400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы бірлігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы туралы сынып сағаты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Фариза Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназия







СЫНЫП САҒАТЫ

Shape1

ОТБАСЫ БІРЛІГІ











Сынып: 5 «Ә»

Өткізген: Атаева Г.Б









2023-2024 оқу жылы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Атаева Г.Б.

Күні:

11.09.2023ж

Сынып: 5«Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Отбасы бірлігі»

Мақсаттары

1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

2.Оқушылардың  естес ақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы  құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы 5 мин

Сәлемдесу назарын аудару,

« Жүректен — жүрекке» шеңбері.

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.

Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.

Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер

Ата-бәйтерек, бала-жапырақ

Балалы үйдің еңсесі биік.

Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.


« Жүректен — жүрекке» шеңбері.Оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.

Презентация

буклет

Сабақтың ортасы 15 мин
























15 мин

Оқушылар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.

«Отбасы бірлігі»

Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.

Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?
Мақал-мәтелдер:

1. атаның баласы болма,...........

( халықтың баласы бол)
2. Ұяда не көрсең,.......................

( ұшқанда соны ілерсің)
3. Балалы үй базар,....................

( баласыз үй қу мазар)
4. ата көрген оқ жонар,..............

( ана көрген тон пішер)
5. Ананың сүті – бал,.................

( баланың тілі – бал)
6. Туған үйдің түтіні жылы,.....

.( туған ананың күтімі жылы)
7. Анаңа ауыр сөз айтпа,............

( артыңа ауыр жүк артпа)
8............. – ананың бауыр еті, көз нұры. ( бала)
9. Әке – асқар тау,.................

( ана - шалқар көл)

Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.


суреттер

Сабақтың соңы 5 мин

« Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туысқандарына деген сүйіспеншілікпен басталады »,- дегендей мемлекетіміздің іргетасын қалаушы - әр отбасы - жеке мемлекет. Әке алақаны мен ана жүрегінің жылуы бар сендер тәуелсіз еліміздің тірегі болатындарыңа сенемін.

Бойларыңда от бар екен байқадым,Жүректерде шоқ бар екен байқадым Әрқашанда осы шоқты өшірмей .Жалындатып шарықтаңдар әрдайым! ,- деп сіздерге шағын естелікті ұсынамын.,

- Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін сыйлап, құрметтеу керек.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Отбасы мүшелерін құрметтеп, сыйлай білуі керек.
Болуы керек: Отбасында әдепті, сыйлы болуы керек.
Жасай білуі: Берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.


презентация




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
07.11.2023
313
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі