400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Отбасы-бақыт мекені" сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы маңызды ақпараттар берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сынып жетекшінің аты-жөні

З.А.Жұмаш

Күні:

11.09.2024ж

Сынып : 2 «И»

Қатысушылар саны:25

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы:

«Отбасы- тәрбиенің алтын бесігі»

Тәрбие жұмысының бағыты:

Мақсаты

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сынып сағатының барысы:

Барысы

Сынып сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар



Кіріспе
























Негізгі бөлім



І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу назарын аудару, психологиялық ахуал туғызу

Қане, қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Тұрсақ үлкен шеңберге,

Алақанға ұрайық.

Психологиялық сәт.

«Еркелету» жылулық шеңбері.

(Ата-аналарыңның өздерін еркелеткен сөздерін айту.)

ІІ. Негізгі бөлім.

Жұмбақ жасыру.

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Ия балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен. - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

Отбасы туралы әңгімелеу. -Оқушылар жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер? -Отбасы деген не? -Отбасы құрамы деген кімдер? -Отбасының адам өміріндегі маңызы қандай?

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы. Адам баласы дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаға бейімделіп, ықпалына көніп, ер жетеді. Отбасы - адамзат баласының түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесiнде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенiң қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негiзгi қызметі баланы өмiрге келтiру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжiрибесiн сiңiру, қоғамға пайдалы жеке тұлға етiп тәрбиелеу болып табылады. Ата-ананың өз борышын мүлтiксiз орындауы – үлкен тәрбие мектебi. Осылайша, адамға тән рухани-адамгершілік сапа-қасиеттерді қалыптастырып, дамытудың негізі ең алдымен отбасында қаланады.

Бала отбасында әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - тірек, ана – жүрек, бала – тілек. Осы бір ғажап тұжырым әке, ана, бала отбасы шағының үш тағаны іспеттес.

«Ана» тобы.

Ана туралы жыр.

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған Даланың әр гүлін жинадың сен маған Сен бердің құстардың қанатын самғаған Балалық қоштарың өзіңе арнаған Қайырмасы: Әлдилеп, аялап өсірген жемісің Самал жел саябақ құшағың мен үшін Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

Тапсырма : Сурет салу «Ана алақаны күннің жылуындай ыстық» таұырыбында

«Әке» тобы.

Әке туралы жыр. Ән айту

Жас едім өмірге еркін бойламаған, Күні ертең не боларын ойламаған Шарықтап кетсем, Дағы қанат қағып, Өзіңдей қамқор әке қайда маған. Шарықтап кетсем, Дағы қанат қағып, Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

«Бала» тобы. Ойын: «Кім жылдам?»

Бесік жыры.

Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Қуанышың арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып

Біз боп саған қараймыз

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп санаймыз.

Бейнеролик көрсету.

«Бақытты отбасы үлгісі»

Бейнеролик бойынша сұрақтар қойылады.

Балалар біз өзіміздің «Бақытты отбасымыздың» үлгісін құрастырайық.


Видеролик «Бақытты отбасы»


Отбасы туралы суреттер т.б.



Қоры-

тынды



Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек. Бәріміздің отбасымыз берік, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
26.03.2025
243
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі