жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Отбасы бақыты" тренинг
«Отбасы бақыты» ( тренинг)
Мақсаты мен міндеттері: ата-ананың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігін мейлінше арттыру, ата – анамен бірлесе отырып, бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аудару, жан-жақты дамыған тұлғаны адамгершілік, рухани жағынан тәрбиелеу.
Тренингтің барысы:
Қайырлы күн, ардақты ата-аналар мен ұстаздар! Құрметті ата-аналар, бүгінгі кездесуімізге келгендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз.Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі кездесу ерекше болады, себебі бұл жиналыс әдеттегідей дәстүрлі форматты өтілмейді.Яғни тренинг түрінде болады. Тәрбие беру проблемалары жайында әңгімелесетін боламыз. Әуелі танысып алайық... Менің аты-жөнім Бауыржанқызы Балжан, мектеп педагог-психологымын.( барлығы өздерін таныстырып өтеді). Барлығымыз бірлесе жұмыс атқарғанда ғана, жақсы нәтижелер мен жетістіктерге қол жеткіземіз.Бірігіп жұмылғанда, қолымыздан барлығы келеді. сіздермен бірлесе отырып бала тәрбиесіне байланысты мәселелерге көңіл аударуға, оны шешуге,бала жүрегіне жол табуға, оны түсінуге тырсып көрелік.
Психологиялық дайындық.
Тренингті бастамас бұрын сіздермен сергіту сәтін өткіземіз.
Нейрогимнастика
Ауада шеңбер салу
Психолог: Құрметті ата-аналар мен неге орындықтарды шеңбер бойымен қойды деп ойлайсыздар?
Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық.
Шеңбер арқылы – бір – бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз. Шеңбер – сонымен қатар, қай әріпке ұқсайды?
«О» - әріпіне ұқсайды. Ендеше «О» - әрпінен басталатын сөздер айтайық. («Отан», «Отбасы» т.б.)
Отбасы- кішкентай адамның өміріндегі алғашқы тұрақты ұжым. Тұлғаның қалыптасуында отбасы ең басты роль атқарады.
Нақ отбасында- мінез-құлықтың негізгі сипаттары, оның әдеттері қалыптасады және де баланың қандай болатындығы- отбасы мүшелері арасындағы –өз ара қарым-қатынасқа байланысты. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге
(ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы- сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы- бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Отбасы- адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.Отбасылық өмір көп қырлы, қиындығы, проблемасы жоқ отбасы болмайды.Бірақ сонда да идеалды отбасы сияқты түсінік бар.Идеалды отбасы- бұл... ( ата-аналардың жауаптары тыңдалады).Өзгертілген жұмыс. «Аяқталмаған сөйлемдер әдісі» (ата-аналарға сөйлемдер оқылады, олардың жауаптары тыңдалады, қажет болған жағдайда толықтырылады)
Бала қандай болады
Егер:
- Баланы сынап отырса , ол ... (жек көруді) – үйренеді
- Бала өшпенділікпен өмір сүрсе, ол... (агрессивті болуды) үйренеді
- Бала кінәлап отыруда өмір сүрсе, ол... (кінәлі адамдай сезініп өмір сүруді) үйренеді.
- Бала төзімділікте өссе, ол.... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы қолдап отырса, ол... (басқаларды түсінуге) үйренеді.
- Баланы келемеждей берсе, ол... (тұйық) үйренеді.
- Бала түсіністікте және ынтымақтасуда өмір сүрсе, ол... (бұл өмірде сүйіспеншілікті табуға) үйренеді.
- Егер де бала мадақтаулар арасында өмір сүріп жатса.....( ол өзгелердің құнын таниды)
(өзіңіздің айтылған сөздерге қарым-қатынасыңызды айтып беріңіз, өмірден мысалдар келтіріп ойыңызды растаңыз).
Топтық жұмыс. (ватман мен маркерді дайындау)
Қазір біз ватманды екі бөлікке бөлеміз де, біреуіне өз балаларымызды мадақтайтын, ынталандыратын сөздерді, екінші жағына- ұрсатын сөздерді жазамыз (қай бағанда көп сөз жазылғандығына талдау жасалынады,ата-аналарға өздері үшін қорытынды жасау ұсынылады....)
Ата-ана болу –бұл қуанышты, сонымен бірге көп күш салуды қажет ететін еңбек. Осы жұмысты атқара отырып, біз бірнеше мәрте тығырыққа тірелеміз. Баланы жазалауға болады ма?, Қашан және мұны қалайша жасау керек?, Баланы мадақтаумен бұзуға бола ма?, Баланы не үшін мадақтауға болады?
Сіздің жауабыңыз қандай болады? Оған не деп айтасыз? Қалай қолдайсыз?- мысалы жақсы! Ертегідегідей! Сен ғажапсың! ж/е т.б.
Шығармашылық жұмыс «Отбасылық құндылық ағашы»
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір - біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата - ананың сөзі заң
11. Ата - ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық қарым - қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге - ізет, кішіге – құрмет 20. Көп бала
«Үй, жол, жылан, шалбар және орамал» диагностикасы
Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі:
Бұл жұмыста Сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.
Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек.
Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.
Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды.
Осыдан кейін ата-аналарға үй, жол, жылан, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен салуға тапсыру керек: әр затты салуға мейлінше аз уақыт беріп (5-10 сек), ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отырған жөн.
Ата-аналар салынып біткен суреттерін бір-біріне көрсеткеннен кейін, оқытушы олардың мынандай мағына білдіретіндігін айтады:
Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.
Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық.
Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл – қарым-қатынасқа ашық адам.
Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын юолса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.
Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы.
Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді.
Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.
Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы.
Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда Сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз.
Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, онда Сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.
Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді.
Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз.
«Ертегі терапиясы»
Ым ишарамен түсіндіру
Бауырсақ
Қызыл телпек
Күлше қыз
Отбасы заңы = 1 + 2 + 3 + 4
1 заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы
2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы
3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы
4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу.
Егер де осы заңдардың барлығы отбасында орындалып жатса,егер ата-анасы өмірге сергек әрі сенімді қарайтын баласының достары болса, демек, бала адам ретінде, тұлға ретінде қалыптасады.Баланың қандай болып өсетіндігі, ересек өмірге қалайша қадам басатындығы сіздер мен біздерге байланысты. Ең бастысы- баланың тұлға болып қалыптасуына ата-анасының сөздері мен күнделікті ескертпелері емес, олардың шынайы іс-әрекеттері мен мінездері зор ықпал ететіндігін есте ұстаған жөн.
Рефлекция: «Жылулық шеңбері»
Құрметті ата –аналар! Өз балаларыңызбен қарым –қатынас жасауда шыдамды болыңыздар. Жай ғана өз балаларыңызды сүйіспеншілікке бөлеңіз, өз сөздеріңізбен, дауыс ырғағыңызбен, құшақтасуларыңызбен және өздеріңіздің іс –әрекеттеріңізбен өзіңіздің оған деген махаббатыңызды көрсете біліңіз.
Сонда барлығы жақсы болады! Көп рахмет
Сұрақтар:
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшісінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?
4. Балаңыздың парталас көршісі кім?
5. Бүгін сабактан қандай баға алды?
6. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
9. Балаңыз 1-сыныпқа қай жылы барды?
10. Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз?
11. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген