15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Отбасы бақытты мекенім
І жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, ата аналар оқушылар!
І жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,
Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.
Доңыз жылы кеп қалды ортамызға,
Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
ІІ жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүреміз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік!
(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.
І жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!
ІІ
жүргізуші: Құрметті, ұстаздар,
оқушылар! Сіздерді осындай бақытты
шақтың қуанышы – Жаңа жылы мерекесімен
шын жүректен құттықтаймыз! І жүргізуші: Жаңа
жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей
отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің
алғашқы сөз кезегін мектеп директоры
... береміз.
Қош
келдіңіз бүгінгі Жаңа Жыл кешімізге
Жаңа
табыс тілейік ісімізге
Келе жатқан
Жаңа жыл құт әкелсін.
Мына отырған
барша жан бәрімізге
2-оқушы
Кел,
Жаңа Жыл! Төрле – төрле жеріме,
Құт
–береке боп келгейсің еліме!
Үміт
артып армандарға аяулы,
Шаттығыңа
бөлегейсің мені де.
3-оқушы
Ей, Жаңа
Жыл! Жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың
жаршысы да нұрысың.
Адамдардың
асқақтаған арманы,
2- жүргізуші:
Армысың,
аманбысың Жаңа жылым.
Жаңа жылым! О,
менің Жаңа жырым!
3) Жылан жылы келгенде,
сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен
көңіл сырын.
4)
(Ақшақар жүгіріп кіріп келеді.) Балалар
мен алыстан жүгіріп келемін, қатты
шаршадым, мені атақты Жалмауыз кемпір
қуып келе жатыр, сендер маған
көмектесіңдерші, мені тығып қоя аласыңдар
ма?
Балалар:
Ия,біз сізді тығып қоямыз
(Жалмауыз
кемпір жүгіріп кірді): Қайда әлгі Қарша
қыз, маған тез тауып беріңдер, маған
оның сұлулығы керек, тез тап, сендер оны
тығып қойдыңдар ғой я?!
О,о,о мынау
не, бұл жерде не болып жатыр а, мен неге
білмеймін?!
5) Жалмауыз кемпір:
Өтінемін балалар, мен сендермен қалып
Жаңа жылды тойлағым келеді, өтінемін,
мен сендермен қалайыншы. Мен сендерге
күшті ойын ойнатам. Сендерге күшті би
билеп берем, мен қалайыншы
сендермен.
1-Жүргізуші: Ал, қанеки
достар келісеміз бе?
Балалар: Ия,
келісеміз!
2-Жүргізуші:
-Құрметті
халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешіне
сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан
шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар
алып тұрмыз.
1-жүргізуші:
Қуаныңдар,
ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен
маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді
Ақшақармен,
Қол соғып қошеметпен
қарсы алыңдар!
2-Жүргізуші: Айтыспай
– ақ ән орындап, әнмен шақырайық.
(Аяз
ата туралы ән орындалады. Ән біткен
кезде Аяз ата кіреді, шыршаны айналып
алдына келіп тұрады.) Аяз ата:
Сәлем
саған өрендерім сүйікті!
(Басын иіп)
Амансыңдар ма, балалар
Сәлеметсіздер
ме? Қадірлі қонақтар!
Жаңа жылдарың
құтты болсын,
Денсаулықтарыңыз мықты
болсын.
Аспандарың ашық, жұлдыздарың
жарық болсын!
Егеменді еліміз көркейе
берсін!
Жаңа жылда жаңа табысқа
жетіңдер!
Ал, балаларым, мен қанша
күн жол жүріп келемін, қасымда ерген
Қарша қызымды жолда жоғалтып алдым.
Жалмауыз кемпірдің қолына түсіп қалды
ма деме, ол мында жүр, енді қайда жүр
екен, сендер көрген жоқсыңдар ма
балалар?
7) (Ақшақар орнынан шығып
келеді): Мен мұндамын ата, мені балалар
Жалмауыз кемпірден құтқарып қалды,
рахмет сендерге балалар!
Аяз ата: Ой,
қандай жақсы балалар, рахмет сендерге
балапандарым!
1-Жүргізуші: Аяз ата
қаншама жол жүріп келдіңіз, мына орындыққа
отырыңыз!
2-Жүргізуші:
Кел, Жаңа
жыл, жеттің бе тағы айналып
Дастарханды
отырмыз саған жайып
Сені күтті жыл
бойы жақсы үмітпен
Талай ұлыс, талай
ел, талай халық
Келген сайын көңілді
өсіресің
Ұлы болсын бастаған осы
көшің
Төгіп-шашпай тасытып кетсең
екен
Қазақ деген халықтық
несібесін!
2-Жүргізуші:Жас достар,
қазір ғана табалдырығымызды аттаған
Жаңа жылдың бауы берік болсын. Бұл жылы
да елімізде тыныштық болып ырыс –құтымыз
азаймасын!
Ортаға бишілер
тобын
тамашалаңыздар!
1-Жүргізуші:
Айтпақшы, балалар бізге Жалмауыз кемпір
уәде берген, сендерге тамаша ойын ойнатам
деген еді, қане сол ойынды ойнайықшы.
Жалмауыз
кемпір
1-Жүргізуші:
Жүзімізде
күлкі ойнап
Естіледі әніміз
Жаңа
жылды қарсы алып
Би билейміз
бәріміз
2-Жүргізуші: Жаңа жылдағы
«Доңыз жылы» бізге не жақсылық әкеледі?
Ендеше, ортаға «доңыз жылын» және
ескі жыл ит жылын шақырайық.
Доңыз
жылы: – Сәлеметсіздер ме! Биыл
менің де жылым келіп жетті сіздерге.
Мен сіздерге бар жақсылықты әкелдім!
Сіздерге қысқаша айтып өтейін. Биыл,
доңыз
жылы, бұл жылы еліміз тыныш болады, ақ
мол болады, ауа райы бір қалыпты жылы
қалпында болады.
1-Жүргізуші: Рахмет
доңыз!
Төрлет!
Бірге: Қош келдің, Жаңа
жылым,
Көп
болар жаңалығың
Саған жыл бақ сый
еттім.
Жаңа
нұр күттім, досым,
Жаңа жыл құтты болсын !
2- Жүргізуші:
-
Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым,
Өзіңді
бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық,
сені еселі еңбекпенен
Жарқырап, әне
алдымнан шықты күнім
Мен саған әнім
менен гүл өрейін
Осы сәт кімге бақыт
тілеймін.
Халқымның амандығы саулығы
үшін
Көңілді бір көтеріп жіберейін.
Ән:
Аяз
ата: Ал, балаларым, біраз сендердің
өнерлеріңді тамашаладық, бізді тағы да
сендер сияқты балалар күтіп отыр, оларды
да қуантайық. Мереке тамаша өтті, рахмет
сендерге балалар. Енді сыйлығымызды
алайық.
1-жүргізуші:Ал, Аяз ата, Ақша
қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине,
әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп
болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік
Жалмауыз
кемпір: ООО, Мен де кеттім балалар, басқа
жақтың Жаңа жылын тамашалап
қайтамын.
Балалар: Сау болыңыз!!!
2-жүргізуші
Қымбатты достар, қонақтар!
Міне, Жаңа
2012жыл да келді. Ал 2011 жыл біздің
тарихымыздың бір бөлшегіне айналды.
Жаңа жыл біздің әрқайсымыз үшін ең
қуанышты да тебіреністі мереке. Біз
алдағы күндерге артқан үмітімізді
онымен тығыз байланыстыра отырып, жаңа
жылдың міндетті түрде аса мол жарқын
және бақытты күндер сыйлайтынына біздің
барлық бастамаларымызға сенімді серпін
беретініне сенеміз.
1-жүргізуші:
Жаңа
жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр,
жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен
мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы
қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден
нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін
берекелі, мерекелі жыл болсын.
ЖАҢА
ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН !

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген