400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасы бақыт мекені"

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Тәрбие сағаты

Мектеп: Алматы облыстық 15 мектеп-интернат

Күні: 14.04.2020ж

Тәрбиешінің аты-жөні: Әбітәлім.А.Н


Сынып: 1

Қатысқандар саны: 17 Қатыспағандар саны: 5

Тәрбие сағаты тақырыбы:

«Отбасы бақыт мекені»

Тәрбие сағат мақсаты

Отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік

қалыптастыру. Отбасындағы өзара сыйластық қарым –қатынас

дағдыларын дамыту;


Көрнекіліктер

Отбасы туралы суреттер

https://yandex.kz/images/search?pos=8&from=tabbar&img_url=https%3A%2F%2Ffsd.kopilkaurokov.ru%2Fuploads%2Fuser_file_5558d626915ab%2Fmienin-otbasym-1_1.jpeg&text=%D0%BE%D1%82%D0%B1%D0%B0%D1%81%D1%8B+%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B+%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80+%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B1%D0%B0%D2%9B%D1%88%D0%B0%D2%93%D0%B0&rpt=simage

Ресурстар

бейнероликтер мен слайдтар көрсетіліп тұрады.

https://youtu.be/np4mT8vi4Nc


Сабақтың басырысы


Отбасы бақыт мекені

Тәрбиеші: Балалар, суретте кімдер бейнеленген? Бір сөзбен қалай айтамыз?

Оқушылар: ана, әке, аға, ата, апа, әпке. Отбасы мүшелері

Тәрбиеші: Тамаша! Балалар, әжеміз, атамыз, әкеміз тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді «күнім», «айым», «жұлдызым» деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. «Жаным», «еркем», «балым» деп те еркелетіп, аймалайды. Кейде есімдеріңді өзгертіп, еркелетіп жатады. Олай болса, бүгінгі сынып сағатымызда бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз.

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты, олар- әке, ана, бала. Үшеуінің бірлігі отбасының бірлігі. Қоғамдағы әр шаңырақтың босағасы берік, мерейі үстем болмай , мемлекетіміз мықты болуы мүмкін емес.. Бала- ата-ананың игі істерін жалғастырушы болашағы.Атамыз қазақ «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені, бала өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан-жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

«Кім ойлап тапқан?» Ә. Исқақов

Ең аяулы сөздерді

Жақсы көріп

Жаттадым.

Енді білдім,

Оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ата» «Апа» 

«Әке» «Ана» 

«Көке» «Аға»

 «Тәте»  сөзді де

Ойлап тапқан балалар!


«Күнім»,

«Жаным» 

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» 

«Айналайын» 

«Толған айым» дегенді

Ойлап тапқан Аналар!

Мұны біле бермейді

Бізде кейбір балалар.

Тәрбиеші: Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Оқушылар:

Ағасы бардың жағасы бар,

Інісі бардың тынысы бар.


Әдепті бала ата-анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол

Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.

Атаңа не қылсаң ,
Алдыңа сол келер.

Ағаның үйі – ақ жайлау.

Қорытынды.


Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік.

Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе, бірге ренжіп, қуанса, бірге қуанады.

Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайык.

Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
1394
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі