Отбасы бақыт мекені

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы бақыт мекені

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл тренинг сабақ 4- сыныптарға өткізілді. Оқушыларға отбасының құндылықтары және отбасың сүйіп құрметтеу мақсатында өткізілді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарашілік орта мектебі КММ















«Отбасы – бақыт мекені»









Педагог-психолог: Қ.И.Темиргалиева



























2022-2023 оқу жылы




Сынып: 4- сынып

Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»

Тренинг сабақтың мақсаты: Оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіру. Отбасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу. 
Ұйымдастыру кезеңі: Балалар бүгінгі біздің тренинг сабағымыздың тақырыбы «Отбасы – бақыт мекені»

Тренинг сабағымыз 5 бөлімнен тұрады. 
1.Таныстыру (аты-жөні, менің отбасым бақытты) 
2.Отбасы туралы сұрақтар 
3. Жұмбақ шешу 
4. Логикалық сұрақтар 
5. Менің анам ол.... 
1. «Таныстыру» 
Әрбір оқушы орындарынан тұрып аты-жөндерін айтып таныстырады және Балалар, аналарың сендерді қалай еркелетеді? (Балапаным, аппағым, қозым, ботам, құлыншағым, қарғам...). 
2. Отбасы туралы сұрақтар 
1. Отбасы дегенді қалай түсінесің? 
2. Отбасының басшысы кім? 
3. Отбасы қандай болуы керек? 
4. Өзіңнің отбасың туралы әңгімелеп бер? 
5. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсың ба? 
6. Сен қандай отбасын армандайсың? 
7. Өз отбасыңа көңілің тола ма? 
8. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер? 
3. Жұмбақ шешу 
«Отбасы құндылықтары», «Отбасы қарым-қатынасы», «Отбасындағы мерекелер» деген тақырыптарда өз ойларынан сурет салып, постер қорғайды.
Мен сіздерге арнап бір қоржын жұмбақтар алып келдім. 
-Өте жақсы. Балалар, сендер жұмбақ шешкенді ұнатасыңдар ма? 
Олай болса мен сіздерге жұмбақтар жасырамын. Сендер оларды шешуге тырысыңдар. 
Тағы менің қоятын бір шартым бар. Менің қойған жұмбақтарымның жауабын тауып, жауабыма сай өлең жолдарын оқып, мақал-мәтел айтып немесе ән салып беріңдер 

1-жұмбақ: 
Кітапты көп оқитын, қызықты тарихи оқиғаларды жақсы білетін, мақал-мәтелдерді жиі қолданып сөйлейтін, немерелерін еркелетіп, үнемі қасынан тастамай ертіп жүретін Ақ сақалды кісіні кім дейміз? 
(АТА) 
2-жұмбақ 
Біз үшін ең қымбатты, ең ардақты адам кім? (АНА) 

3 - жұмбақ: 
- Өзі салмақты, байсалды, бос уақытын балалармен өткізгенді жақсы көреді, циркке, т.б. жерлерге апарады, отбасын қорғаушы, асыраушы, сақтаушы. Ол кім? (ӘКЕ). 
4 -жұмбақ. 
- Ол өте мейірімді, ақ шашты, дәмді тағамдар, тәтті бауырсақ пісіреді, бізге жылы қолғап, шұлық тоқиды, ұйықтар алдында ән немесе ертегі айтып береді. Бұл кім? (ӘЖЕ). 

4. Логикалық сұрақтар 
1. Менің атым Медет. Менің апамның бір ғана інісі бар. Менің апамның інісінің аты кім? Жауабы: Медет 
2. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: 3 адам 
3. Анаңның апасының баласы саған кім болады? ( бөле) 
4. Нағашы ата-әжеңе сен кім боласың? (жиен немере) 
5. Мен ата-анама кім боламын? (ұлымын, қызымын) 
6. Бір үйде 4 қыз бар оның әрқайсысының бір інісі бар, бұл үйде неше бала бар? (5 бала) 
7.Анаңның ағасы саған кім болып келеді? (нағашы) 
8. Әкеңнің әкесі саған кім болып келеді? (ата) 
9.Әкеңнің анасына сен кім боласың? (немере) 

«Менің отбасым» шығармашылық сәтінде оқушылар өз ойларынан «Менің анам», «Менің әкем», «Менің бауырларым» сөздерін басшылыққа алып, эссе немесе сурет салу тапсырылды.Тренингке ауызбіршілікпен қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! 









































Анықтама



Уақыты: 09.01.2023

Қатысушылар саны: 8

Қатысуға тиіс: 8

Қатысқаны: 4- сынып

Тақырыбы: «Отбасы – бақыт мекені»

Мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, мақтан етуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға тәрбиелеу



Ұтымды тұсы: 4-сынып оқушыларымен отбасы туралы түсінігін кеңейту мақсатында тренинг жүргізілді. Тренингке сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, белсенді қатысты. Ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында тыныштық сәті жаттығуы жасалып, оқушылар өте белсенді қатысты. Оқушылар жинақылыққа, бір-бірін тыңдауға дағдыланғандығы тренинг басында көрініп тұрды.


Кейін «Отбасы құндылықтары», «Отбасы қарым-қатынасы», «Отбасындағы мерекелер» деген тақырыптарда өз ойларынан сурет салып, постер қорғады. Оқушылар әр тақырып бойынша өз ойларымен ашық бөлісті.

«Менің отбасым» шығармашылық сәтінде оқушылар өз ойларынан «Менің анам», «Менің әкем», «Менің бауырларым» сөздерін басшылыққа алып, эссе немесе сурет салу тапсырылды. Оқушылар суретті де, эссені де өз қиялдарына ерік беріп жазып, салып шықты. Оқушылардың өз ойларымен бөлісуі өте жақсы. Кейін қорытынды бөлімде «Май шаммен» әлемдегі бар отбасына және өз отбасына көкейіндегі жүрек жарды тілектерін айтты. Оқушылар тренингке белсене қатысты.

Түйін: «Отбасы – бақыт мекені» болып қалуы үшін әркім өз отбасы мүшелеріне қамқорлық танытып, әрдайым құрметпен, сыйластықпен, бауырмалдылықпен араласуы қажет .


Ұсыныс: Оқушылармен тақырыптық кеңестер, тренинг жұмыстарын көптеп ұйымдастыру. Оқушыларды үнемі бақылау



Педагог- психолог: Қ.И.Темиргалиева
















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2024
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі