Материалдар / "Отбасы-алтын діңгек"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Отбасы-алтын діңгек"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Отбасы-алтын діңгек" отбасылар арасындағы өнерлілер арасындағы сайыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2018
603
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Отбасы — алтын діңгек»


Мақсаты: Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Ата-аналардың мектеппен, мұгаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнектілігі: Әр отбасына арналған слайд-шоу.

Барысы:

Қазіргі заманның Қазақстандық қоғамында отбасының мәртебесін және рөлін арттыруда, жауапты ата-аналықты насихаттауда, отбасы тәрбиесінің өзекті проблемалық мәселелерін шешуде мектеп, мұғалімдер ата-аналарға жан-жақты көмек көрсетуде.

Бүгінгі біздің сыныбымызда «Отбасы — алтын діңгек» атты сайыс ұйымдастырылып өткелі отыр. Олай болса, бүгінгі сайысқа қатысушы аналарымызды балалармен бірге қошеметтеп ортаға шақырайық.

Шаттық шеңберіне тұру.

Мұғалім: — Балалар, бүгін сендер ерекше әдемі, көңілді келіпсіңдер. Қадамдарын құтты болсын.

1 бала — Баршаларына сәттілік тілеймін.

1 ана — Балаларымыз саналы, тәрбиелі болуына үлес қосамыз.

2 бала — Әрқашан тату-тәтті болайық.

2 ана — Балаларымыз кішіпейілді, мейірімді болуына үлес қосамыз

3 бала — Аңсаған армандарымызға жетейік.

3 ана — Өзіміздің балаларымыздың бойында өнегелікті дарыта білейік.

Сайысқа қатысу ретін анықтау.

Жүргізуші:

Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырап.

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазын анықтайтын әдіқазылар алқасымен таныс болыңыздар.

Сайыс 3 балдық жүйемен бағаланады және әр бөлімнің бағалау өлшемдері (критерийлер) болады.

Жүргізуші:
Аналар бар өнерін салары анық,
Өнегелі тәлімді алған қанып.
Ал ендеше таныстырып өтейін мен,
Бөлімдерін сайыстың бөліп жарып.
Сайыс бағдарламасы төрт бөлімнен тұрады:

1 бөлім — Сұрасаң менің тегім. Таныстыру.
2 бөлім —
Өнер сайысы. (би билеу, өлең айту, өлең оқу)
3 бөлім —
Мақал-мәтел сайысы және мақалдың мәнің ашу.
4 бөлім —
Қолөнер

5 бөлім – Отбасылық сурет

6 бөлім – Сұрақтар (Жағыдаяттар)

Отбасымыз келіп жетті танысуға,
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен ізетпен танысуға.

Әрбір отбасы өздерін таныстырып өтеді.

1 бөлім — Таныстыру. Бұл бөлім үш критерий (өлшем) бойынша бағаланады. Олар: шығармашылық, сөйлеу мәнері, АКТ-ны қолдануы.

Жүргізуші: Әділ қазы мүшелерінен таныстыруға берген бағаларын сұрасақ.

2 бөлім өз өнері

Бұл бөлім 5 баллмен бағаланады.

Жүргізуші: (қорытынды сөз): Балалардың армандары бүкіл адамзатқа ортақ. Қай тілде бала сөйлемесе де, оның болашағы, аңсаған арманы, кейін мақсаты ата-анасына байланысты. Бұл сайысты Мұхтар Шахановтың «Арман» өлеңінің жолдарымен аяқтағым келеді:

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.

Өзінің алғырлығын ұғындырып,
Көрсетер көп іздеген мығым қылық,
Келесі бұл сайыстың жоспарында,

Түседі бәйгеге білімділік — деп, сайысымыздың 3 бөлімі Мақал-мәтел сайысы және мақалдың мәнің ашу.

1 Ұяшық:
1Балаңа байқап сөйлесең, (ақылыңа көнер)
2 Өз білмегеніңді кісіден сұра (Үлкен жоқ болса,кісіден сұра)
3 Әдептілік белгісі (Иіліп сәлем бергені)
4 «Ана – балаға жастық,әке көрпе» Мақалдың мәнін ашу.
2 Ұяшық:
1Оқу –білім бұлағы (Білім өмір шырағы)
2 Қына тасқа бітеді (Білім басқа бітеді)
3Қарағайға қарап тал өсер(Қатарына қарап бала өсер)
4 «Тұлпар тайдан өседі» Мақалдың мәнін ашу
3 Ұяшық
1Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)
2Досы көпті жау алмайды (Ақылы көпті дау алмайды)
3 Тіліңмен жүгірме (Біліміңмен жүгір)
4 «Бала обасының айнасы» Мақалдың мәнін аш
4Ұяшық
14 Ұяшық
1Ағасы бардың жағасы бар, (Інісі бардың тынысы бар)
2 Ағаның үиі (ақ- жайлау)
3Білім басы –бейнет, ( соңы-зейнет)
4 Қартың болса,жазып қойған хатпен тең. Мақалдың мәнін ашу.
5 Ұяшық
1Қызым, саған айтам, (Келнім ,сен тыңда)
2Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
3Отансыз адам (ормансыз бұлбұл)
4 Өз балаңды өскенше бағасың,

4 бөлім — Қолөнер


5 бөлім – Отбасылық сурет


6 бөлім – Сұрақтар (Жағыдаяттар)


Тыңдаңыздар халайық!
Босқа қарап тұрмайық
Кезегі енді сайыстың
Сұрақ жауап табайық!- сайысымыздың 6-шы бөлімі бойынша жағыдаяттар сұраққа жауап беру.
1.Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр,осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяныз басталды. Сіз не істейсіз. Балаңызға жасар әрекетіңіз қандай?
2 Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз.Балаңыз «мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?
3 Балабақшадан келген балаңыз. «Мен ертең балабақшаға бармаймын, апай ұрысты» деді. Сіздің әрекетіңіз қандай болмақ?
4Сіз тәрбиешісіз.Сіздің топта біреудің жалғыз баласы бар. Ол бала өте тынышсыз, тәрбие беруге көнбейді. Ұрыссыңыз ата-анасы ренжиді, ұрыспасаңыз бала өте тәртіпсіз, сіз қандай шара қолданасыз?

Әділ қазы мүшелерінен жағдаяттар сайысына берген бағаларын сұрасақ.

Жүргізуші: Бұл сайыста ата-аналар құнсыз заттарды құнду затқа айналдырып болашақта балалары қандай болғанын көргісі келетінін білдіре білді.

Қорытынды: Ата-аналардың тілегі,
Адам болып өскенің,
Адамдықтың тірегі,
Адал болып өскенің.

Сайысты Василий Александрович Сухомлинскийдің сөзімен аяқтағым келеді: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш- жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» Әділқазы мүшелері сайыстың төрт бөліміне баға беріп, жалпы ұпай санын санағанша «Жүректен- жүрекке» шеңберіне тұрайық.

Рефлексия.

Жүргізуші:
Әділ қазылар мүшелері сайыстың қорытындысымен таныстырып, марапаттау рәсіміне көшейік. Құрметті ата- аналар және қонақтар, балалар бүгінгі «Отбасы — алтын діңгек» атты сайысымыз өз мәресіне жетті барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақыт, береке және бірлік тілейміз.


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!