Отбасы алтын діңгегім

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы алтын діңгегім

Материал туралы қысқаша түсінік
Сайыс сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ата-аналармен өткізілетін «жарысқа шық жанұя» отбасылық эстафеталық сайыс

Мақсаты: Отбасы мен балабақша арасындағы байланысты нығайтып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «спорт" туралы түсініктерін кеңейту. Қазақи ойын ойната отырып ұлттық құндылықты дәріптей отырып ата-ана балалардың ұлтқа деген сүйіспеншіліктерін ояту. Отбасына деген сүйіспеншілікті арттыру.

Көрнекілік: доп, шеңбер кедергілер, қанар, доға.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Барысы:

Жүргізуші:

  • Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

  • Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да! Дегендей армысыздар құрметті ата-аналар мен бүлдіршіндер. Бүгінгі біздің «жарысқа шық жанұя» атты спортық отбасылық эстафеталық сайысымызға қош келдіңіздер!

Өнерпаздар өнерін салыстырып

Бәйге үшін терлетер шабыстырып.

Әділдікті қолдайтын баға беріп,

Жіберейік қазыларды таныстырып дегендей

Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әділқазылар алқасымен таныс

Музыка жетекшісі; Раушан Қалқабаева болыңыздар.

Қазақ тіл жетекшісі:Өскенгүл

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы  6 кезеңнен тұрады.

  1. Шенберді домалату белгіге дейін домалту

  2. «Тасымалдау» сайысы шеңберде допты алға қарай тарту.

  3. «Тенге алу»

  4. «асық ату» сайысы

  5. «арқан тартыс» сайысы

  6. «кім жылдам» к сайысы

Жүргізуші:

Гүл көңілдер қуаныштан өріледі,

Көздерінен жалын нұры төгіледі.

Жыр ұшқында тұр ғой,

Әне үйіңнен көпшілікке таныстыршы өзіңді деп қатысушыларымызды ортаға шақырамыз. ( музыка ойнап тұрады, сайысқа қатысушы командаларды шақырамыз)



I –КЕЗЕҢ: ТАНЫСТЫРУ.

Ойын шарты: Әр команда өздерінің топтарын таныстырады.

Ендеше «Таныстыру» кезеңімізді бастаймыз.

Салауатты өмір салтын сақтайтын

Жаттығудан ешқашанда қашпайтын

Қыран тобы келді бүгін сайысқа

Өз топтарын жақтайтын- деп ортаға «Қыран» тобын шақырамыз.

Қыран тобы:

Қыран тобы алға

Биіктерге самға



Ұстанған салауатты өмір салтын

Жасқанып ешқашанда мойымайтын

Болашақ спортшылар келді ортаға

Қол соғып қарсы алайық «Сұңқар» тобын



Сұңқар тобы :

Жарыс десе жанамыз

Бүгінгі жарысты алғырлықпен аламыз

Спорт жетекшісі:

  • Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар мен балалар.Сайысымызды бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуын жасап алайық. (Флешмоп).

  • Сайысымыздың екінші кезеңі Жүргізуші:

  • Әділқазылар сайыстың екінші бөлімі бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймын!

Жүргізуші: Спорт көркі өмірдің, Спорт досың серігің- деп сайысымыздың үшінші бөліміне көшеміз. «Шығыршықпен  бір-бірін тасымалдау».

Кілемде үш шеңбер жатады алдында тұрған бала артындағы шеңберді алдыға жылжытып отырады.

Спорт жетекшісі:

  • Шарты: әр топқа 2 шығыршық беріледі. Алдыңғы тұрған ойыншы 1 шығыршықты жерге қойып бәрі ішіне тұрады. Екінші шығыршықта осылай қайталанады. Ойын шарты түсінікті болса, ойынымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

  • Құрметті әділ қазылар 3 кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

  • 4 кезеңімізге көшейік. «Доп тасу» ойыны.

Спорт жетекшісі:

  • Шарты: Кішкентай доптарды қасықпен тасып саламыз

Жүргізуші:

  • Құрметті әділ қазылар 4 кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

  • 5 кезеңіміз «Көпірден өт» сайысы

  • Шарты

  • Көпірден аттап доптарды кезек, кезек орнын ауыстыр қою.

Спорт жетекшісі:

  • Шарты: Кедергілер арасынан секіріп жүру.

Жүргізуші:

  • Құрметті әділ қазылар 5 кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Жүргізуші:

  • Ең соңғы кезеңімізге «Кім мерген» сайысына да келіп жеттік.

Спорт жетекшісі:

  • Ойын шарты: Карзинадағы допты алып бос тұрған карзинаға саламыз

Жүргізуші:

  • Құрметті әділ қазылар 6 кезеңіміз бойынша бағаларыңызды беруіңізді сұраймыз.

Қорытынды бөлім:

Жүргізуші:

  • Жарыс заңы ежелден –

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену, жалықпау

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады, - демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.

Жүргізуші:

  • Ән: «флешмоб»

Жүргізуші:

  • Құрметті ата-аналар және қонақтар бүгінгі «әкем шешем және мен» отбасылық эстафеталық сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз

Іс шараны жүргізген:

«Дене тәрбиесі жетекшісі: Съезхан Айтолқын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.03.2025
117
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі