400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы және мен

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сабағы


Күні:


Педагогтің аты-жөні:

Омарова Жазира

Сынып: 2 «В»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Отбасы және мен

Сабақтың мақсаты

Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың отбасылық тәрбие туралы білімдерін кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.

Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.

Мектеп — отбасы — бала қарым-қатынастың тиімді модельдерін іздестіру.

Құндылықтар

Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Сабақ барысы

Сабақтың

кезеңі/уа

қыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Тренинг

Менің балам----

Мен отбасның ---

Армысыздар құрметті ата-аналар, оқушылар, ұстаздар! «Отбасы және мен» отбасылық аялдамалар сайысына қош келдіңіздер!

Атамыз қазақ «Бала - адамның бауыр еті», «балалы үй - базар» дейді. Өйткені бала - өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі. Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін, жан - жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Ән «Атам-әжем»

Орындайтын Ержігіт Айару

Бүгінгі сайыс аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Олай болса, осы сайысымызға қатысушы отбасыларымызды ортаға шақырайық. (жеребе тасталады)

Тұрар ата отбасы

Ибрагим ата отбасы

Хасан ата отбасы

Топтарға біріктіру

ОТБАСЫ – 1-топ

ЖӘНЕ – 2-топ

МЕН – 3- топ

1-топ Ибрагим ата отбасы

2-топ Хасан ата отбасы

3-топ Тұрар ата отбасы



Ата-аналар мен балалар отбасындағы өз орындарын айтады.























Сайысқа қатысатын отбасының мүшесі ОТБАСЫ ЖӘНЕ МЕН сөздерін алып топқа бірігеді.



Интерактивті тақта























Микрофон




Қима қағаздар





Сабақтың ортасы













Cайыстың кезеңдері:

  1. «Күтпеген суреттер»

  2. «Музыка»

  3. «Денсаулық»

  4. «Дәстүр»

  5. «Логика»

Сіздерді қазір әр аялдамада төрешілер күтуде.Қазылар алқасы:

  1. Жанкушева Райхан апай

2. Молдабаева Нұрила апай

3. Молдабаева Гүлмира апай


Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен-тек жоймайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!-дей келе сайысымызды бастаймыз!

«Күтпеген суреттер»

Бұл кезеңде топтағы балаларға ата-аналарының жас кездеріндегі суреттері жасырылады.

«Музыка»

Бұл кезеңде топтарға музыка ноталары жасырылады.

Сол әндердің атын, орындаушысын табу керек.

«Денсаулық»

Бұл кезеңде балалар мен ата-аналар баланың 1 күндік менюін жасайды.


Мұғалім: Отбасылар бір күндік меню жазып біткенше, ортаға балалар мен ата-аналарды шақырамыз. Аяқ іздерімен жүре отырып, отбасындағы ең сыйлы, ең құрметті, ең тәтті...... адамдарды атап шығу

  • Отбасымдағы Ең .................. тренингі

«Дәстүр»

Дәстүрге байланысты сұрақтар қойылады.


  • Қандай ұлттық ойындарды білесіз?

  • Бәсіре кімге беріледі?

  • Киіз үй жабдықтарын атаңыз.

  • Қазақ халқының ұлттық киімдері туралы не білесіз?

  • Сәбидің дүниеге келуіне байланысты салт-дәстүрлерді атаңыз

  • Сүйінші сұрау дегеніміз не?

  • Қазақтың ұлттық аспаптарын атаңыз.

  • Ұлыстың Ұлы күні деп қай күнді атайды?

  • «Тоқымқағар» салты туралы білесіз бе?

«Логика» аялдамысы

Мақал-мәтелдерге байланысты суреттер, сұрақтар жасырылады. Солар арқылы мақал-мәтелдерді табу.

  1. Оттан да не ыстық?

(Отан оттан да ыстық)

  1. Аппақ қарға бола ма?

(Қарға баласын аппағым дер)

  1. Инемен құдық қазуға бола ма?

(Оқу – иенемен құдық қазғандай)

  1. Бәйтеректің суреті

(Ата – бәйтерек, бала – жапырақ)

  1. Бауырдың суреті

(Бала – бауыр етің)

  1. Бесіктің суреті

(Тәрбие басы – тал бесік)

  1. Ұяның суреті

(Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің)

  1. Таудың суреті

(Әке – асқар тау, ана – жағасындағы бұлақ, бала – жағасындағы - құрақ)

  1. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

(Көз – қорөақ, қол - батыр)

Мұғалім: Осымен сайысымыз мәресіне жетті. Сайыс қорытындысы шыққанша

Нұрғали Рамазанның орындауында «Аягөз» әнін қабыл алыңыздар

  • Отбасылардың дайындап келген видеороликтерін тамашалаймыз келесі кезекте.



























Ата-аналардың жас кезіндегі суреттері жасырылады. Балалары табады.



Ата-ана тақырыбындағы жасырылған әндерді табады.


Меню жасайды.
















Отбсылар дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап береді.


















Топ мүшелері жасырылған мақал-мәтелдерді табады.





















Видеороликтері көрсетілді.





























Интерактивті тақта











Ақ парақ, маркер






Аяқ іздері, сөздар жазылған қағаздар


Интерактивті тақта






















Интерактивті тақта




























Микрофон





Интерактивті тақта


Сабақтың соңы

Марапаттау рәсіміне кезек береміз.

Ибрагим ата отбасы «Өнегелі отбасы»

Хасан ата отбасы «Өнерлі отбасы»

Тұрар ата отбасы «Қасиетті шаңырақ»

номинацияларымен марапатталды.

Марапттар тапсырылды


Рефлек

сия

Отбасы және мен

Қатысушы ата-аналар осы тақырыптың әріптерінен осы сабақтан әсерлерін айтады

Ата-аналар осы тақырыптың әр әрпіне бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады.

Барлық қатысқан отбасыларға зор алғысымызды білдіреміз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Ата-аналар алған әсерлерін айтады

Әріптер жазылған парақтар































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
15.04.2025
285
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі