жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Отбасы дәстүрлері .Өзін өзі тану
Пән: Өзін – өзі тану
Мектеп:
Мерзімі: 03.12.2020
Сабақтың тақырыбы: Отбасы дәстүрлері
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, бауырмалдық, татулық
Мұғалім:
Сынып: 4 Оқушылар саны:
Сабақтың мазмұны: |
Ресурстар |
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасылық дәстүрлердің мәнін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері: Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру. Дамытушылық; Оқушылар бойындағы бауырмалдық қасиеттерін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу. |
Оқулық, дәптер,стикер |
Сабақтың барысы:
Жағымды көңіл-күйге ену. Балалар қолдарыңызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды айналамызға шашып бөлісейік. Рақмет.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
|
|
3. Дәйексөз. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің. Нақыл сөз - Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.
|
|
4. Әңгімелеу. Әке тәрбиесі Б.Момышұлы Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен...Әкем дастарқан шетінде қымыз құйып отыр.Ол мені ымдап шақырды да құлағыма:Сен немене,аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда?-деп сыбырлады.Мен қатты қызырақтап,үйден шыға жөнелдім.Сыртта біраз тұрдым.Сонан соң нық басы,үйге қайтадан кірдім.Көпшілікке қол қусырып тұрып:Ассалаумалейкум,аталар-деп әр сөзді қадап-қадап айттым.Бұған,әріне күлісіп жатыр.Әйткенмен мені өкпелетіп алмау үшін бәрі бірауыздан:-Әлейкумсалам!-десті.Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сиспап мақтады.Жақсы сөзге мәз болып мен әкемнің тізесін ала жайғастым. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам! Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді», — дейтін. Сұрақтар:
|
Оқулықтан
|
5. Шығармашылық жұмыс 1-тапсырма Отбасылық дәстүр түрлерімен танысыңдар. Олардың бірін таңдап, өз отбасыларыңда қолданып көріңдер. Оның қалай өткенін әңгімелеп беріңдер. Отбасында дастарқан жаю, бас қосу; Отбасымен ақыл-кеңес құру; Отбасымен ата-бабаларды еске алу; Отбасымен ата-әжелерден бата алу; Отбасымен бірге серуендеу; Отбасымен табиғатқа шығу; Отбасымен саяхаттау; Отбасымен тарихи, мәдени орындарды аралау; Отбасылық шежіре дайындау; Отбасылық фотоальбом безендіру; Отбасылық кітапхана жабдықтау; Отбасы мүшелерінің туған күнін, мерейтойын өткізу; Отбасымен бірге кітап оқу, ертегі айту, ойын ойнау; Отбасымен бірге үй-ішін, ауланы, бау-бақшаны, табиғат аясын тазалау 2-тапсырма Оқушылар үш топқа бөлінеді. «Сыңарын тап» ойыны 1 – топ: «Татулық»
Әдепсіз бала ата-анасын …. 2. Ана сүтін ақтамағанды ешкім …. 3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без ... тұрып қыз сөйлегеннен без 2 – топ: «Достық» 1.Қарағайға қарап тал өсер, Қатарына қарап .... өсер.
көгінде сөнбес ... бар.
3 – топ: «Бірлік» 1. Күлме досыңа ... басыңа 2. Ауру қалса да … қалмайды 3. Әдепті бала арлы бала әдепсіз бала ... бала 3-тапсырма «Туған күн» тақырыбына «Бес жол өлең» (синквейн) құрастырып жазыңдар. Бес жолдан тұратын өлеңді жазу ережесі: 1-жолға бір сөзбен тақырып жазылады (зат есім түрінде). 2-жолға тақырып екі сөзбен сипатталып жазылады (сын есім түрінде). 3-жолға үш сөзбен тақырыпқа қатысты іс-әрекет жазылады (етістік түрінде). 4-жолға төрт сөзден тұратын тақырыпқа қатысты бір сөйлем жазылады. 5-жолға тақырыптың мәнін сипаттайтын бір сөз жазылады. 4 -тапсырма Отбасылық
дәстүрлерді сақтаудың адам үшін
пайдасы қандай екенін жалғастырып
жазыңдар. |
|
6. Топпен өлең айту. Туған күн Өлеңін жазған Фариза Оңғарсынова Әнін жазған Ибрагим Нүсіпбаев Ойнаған, бірге жүгірген, Досым-ай, саған бүгін мен Құттықтай келдім, Құттықтай келдім, Сені туған күніңмен! Биіктей берсін талабың, Қуанышы бол анаңның! Сен туған күні, Сен туған күні Шаттанып ән саламын.
|
|
7. Үй тапсырмасы. «Туған күн» мәтінін оқып келу. |
|
8. Сабақтың қорытынды сәті. Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р..Рақмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
Рефлексия. Бас бармақ әдісімен бағалау.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген