400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы және демографиялық өзгеріс . 9 сынып. Синтаксис . Кезектес салалас.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныптың қазақ тілі пәні мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Отбасы және демографиялық өзгеріс Мектеп: №130 Абай атындағы орта мектеп

Уақыты: 26.01.2021 Мұғалімнің аты-жөні: Қайырбаева Ақмарал


Сыныбы:9 А қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Демографиялық контрастар елі

Грамматикалық материал

Синтаксис . Кезектес салалас.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану

Сабақ мақсаты

әдеби тіл стильдері мен шешендік сөз түрлерін тілдік құралдары арқылы ажырату.

Бағалау критерийлері

  • қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін ажырата алады;

  • олардың тілдік ерекшеліктерін тауып, талдай алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:әдеби тіл стильдері мен шешендік сөз түрлерін біледі.

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология:отбасы, демография, халық, ұлт, даму, ұрпақ, ұдайы өзгеріс, халықтың табиғи өсімі т.б.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, мен ... ойлаймын... т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, жеке/жұпта/топта жұмыс жасау, өзінің және өзгенің оқуына жауапкершілікпен қарау, көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Жаһандық азаматтық ұғымы «демография» мәселесіне қатысты көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

География, этнография

Алдыңғы білім

Оқушылардың төменгі сыныптан әдеби тілдің стильдері туралы түсінігі бар..

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурс

тар

Сабақтың басы


Жаттығу-тренинг. Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

Жаңа сабаққа оқушы назарын аудару.

Кестеде берілген сұрақтарға жауап бер.


Халықтың табиғи өсімі деген не?


Халықтың көші-қон өсімі туралы не білесіз?


Қазақстандағы халық саны қанша?



Оқушыларға түсіндірмелі салалас, талғаулы салалас, кезектес салалас туралы түсінік берілді. Олар өз мысалдарын ортаға салады.


2. Сабақ тақырыбы, мақсаты таныстырылады.Бағалау критерийін оқушылар өздері құрастырады.

МД слайд




кесте

Сабақтың ортасы











3. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Т. Оқылым алдындағы тапсырма

Демография туралы қысқаша түсінік беріледі, оқушылар басты ұғымдар мен терминдерді жазып алады.

Демография (грекше демос-халық) – белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этностық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Қазақстандағы демографиялық ахуалды үш кезеңмен қарастырады. Бірінші кезең-демографиялық дағдарыс кезеңі (1993-1997жж). Дәл осы кезеңде республикадан 2 миллион адам басқа мемлекеттерге қоныс аударған; екінші кезең - 1997-2000 жылдары аралығы, демографиялық ахуалдың біршама тұрақтанған кезі; үшінші кезең - 2000 жылдан бүгінге дейін демографияның алға жылжыған кезі.

Әрбір халықтың өндірістік тәжірибесі, тұрмыстық және мәдени ерекшеліктері, шығу тегі, қоныстануы және мәдени-тарихи өзара айырмашылықтары болады. Аталған процестерді зерттеумен этнография, яғни, халықтар географиясы айналысады.

Ж. Оқылым тапсырмасы

«Демографиялық контрастар елі» тақырыбындағы мәтінді оқиды.

Оқып отырғанда мен...

- мәтін түрін анықтай аламын;

- мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын;

- мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (аудитория);

- автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу);

- жалқы есімдерге көңіл бөлемін;

- мағынасы айқын емес сөздерді ажырата аламын;

- грамматикалық құрылымдардың байланысын (шақ, сөздердің байланысы) анықтай аламын.

ЖЖ. Оқылымнан кейінгі тапсырма

1.Нәтижені талдау: не сәтті шықты?

- сөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін теріп жаза аламын;

- пайдаланылған стратегияларды талдай аламын.

2.Салалас құрмалас сөйлемдерді жалғаулықтардың айырым мәніне, компоненттерінің атқаратын қызметі мен мағыналық қатынасына қарай ажыратып, теріп жазыңдар.

- түсіндірмелі салаластар:

-талғаулы салаластар:

- кезектес салаластар:

Қабілеті жоғары оқушылартілдік құралдары арқылы оқылым мәтінін толық талдай алады,алқабілеті төмендеу оқушылароқылым стратегияларына сүйенеді.

4. Дескриптор

-демография туралы ақпараттарды жазып алады;

- мәтінді оқиды;

- тілдік құралдарын анықтайды;

-нәтижені талдайды;

-салалас құрмалас сөйлемдерді талдайды.

5.Топтар бір-бірінің жауабын критерийге сай дескриптор арқылы бағалайды. Мұғалім кері байланыс береді.




https://bilimland.kz/kk/courses/geografiya-kk/qazaqstan-xalqy/lesson/qazaqstan-xalqy



























Сабақтың аяғы



6. Рефлексия «Менің пирамидам» Оқушылар өз әрекеттері мен ұстанымдарын жан-жақты қарастырады.

Мен ... білдім;

Мен үшін ... қызықты болды;

Менің ... білгім келеді.

стикерлер

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
3569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі