Материалдар / “Отбасы және оқушы тұлғасының қалыптасуы”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

“Отбасы және оқушы тұлғасының қалыптасуы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау үшін, ата- аналармен біріге отырып, бала тәрбиесіндегі тиімді әдіс -тәсілдерді қарастыру. Ата -аналардың мектеппен, мұғалімдермен байланысын арттыру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қаниева Алмагүл Серғазықызы

1 қазақ жалпы білім беретін

орта мектебінің педагог- психологы



Тақырыбы: “Отбасы және оқушы

тұлғасының қалыптасуы”

Ата- аналарға арналған тренинг


Мақсаты: Білім алушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау үшін, ата- аналармен біріге отырып, бала тәрбиесіндегі тиімді әдіс -тәсілдерді қарастыру. Ата -аналардың мектеппен, мұғалімдермен байланысын арттыру.


Міндеті: Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға шақыру.

Әдісі: пікір- алмасу, бейнеролик, жаттығулар

Түрі: топтастыру

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірмелер, додекаэдр т.б


Тренингтің өткізілу барысы:

I.Топқа бөлу (лентаның түсі бойынша 3 топқа бөлу)

II.”Ой қозғау” әдісі

III. Бейнеролик “Балаңызға көңіл бөлесіз бе?”

IV. Пікір алмасу және “Бала тәрбиесінде нені ескеру керек?” жадынама тарату

V. Ситуациялық сұрақтар ( 3 топқа бөлінген ата- аналар ситуациялық сұрақтарға жауап қарастырады, шынайы жауап беру)

VI.«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы

VII. Рефлексия


Психологтің кіріспе сөзі: -Сәлеметсіздерме, құрметті ата -аналар! Мектебімізде ата -аналарға арналып ұйымдастырылған “Отбасы және оқушы

тұлғасының қалыптасуы” тақырыбындағы тренингке қош келдіңіздер!

Ең алдымен “Шаңырақ” тренингімен бастап, топқа бөлінуді ұсынамын.

Шарты: Шеңбер бойына барлық ата- аналар орналасады. Орталарынан бір ата- ананы өзара ақылдасып шаңырақты көтеріп тұруға ортаға шақырады. Қалған ата- аналар үстел бетіндегі үш түрлі лентаны өз қалаулары бойынша таңдап алып, ортадағы құрылған шаңыраққа байлап, орналастырады.

Бүгін біздер ата- аналар топтаса отырып, берік шаңырақты құрдық деп есептеймін. Әр отбасындағы әрбір бала бақытты болуға лайықты, отбасымыздың шаңырағы берік, биік болсын. Олай болса шаңыраққа байлаған лента түсі бойынша үш топқа бөлініп, орнымызға орналасайық.

Ой қозғау: Ата аналарға сұрақтар беріледі. Ойларын ортаға салу.

Shape1

Бала қандай болу керек деп ойлайсыз?


Shape3

Отбасы дегенді қалай түсінесіз?

Shape2

Ата- ананың міндеті қандай?


Бейнеролик “Балаңызға көңіл бөлесіз бе?” (ата- аналарға қарау ұсынылады)

Осы бейне роликті көргеннен кейінгі ойларыңыз, қандай әсер алдыңыздар, пікірлеріңізді білдіре отырыңыздар. (Ата -аналар өз ойларын ортаға салады)


Бала тәрбиесінде нені ескеру керек?” ата- аналарға жадынама


1.Көңіл күйіңіз болмай тұрған кезде ешқашан да бала тәрбиесімен айналыспаңыз. Өз балаңызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға тек қана сіздің көтеріңкі көңіл күйіңіз, оң көзқарасыңыз ғана  әсер етеді.

2.Тәрбие сатылы деңгейде жүргізілгені дұрыс. Әр биікке өз уақытында, біртіндеп көтеріліп отырған дұрыс.

3. Бала – біздің айнамыз. Олар ең алдымен ата-анасынан үлгі алатынын және көп жағдайда біз өмірде қандай қадамдар жасасақ, олар да сондай қадамға баратыны есте жүрсін.

4. Балаңызбен әңгімелесу нәтижелі болуы үшін, ең алдымен ашық жарқын сенімге құрылған риясыз әдісті таңдаңыз. Сіздің сөздеріңіз қатал естілуі мүмкін, бірақ ешқашан да ауыр әрі өрескел болмауы керек. Ақырын әрі сенімді айтылған әңгіме ғана ата-ананың талаптары мен ойларын балаға жеткізе алады.

5. Балаңыз үшін керек уақытта қажетті ақыл қосатын, оның қадамдарын айыптамайтын ең жақын досына айналыңыз.

6. Өзін және оны қоршаған адамдарды жақсы көруге үйретіңіз. Бұл оны өзіне өте сенімді адам ретінде қалыптастырып, қоршаған ортамен байланысын жолға қоюға көмек береді.

