Материалдар / «Отбасы бақыт мекені»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Отбасы бақыт мекені»

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы
Авторы:
28 Мамыр 2023
258
5 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты

«Отбасы бақыт мекені»

Күні: 15.05.2023

7 «А»

Класс жетекші:

Джанзакова А.Д

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орны ерекше екенді-гін түсіндіру.

Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, достық қарым - қатынасты

қалыптастыру, отбасы мемлекетіміздің бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен ұжымдыққа тәрбиелеу.

Құндылықтарды дарыту

отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу

Үлестірмелі материалдар

нақыл сөздер, техникалық құралдар, даналық сөздер

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Шаттық шеңбер. Жүректен жүрекке» шеңбері.

Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.

Компьютер презентация




Сабақ басы (10 мин)




Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана - отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу әйел ананың тікелей міндеті. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ол - мемлекеттің аты - отбасы.

Бұл мемлекет қандай болуы керек?

Адамға өмірде ең қымбаты - отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық,бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір - бірін аялап, кешіре түсіне білгенде отбасы мықты, берік болады. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «« Отбасы -бақыт мекенім » » тақырыбына арналады.

Оқушыларға презентация арқылы түсіндіріп береді

слайд

 




Ортасы (15 мин)


Сұрақ-жауап:

· Балдан тәтті не? (бала)

· Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)

· Балаға кім сыншы? (ата-ана)

· Әкеден балаға беріледі (мұра)

· Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз қадірлі.)

· Үйдегі алтын қазық кім? (ана)

· «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)

· Қаз да емес, үйрек те емес. Дастарханда болмайды. Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)

· Әдепті бала ата – анасын мақтатар,… ( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

· Ана сүтін ақтамағанды ,… ( ешкім мақтамайды)

· Үйінде ұл – қызы бардың,… (көгінде сөнбес жұлдызы бар)

· Атаңа не қылсаң ,… (алдыңа сол келер)

· Ұяда не көрсең ,… (ұшқанда соны ілерсің)

Шығармашылық жұмыстар:

1-топ: Постер қорғау: «Бақытты жанұя – бақытты ел»

2-топ: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер дайындау, айту: «Отбасы», «Тәрбие», «Ата-ана», «Бала»

Оқушыларға тапсырмалар: мақалды аяқтау керек Әдепті бала ата - анасын мақтатар… (әдепсіз бала ата - анасын қақсатар). Әкесі тұрып ұл сөйлегеннен без…(шешесі тұрып қыз сөйлегеннен без). Қарағайға қарап тал өсер… (қатарына қарап бала өсер). Үйінде ұлы - қызы бардың…(көгінде сөнбес жұлдызы бар). Ана сүтін ақтамағанды …(ешкім жақтамайды). Жығылып жатып…(сүрінгенге күлме). Күлме досыңа…(келер басыңа). Әдепті бала арлы бала…(әдепсіз бала сорлы бала). Ауру қалса да… (әдет қалмайды). Ұяда нені көрсең … (ұшқанда соны ілесің).


Берілген нақыл сөздерді оқып мағынасын түсіндіру





Конверттер






Презентация

Соңы 8 мин






Қорытынды Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата-ананың міндеті - әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау. Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу керек сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

«ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ»

оқушылар ана тілі туралы білетін өлең жолдарын жалғастырып айтады





Қағаздан жасалған жүрек













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!