Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Отбасы-бақыт мекені
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Күні: |
6.09.2017 |
|
Сабақ тақырыбы |
Отбасы – бақыт мекені |
|
Жалпы мақсат |
Отбасы құндылықтарын дәріптеу; ұстаз - оқушы - ата-ана өзара қарым-қатынастарын жақсарту; отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық сезімдерді нығайту. |
|
Негізгі дереккөздер |
Ғаламтор «Білімділер» |
|
Ресурстар |
Отбасы туралы нақыл сөздер, оқушы суреттері, фотокөрме |
|
Оқыту әдістері |
Дөңгелек үстел, тренинг. |
|
Жеті модульдің кіріктірілуі |
1.СТО 2. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. 4. АКТ |
|
Кезеңдер |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
І. Ұйымдастыру кезеңі
2.Қызығушылықты ояту (5мин) |
1.Ұйымдастыру. Тренинг 2.Тренинг барысы:. |
Сәлемдеседі
|
ІІ. Мағынаны тану. Жаңа сабақты меңгерту.
І бөлім
ІІ бөлім
ІІІ бөлім
|
Мұғалімнің сөзі: Армысыздар, аяулы ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Отбасы – бақыт мекені» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Отбасы – Отанымыздың ошағы. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, адамның бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы туралы ойларымызды әрі қарай өрбітсек... 1-оқушы: Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта. 2-оқушы: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі» 3-оқушы: Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. 4-оқушы: Отбасы–адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. 5-оқушы: Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. 6-оқушы: Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. 7-оқушы: «Отан отбасынан басталады» Ата-аналарымызға деген ыстық ықыласымызды келесі әнмен жеткізсек... Ән: «Әке-ана» орындайтын Нағи Дәулет. Әке - әулет басшысы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі»Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық. Оқушылардың орындауында ата-аналарға арналған өлең жолдары. Нұрсәуле: « Ана» Қ.Мырза – Әлі Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды: Сен деп жаздым алғаш өлең –дастанды. Қуандым ба? Өзің бар деп қуандым, Жыладым ба? Өзің жоқ деп жас тамды. Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды: Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды. Еркелесем, Бір өзіңе еркелеп, Жасқандым ба? Тек өзіңнен жасқандым. Алғашқы дәм-ол да сендік сүт еді. Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді, Отанымның өзі сенен басталып, Жауларыма жеткен жерден бітеді! Нұрмұхаммед: «Әке» М.Мақатаев Әке, сенің жасыңнан асып барам, Кезі-кезі келгенде тасып та алам, Кезі-кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң. Құры алақан емеспін қуаныштан, Қуаныштар алдымда құрақ ұшқан. Бір арыстан өмірден өткенімен, Өмір сүріп келеді тірі арыстан. Өкінбе , әке, отың бар сөнбейтұғын, Ол мәңгілік жанады көрмей тыным. Ұрпағың бар, ел менен ер намысын, Тірі тұрса, қолынан бермейтұғын. Меруерт: «Шеше, сен бақыттысың...» М.Мақатаев Жұлдыз: «Анам маған...» М.Мақатаев Көрініс: «Ай мен Айша» /Оқушылардың сүйікті кітабынан үзінді/ Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы арқылы Ана атты ұғымның ұлылығын, ана жүрегінің шексіз дархандығын, қазақтың ғажайып парасаттылық қасиеттері заманның небір сын сағаттарында да сақталғандығын ашып көрсетті. Шерхан Мұртаза туралы Ақселеу Сейдімбек: «Қазақ даласында екі адам Айша атты деген әйел затына ғажайып ескерткіш орнатты. Оның біреуі – Қарахан, екіншісі – Шері хан!» деген екен. Ендеше, Ана атын ардақтаған көріністі тамашалайық. Айша – Аяжан Финагент – Марат Автор – Меруерт Бауырлары –Бекарыс пен Зейнеп «Біз бақытты жанұямыз!» Алдын-ала салынған суреттері бойынша балалар өз отбасы жайында сөз қозғайды. Нұрсұлтанның орындауында «Арманда, ұлым!» өлеңі /М.Мақатаев/ Кім боласың, Қандай өмір сүресің, Ол – өзіңнің үлесің. Ақылымды тыңда, мейлің тыңдама, Тілегім бар бір ғана: Шығып ал да арманыңның шыңына, Сосын, мейлі, ұшып өл де, сырғана. Болса ақылың біл мынаны: жалғанда Жолай көрме арманы жоқ жандарға?! Арманда, ұлым, арманда! Арманда, ұлым, ақтық демің қалғанда! Бүкіл өмір, бүкіл дүние, бар жалған, Жадыңда ұста, жаратылған арманнан! Өміріңнің аяғы жоқ, басы жоқ, Өлген артық армансыз боп қалғаннан. Айтқанымды жөн де, мейлі, жөн деме, Арманда, ұлым, қия деме, өр деме, Шығып ал да арманыңның шыңына, Қира мейлің, күйре мейлің, дөңгеле. |
Ой өрбіту
Өлең жолдарын жырлайды
Көрініс қою |
ІІІ. Ой толғау
|
Ой толғау. Атақты адамдарға ата-анасының ықпалы. Бірде Томас Эдисон мектептен келіп, анасына мұғалімі беріп жіберген хатты ұсынды. Анасы көз жасына ерік беріп, хатты дауыстап оқып шықты: «Сіздің ұлыңыз дарынды бала. Біздің мектеп ол үшін өте кішкентай, оның дарындылығын ұштайтын мұғалімдеріміз жоқ. Балаңызды үйден өзіңіз оқытыңыз» Анасы қайтыс болғаннан кейін, арада бірнеше жылдан соң Эдисон /бұл кезде ол атақты өнертапқыш ғалым болып, әлемге даңқы шыққан/ туған үйіне келіп, отбасылық ескі архивті ақтарып отырып, әлгі хатты тауып алыпты. Ол хатта былай деп жазылған екен: «Сіздің балаңыздың ақыл-ойы жай дамыған /умственно отсталый/. Біз оны басқалармен бірге мектепте оқыта алмаймыз. Үйде өзіңіз оқытуға кеңес береміз». Эдисон бірнеше сағат бойы жылап, қайғырып отырыпты. Сосын өзінің күнделігіне « Томас Алва Эдисон ақыл-ойы кенже дамыған бала болатын. Өзінің ержүрек анасының арқасында ол өз заманының ұлы ойшылдарының бірі болды» деп жазып қойыпты. «Атақты адамдарға ата-анасының ықпалы» /Оқушылар дайындаған мәліметтер, өздерінің сүйікті футболшылары, белгілі өнер иелері т.б Қорытынды: Отан – отбасынан басталады. Мықты мемлекеттің тірегі – мерейлі отбасы Аяжан: Жерінде – бабасының, Мейіржан: Елінде – атасының, Ұлар: Көңілінде - әжесінің, Қуанышбек: Қолында – анасының, Диана: Жолында – ағасының, Расул: Төсінде – даласының, Самат: Тапқан өз жарасымын, Барлығы: Мен – қазақ баласымын. /автор - Е.
Өтетілеуұлы./ |
Дереккөздеріне шолу
|
Рефлексия (2мин ) |
- Өзіңе пайдалы
мәлімет ала алдың ба? |
Кері байланыс береді |
Директордың тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары: _________________ Момбаева Ж.С.