәнді сөздер: (мынау, сол, сондай, мынаны, соншалық) Түсіндірмелі салаластың аражігіне қос нүкте, не сызықша қойылады. Түсіндірмелі салаластың жасалу жолдарын мына кестелер арқылы толық түсіндіремін Мысалдар Баяндауыштары және мағынасы Байланысу тәсілдері Бағжан тағы да естелік көрсетті: әкесі мен Кенжеғараның алдына бір қалашты бөліп қойды да, Нартай мен Әлішердің алдына үлкен бір бөлкенн нанды тұтас қоя салды. Мұның түпкі себебі мынау: романда ұнамсыз кейіпкер мүлде жоқ. Ғылымға берілгендігі сондай – қолынан кітабы түспейді, үнемі оқиды да жүреді Әкесінің келгеніне қуанғаны сонша – қолындағы ойнап тұрған ойыншығын лақтырып тастады Бәрінің баяндауыштары тиянақты формада Алғашқы сөйлемнің баяндауыштары (Мынау, сондай, сонша) сілтеу есімдіктері Орын тәртібі арқылы байланысады. Интонация және орын тәртібі арқылы байланысқан. Түсіндірмелі салаластың тыныс белгілерін мына сызбалар арқылы түсіндіремін: Түсіндірмелі салаластың түсіндірілетін компонентінен кейін қос нүкте қойылады мынау: Түсіндірмелі салаластың түсіндіретін сондай - компоненті сілтеу есімдіктерінің бірі болып келсе, не қос нүкте, не сызықша қойылады.
2-тапсырма.
Түсіндірмелі салалас
құрмалас |
Түсіндірмелі салалас
құрмалас |
Дескриптор 6 балл
Түсіндірмелі салалас
құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін
қояды-2 |
|
|
|
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин.
|
Рефлексия. «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісінде: Мен бүгін білдім.... Мен бүгін сезіндім.. Мен келесі сабақта білгім келеді..............-деген сөйлемдерді аяқтап жазады. Үйге тапсырма: 4-тапсырма |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
|
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген