Тақырыбы:
«Отбасы-баланы тербетер рухани бесігі»
Мақсаты:
Ғасырлар
бойы жалғасын тауып келе жатқан, тот
баспайтын, отбасы тәрбиенің қайнар көзі
екендігін санамызда жаңғырту. Ата-аналардың
отбасылық құндылықтарын бойларына
сіңіре отырып, психологиялық білімін
көтеру.
Көрнекіліктер:
презентация
Power point, оюлардың қиындылары, ватман,
қоржын, асықтар.
Барысы:
Сәлеметсіздер
ме, құрметті қонақтар!
«Отбасы-баланы
тербетер рухани бесігі» тақырыбында
шебер сынып көрсеткелі отырмыз.
Біздің
шебер сыныпқа қатысамыз деп, ниет
білдірген ата-аналар болса ортаға 10
шақты қатысушы шығуларыңызды сұраймыз!
“Амандасу”
тренингі
Қатысушылар
өздерін еркін ұстау және бір-біріне
деген қарым-қатынастарын нығайтып,
көңіл-күйін көтеру
1.Қолмен
амандасу
2.
Арқасынан қағу
3.
Күлімсіреу
4.
Бір тілек айту
Шебер
сыныптың кезеңдері:
1.
«Салт-дәстүр» ауылы; (Бұл кезеңде әр
түрлі суреттерді көріп, қандай салт-дәстүр
екенін айтып беру.)
2.
«Мақал-мәтелдер» ауылы; (Бұл кезеңде
мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек)
3.
«Білгір» ауылы ( Қоржында жасырылған
тәрбиеге және отбасына байланысты
сұрақтарға жауап беру)
4.
«Өнер» ауылы (Бұл кезеңде қазақтың
ұлттық аспаптарының дыбысы жасырылған.
Сол аспаптың атауын табу).
5.
«Шығармашылық» ауылы. (Бұл кезеңде
берілген әртүрлі оюлардан түкті кілем
жасап шығару және қорғау керек).
«Салт-дәстүр»
ауылы;
1-сурет
«Тұсау кесу»
Тұсаукесер – сәби қаз
тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген
тілекпен жасалатын ғұрып,
ырым.
Ол
үшін арнайы ала
жіп дайындалады.
Бұл ала жіп аттамасын деген ұғымнан
шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап,
оны жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады.
Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың
тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген
баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу шашылады.
Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін
береді. Тұсау кесу тойының негізгі
жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы
немесе пышақ.
Тұсаукесердің
жібін дайындаудың бірнеше түрлері,
жолдары, сенімдері де бар. Көбейіп,
көгере берсін деп көк
шөптен есіп
жасайды. Бай болсын деп малдың тоқ
ішегінен де
өреді. Адал болсын
деп ала жіптен де жасайды.
2-сурет
«Бесікке салу»
Бесікке
салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу
рәсімі. Бесікке саларға шақырылған
ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала
келеді. Баланы алғашқы бөлеу
үлгілі ұрпақ өсірген
қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен
басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен
бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не
шешесі түбектің тесігінен
балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан
кейін бесікті отпен аластап, баланы
бөлейді. Бесікке салған
әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады.
Үлкендер батасын беріп, баланың ер
жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына
тілектестік білдіріп, бесік
жырын айтады.
3-сурет
«Атқа мінгізу»
Баланы
тұңғыш атқа мінгізу – қазақ
тәлім-тәрбиесіндегі мән-мағынасы терең,
тәрбиелік қуаты күшті салттарының бірі.
Баланы
атқа мінгізуден бұрын әр отбасы алдын
ала балаларына ашамай, кішкене
ер-тұрман әзірлетіп, мінетін тай-құнандарын
жуасытып, баласы өз тізгігіні өзі алып
жүретіндей болғанда, сәтті бір күні
ел-жұрт, бауыр-туыстарын шақырып, «ашамай
тойын» жасап, атқа мінгізеді.
Бала
алғаш атқа мінгенде жығылмау керек.
Қазақ халқы: «алғаш ат жалын тартып
мінгеннен бастап…» тұңғыш атқа мінген
күнді өмір сапарына балайды.
Баланы
атқа мінгізу арқылы жауапкершілікке,
ерлікке, ептілікке баулиды.
«Мақал-мәтелдер»
ауылы.
Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын
табу керек
Атаға
қарап ұл өсер...
Атаңның
баласы болма....
Ананың
көңілі балада...
Ұяда
не көрсең...
Балалы
үй базар….
3.
«Білгір» ауылы
Қоржындағы
асықтарды таңдай отырып, сұрақтарға
жауап беру керек.
Балдан
не тәтті? (бала)
Қара
шаңырақ иесі кім? ( кенже ұл)
Әкеден
балаға берілетін зат (
мұра)
Үйдегі
алтын қазық кім? - ана
Бала
тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп
ойлайсыз?
Сыйлық
(Киіз үй)
4.
«Өнер» ауылы
(Бұл кезеңде қазақтың ұлттық аспаптарының
дыбысы жасырылған. Сол аспаптың атауын
табу).
1-ші
«Жетіген». Жетіген
— жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте
күрделі аспап. Ертеректе ел арасында
сақталған көне жетігеннің ішегі аттың
қылынан тағылып, тиектің
орнына асықтар пайдаланылатын
болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды
әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген.
Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап
Жетіген аталған.
2-ші
«Сыбызғы». Үрмелі аспаптар арасында сыбызғы - халық үшін
ең сүйікті аспап болып табылады.Ол
халықтық музыкалық өнердің
ажырамас бөлігіне айналды. Сыбызғыны
қуыс талдан жасаған, одан үш саңылау
ойған. Қурайдан, ағаштан,
кейде жезден де
жасалады. Ұзындығы 60-70 см.
3-ші
«Қобыз».
Қобыз
ен көне аспаптардың бірі. Қобыз екі
шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген
ысқышы бар аспап. Кобыздын 4000 жылдык
тарихы бар.
5.
«Шығармашылық» ауылы.
Қазір сіздерге қиылған әртүрлі оюлар
беріледі. Сол оюлардан түкті кілем
жасап шығарасыздар және оны қорғайсыздар.
Қорытынды:
Құрметті ата-аналар және қатысушылар!
Біздің бүгінгі сіздермен өткізіп
отырған, шебер сыныбымыз өз мәресіне
жетті. Бүгінгі «Отбасы-баланы
тербетер рухани бесігі»
тақырыбында
өткізілген шебер сыныпта алған
әсерлеріңізді, ойларыңызды қандай
сезімде болғандарыңызды айтуларыңызды
өтінеміз? «Еркін микрофон».
Отбасы
– бала тәрбиесінінің ең алғашқы ұжымы.
Ата-ана және отбасы мүшелері бала дүниеге
келген күннен бастап, оның тіршілік
әрекетін ұйымдастырады, салт-дәстүрін
бойына сіңіреді.
Барлықтарыңызға
көп – көп рақмет!
Алматы
облысы Талдықорған қаласы
«М.Жұмабаев
атындағы №19 орта мектеп- гимназиясы
МДШО»КММ
педагог
-психолог Ғазез Жансая Серікқызы