жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Отбасы-бақыт мекені"
№36 жалпы орта мектеп
«Отбасы- бақыт мекені»
.
Тақырыбы: |
«Отбасы- бақыт мекені» |
|
Өткізуші: |
Билялова Б.А. Калиева Н.Б. Калыбеков С.С. |
|
Мақсаты: |
Оқушылардың шығармашылық және ойын іс-әрекеттері арқылы сәтті әлеуметтену деңгейлерін жоғарылату. |
|
Міндеттері: |
|
|
Құндылықтарды игеру |
Азаматтық, жауапкершілік, ынтымақтастық, құрмет. |
|
Уақытты жоспарлау |
|
Дереккөздер Дид.материал |
Басы
10минут
|
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылыр және ата-аналар! 2-жүргізуші: «Отбасы- бақыт мекені» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! 1-жүргізуші:Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына дегенсүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады.«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. 2-жүргізуші:Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенгеқызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. 1-жүргізуші:Ел басымыз Н. Ә. Назарбаев біздің болашақ балаларымыз арыстандай айбаттылығымен, жолбарыстай тектілігімен ел тізгінін ұстайды деп болашақ жастарға үлкен сенім артады. Салауатты өмір сүру өз қолымызда. Осы мақсатта біз бүгін отбасылық спорттық сайысты ұйымдастырып отырмыз. 2-жүргізуші: Бүгін біз, спорттық сайысымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында аянбай еңбек етіп жүрген ата-аналарымызбен, яғни отбасы мүшелерімен бірге көңілді сәттерді өткізбекпіз. 1-жүргізуші: Бүгінгі «Отбасы - бақыт мекені» атты спорттық сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Ән: Нурланов Фархат, « Биле » |
Фанфары «Биле» әні |
Негізгі бөлім
30 минут
|
2-жүргізуші: Ұстанған салауатты өмір салтын, Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, Болашақ спортшылар келді ортаға Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!- дей отырып, бүгінгі сайысқа қатысатын отбасыларды ортаға шақырайық:
3.7 «С» сыныбынан «Қыран» тобын ортаға шақырамыз. 1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды әділ бағалайтын, әділ-қазылар алқасымен таныс болыңызыдар:
2-жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын, сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік:
1-жүргізуші: «Шынықсаң шымыр боларсың!»- демекші сайысымызды бастаймыз!- бірге хормен айтады. 1. «Жеңіл атлетика» 2. «Допты құрсауға (обруч) салу» 3. «Қаппен секіру» 4. «Скейтборд эстафетасы» 5. «Парабоз» Әр кезеңді әділ-қазылар алқасы бағалап отырады. 2-жүргізуші: Әділ-қазылар алқасы әділ бағасын бергенше, 8 «С» сынып оқушыларының өнерін тамашалайық. |
Доп, құрсау, қап, скейтборд. |
Қорытынды бөлім 10 минут |
Әр кезеңді әділ-қазылар алқасы бағалап отырады. 2-жүргізуші:Әділ-қазылар
алқасы әділ бағасын бергенше, 8 «С»
сынып оқушыларының өнерін тамашалайық. 1-жүргізуші: Сайыстың қорытындысын жариялау үшін ортаға әділ-қазылар алқасын шақырамыз. Марапаттау: 1 орын, 2 орын, 3 орын алған жеңімпаздарды мадақтамамен марапаттау. 2-жүргізуші:“ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. 1-жүргізуші:Бүгінгі «Отбасы- бақыт мекені» атты сайысқа алтындай уақыттарын бөліп, келіп қатысқан отбасыларға, ата-аналарымызға айтар алғысымыз щексіз! 2-жүргізуші: Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім. 1-жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа! Өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да! 2-жүргізуші: Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтей білейік! 1-жүргізуші:
Келесі кездескенше күн жақсы болсын!
Назарларыңызға рахмет!
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген