Материалдар / Отбасы-бақыт мекені/сынып сағаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы-бақыт мекені/сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Күннен жылу тарайды, Анадан мейірім тарайды. Мақал Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: - отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру; - отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту; - отбасы сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Желтоқсан 2023
268
4 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Отбасы бақыт мекені

  Күннен жылу тарайды, 

  Анадан мейірім тарайды.       Мақал

Мақсаты: сүйіспеншілік, сыйластық  құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері:

- отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

- отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту;

- отбасы сүйіспеншілікке тәрбиелеу

 

Әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың 

іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы Шаттық шеңбері

- Амансыңдар ма, балалар! Мен сендермен бүгін кездескеніме өте қуаныштымын. Қане бір-бірімізге қарап, әдемі күлкімізді сыйлайықшы.

- Балалар, бүгін біз бәрімізге қымбат, сүйікті отбасымыз туралы әңгімелесеміз. 

Отбасы деген сөзді қалай  түсінесіңдер?

Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?

. Сендерді үйдегі туған-туыстарың өте жақсы көреді екен,Балалар, әжеміз, атамыз, әкеміз  тіпті аға-әпкелеріміз бізді еркелетіп атайды. Олар сендерді  «күнім», «айым», «жұлдызым»  деп аспандағы ғажайып нәрселерге теңейді. «Жаным», «еркем», «балым» деп те еркелетіп, аймалайды. Кейде есімдеріңді өзгертіп, еркелетіп жатады.

Қане, отбасында сендерді кімдер және қалай еркелетеді екен. Есімізге түсіріп, айтып көрейікші.

Балалардың жауаптары тыңдалғаннан соң, тәрбиеші ақын Ә. Исқақовтың «Кім ойлап тапқан?» өлеңін оқып беріп, балалармен бірге қайталайды.


Кім ойлап тапқан? Ә. Исқақов

  Сөздерді ең аяулы,                   «Құлыншағым» дегенді, 

 Жақсы көріп жаттадым.         

 «Ботақаным» дегенді,

Енді білдім оларды                     «Қошақаным» дегенді,

Кімнің ойлап тапқанын.             « Айналайын» дегенді, 

«Күнім», «жаным» дегенді,   

 «Толған айым» дегенді 

Ойлап тапқан аналар.

Ойын

Балалар шеңбер бойымен түрып, мұғалімі кезек-кезек балаларға сүрақ қойып, қолындағы допты лақтырады. Балалар сұақтарға жауап береді.

Ойынға төмендегідей сұрақтар коюға болады.

Отбасы мүшелерін ата.

Сен отбасында кімді жақсы көресің?

Сен өз отбасыңа қалай көмектесесің?

Отбасы мүшелерін қалай сыйлайсың?

Кішкентай бөпеңе қандай көмек көрсетесің?

Анаңды қалай мадақтайсың? Қалай жақсы көресің?

Отбасында кімге сыйлық сыйлағың келеді?

Атаң мен әжең саған не үйретеді?

Атаң мен әжеңе кандай көмек бере аласың? т.с.с.

 

 

Ойыннан соң мұғалім балалардың жауаптарын қорытындылап, әрбір адамның өз отбасы - әкесі, анасы, әжесі, ата¬сы, ағасы, әпкесі болатынын, олар бір-бірін қалай жақсы көретінін, сыйлайтынын, үлкен-кішінің өзара көмектері, 

жағымды карым-қатынастары туралы төмендегідей айтып түсіндіреді.

-Ата мен әкелер адамдар; аға мен іні - ұл балалар; ана мен әже - әйел-аналар; әпке, сіңілі, қарындастар - бұл сүйкімді қыздар.

Аналар мен қыздар үйде тамақ әзірлейді, үйді ретке келтіреді. Ұлдар мен әкелер оларға көмектесіп үйдегі ауыр жүмыстарды жасайды, ауыр сөмкелерді көтереді г.с.с.

Отбасында барлығы бір-біріне көмектеседі, қамқор болады.

Отбасында барлығының жақсы көңіл күйде жүруі үшін ешкім бір-бірін ренжітпеу керск, үйдегілер демалып жатқанда шуламау, үлкендерге көмсктесіп, кішілерді ойнатып , қамқор болуымыз керек.

Әңгімелесу

Мұғалім алдын ала әр балаға өз отбасыларымен бірге түскен суреттерін алып келуін ұсынады 

Тақтамен жұмыс

Дәйексөз

Мұғалім Балаларга «Күннен жылу тарайды, анадан мейірім тарайды» деген дәйексөзді оқып, күн мен ананың жылуы мен мейірімі туралы түсінік береді

Күннін шуағынан қандай керемет қасиеттср пайда болды?

Мұғалім тақтаға күннің суретін салып, балалардың айтқан сөздсрін күннін шуағына жазады.

Күннің жылуы мен ана махаббатының арасында кандай байланыс бар?

ана махаббатынан тарайтын өз аналарының бойларындағы оларға жарық және жылу беретін қасиеттерін айтып берулерін ұсынады.

Мұғалім балалардың айтқан сөздерін тақтадағы күннің шуағына жазып, толықтырып, ана мейірімі мен күн жылуының арасындағы байланысын көрсетеді.

Өзіммен-өзім

Баяу музыка ойналады. Тәрбиеші балаларға көздерін жұмып, өз аналарына қандай гүл шоғын сыйлайтындарын елестетулерін үсынады.

Балалар сұрақтарға жауап бере отырады.

«Мен отбасымды жақсы көремін» деп әр бала өз ойын жалғастырады. 

 Балалар сұрақтарға жауап бере отырады. 

Сонан соң балалар өздері елестеткен аналарына сыйлайтын гүлдерінің суретін салады.

Қортындылау

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз туралы, ең ақылды, қамқор әкеміз туралы, ең қайырымды ата-әжеміз, ең сүйкімді іні-қарындас, аға-әпкеміз туралы әңгімелестік.

Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды үйрендік. Олардың бізге тек жақсылық тілейтінін білдік. Отбасындағылар әрқашан тату болып, оның әр мүшесі бір-біріне жаны ашып, құрметтеуі тиіс. Отбасы мүшелері әрдайым бір-бірін сүйіспеншілікке бөлеп қана қоймай, ренжісе, бірге ренжіп, қуанса, бірге қуанады.

Ата-аналарың, жақын адамдарың, туыстарың сендердің нағыз адам болып өскендеріңді қалайды. Сендерді жақсы көретін адамдардың сенімі мен еңбегін ақтауға тырысайык.

Отбасы - ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Жүректен жүрекке

Балалар, сендер өз отбасыларыңды өте жақсы көресіңдер. Қане, өзіміздің жылы сөздерімізді отбасында кімге жолдайтынымызды, микрофонға барып айтайықшы. Сендерді де аналарың, әкелерің тыңдап қуанатын болады.

Балалар  ата-аналарыңа, отбасындағы туған-туыстарыңа өз тілектерін айтады.

Нәтижесі:

Білу: отбасы сүйіспеншілігі сыйластығы туралы түсінік қалыптасу;

Игеру: отбасындағы өзара сыйластық қарым -қатынас дағдыларын дамыту

Меңгеру: отбасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу



Тексерілді: Сарсембаева А.С

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!