Авторы:
Сағындық Аида Серікқызы
КМҚК
«Бегім-Ана» балабақшасының тәрбиешісі
Тақырыбы: «Отбасы
–бақыт мекені!»
Мақсаты: «Отбасы»
құндылығы туралы түсініктерді отбасы
туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе
білуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек
етуге үйрету;
Тәрбиелік: үлкендерді
сыйлауға, кішілерді құрметтеуге,
қамқорлыққа, бір-бірімізге жақсылық
жасауға тәрбиелеу
Білімділік: балаларға
өз отбасы мүшелері туралы айтып, олардың
қамқорлықтары туралы білім
беру,
Дамытушылық: әр
түрлі тапсырмалыр, ойындар арқылы,
мақал-мәтел жаттатқызу арқылы тілдік
қорларын дамыту, өз ойларын айқын
жеткізуге, үш тілділікке
үйрету..
Құрал-жабдық: отбасы
суреттері, дидактикалық ойын «Отбасы»,
интерактивті тақта.
Қостілдік
компонент: отбасы-семья-family,
ана-мама-mother, әке-отец-father
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,
әңгімелеу, ойын.
Барысы:
Шаттық
шеңбері:
Анаң - күнің, жүрегің,
Әкең
- өмір тірегің.
Әжең
- асыл ардағың,
Атаң
- дана қорғаның.
Ағаң
- қамқор асқарың,
Інің
- мөлдір аспаның
Қарындасың
- қанатың,
Ел
- Отаның ұшатын
Сен
бақытты ұлансың,
Бәрі
саған қуансын!!!!!
Әңгімелесу:
Балаларға слайд бойынша отбасы туралы
суреттер бойынша әңгімелесу.
- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына
суретке назар аударайықшы, кімдердің
суреті?
-
Ата, әже, әке, ана бала.
-
Отбасы – ең жақын адамдардың ошағы, бір
шаңырақ астында жақын тату- тәтті,
сыйластықпен, ынтымақпен тұратын адамдар
тобы.
Отбасы
мүшелеріне – ата, әже, әке, ана, бала
жатады
Отбасы
- адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы.
Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық
дәурені осы отбасында өтіп жатады.Олар
бізге осы дүниедегі ең жақын,бізді
әркезде қолдап,қол ұшын беріп,көмектесетін,ақыл
айтатын,жаман мен жақсыны,оңмен солды
үйрететін ең жақын адамдар.
«Отан-отбасынан
басталады.», «Әке – асқар тау,
Ана-бауырындағы бұлақ, Бала-жағасындағы
құрақ» мақал-мәтелді түсіндіріп жаттату.
Дидактикалық
ойын: «Отбасы»
Шарты:
Балалар өлең шумағын айта отырып,
суреттерді саусақтарға орналастыруы
керек.
Бас
бармағым- әкем,
Балаң
үйрек – апам.
Ортан
терек- ағам,
Шылдыр
шүмек- мен.
Титтей
бөбек– сен
Сергіту
сәті:
«Біз үйде нешеуміз?» саусақпен санап
айтады.
Бір
үйде біз нешеуміз?
Кел,
санайық екеуіміз
Бас
бармағын – Атам
Балан
үйрек – әжем
Ортан
терек – әкем
Шылдыр
шүмек – шешем
Кішкентай
бөбек – мен.
Бір
үйде біз нешеуміз?
Бір
үйде біз бесеуміз.
Балалар
айналамызға қарасақ көптеген үйлерді
көреміз.Ол үйлерде кімдер тұрады? Өз
отбасыларың жайлы айтып беріңдер?
Ойын:
«Жылулық лебізі»
Балалар
бәріміз жулулық шеңбер құрып, атаналарың
сендерге қандай жылы сөздер немесе
еркелетіп айтатын сөздерін айту
керексіңдер. Мысалы мен балама «күн
шуағым» деп айтам.
-
Міне, балалар қандай әдемі жылы сөздермен
сендерді отбасыларың аялап айтады,біздің
жылулық шеңберімізде жылы лебізбен
толы болды. Ал, сендер өз отбасыларыңды
қандай отбасы деп ойлайсыңдар? Жақсы
сөздермен қорытындылайық. Сендердің
ата –аналарың, туыстарың жандарыңда,
ал сендер бақыттысыңдар ма?
Ендеше
баріміз бір дауыспен «Біз бақытты
балалар»әнімен оқу қызметін аяқтайық
Күтілетін
нәтиже:
Жаңғыртады::
Ата, әже – отбасы тірегі. Оларды сыйлау
керек.
Түсінеді:
Ата әже әке ана, ұл қыз – бәрін отбасы
дейміз.
Қолданады:
Біздің кішкентай жүрегіміз бәрін жақсы
көреді. Өз отбасыларына мейірімді
болуды.