7. Бір мезетте қатал да мейірімді бола біліңіз.  Егер сіз балаңызға деген ыстық ықыласыңызды үнемі білдіре отырып, тек керек уақытында ғана қатаятын болсаңыз, онда бұл сіздің тәрбиеңіз барысында міндетті түрде жемісін береді.

8. Оған өмірдегі өз ұстанымына тұрақты болуды үйретіңіз.

9. Баланы әр кезде оның көзіне қарап тұрып, мұқият тыңдаңыз, өйткені тек сол сәтте ғана оның ішкі жан дүниесі мен алаңдатқан мәселеге сіздің бей-жай қарамайтыныңызға сенімі болады.

10. Өзіңіздің бос уақытыңызды үнемі балаңызбен өткізуге тырысыңыз. Ондай сәттер баланың өзіндік орнын сезініп өсуге мүмкіндік береді.

11. Жанжалдасқан күйі екі жаққа бөлініп жүре беруге болмайтынын ұмытпаңыз, ең алдымен балаңызбен татуласып алыңыз, содан кейін ғана өз жұмыстарыңызбен жүре берсеңіз болады.

12. Әр уақытта оған қажет болғанда үйде болғаны қандай жақсы екенін жадына салып, мақтап  отырыңыз, себебі ол өзінің қажеттігін түсініп, үнемі үйге асығатын болады.


Ситуациялық сұрақтар:

  1. топ: Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келді, не істейсіз?

  2. топ: Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

III-топ: Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес айтасыз?


«Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы


Нұсқау:Ата-аналарға мынандай ережелерді қадағалап отырып сурет салатындығы ескертіледі. Бұл жұмыста сіздер өз бейсаналарыңыздың хатшысы іспеттес боласыздар, сол себепті де еш ойланбай, қорықпай, берілген тапсырманы тездетіп орындауға тырысыңыздар.

Сурет салу тапсырылғанда, «Қалай саламын? Суреттер қандай болу керек?» деп сұрауға болмайды: өз қалауларыңыз бен шешімдеріңіз бойынша салу керек. Суреттерді тез салу керек, өйткені оларды салуға уақыт өте аз беріледі.

Суреттерді салғанда, басқалардың суреттеріне қарауға болмайды. Ата-аналар, сіздер үй, жол, жылан, шарап ішетін бокал, шалбар мен әйелдердің басына тағатын орамалды кезекпен бейнелеп ақ қағазға сурет етіп саласыздар. Әр затты салуға мейлінше аз уақыт (5-10 сек) беріледі . (Диагностиканың шарты бойынша ата-аналарды асықтырып, жұмыстарын жеделдетіп отыру)

Ата-аналар суреттерді салып, аяқтаған соң, психолог төмендегідей жауаптарын айтады:

Үй – адамның өзін-өзі бағалау деңгейін көрсетеді.Үйдің суреті кең әрі биік болса, онда бұл ата-ана өзін-өзі бағалау деңгейі жоғары деп есептеуге тұрарлық. Үйдің есік-терезелері бар болса онда бұл адам – қарым-қатынасқа ашық адам.Үйдің есігі ашық болып немесе оның тұтқасы бар болатын болса, бұл жәйт ата-ананың қонақжай екендігін білдіреді.


Жол – адамның қарым-қатынасқа қандай деңгейде араласатындығының айғағы. Жол кең, әрі үйдің есігінен басталатын болса, бұл адамның қарым-қатынасқа бейім және қонақжай екендігін көрсетеді. Жол тар немесе үйдің қасынан (үйге бұрылмай) өтіп жатса, онда бұл жәйт адамның қарым-қатынасқа оңай кірісіп кетпейтіндігін білдіреді.


Жылан – «Басқа адамдардың мен туралы пікірі қандай?» деген сұраққа өзіңіздің қалайша жауап беретініңіздің айғағы. Жылан үй жаққа қарап тұрса әрі оның айрық тілі аузынынан көрініп тұрса, онда сіз «Басқалардың мен туралы пікірі жақсы емес: олар күні бойы мені жамандаудан басқа іспен айналыспайды екен» деген ойдасыз. Жылан үй жаққа қарап тұрмаса, онда, сіз «Басқалардың мен туралы ойы жаман емес» деген ұстанымдасыз.


Бокал – адамның ішімдікке деген көзқарасын білдіреді. Бокалдың суреті кішкене болып, оның іші бос болса, онда мұны салған адамның ішімдікке немқұрайды болғаны.


Шалбар мен орамал – ата-аналардың түсінігіндегі ер адамдар мен әйелдердің дәрежесін көрсетеді. Шалбардың суреті орамалдан биік тұрса, онда ата-ана өмірде ер адамды әйелдерден жоғары санайды деген сөз




Рефлексия. “Менің айтарым бар...”


Ата-аналарға төмендегідей бланкілер таратылып, толтырылады.


Тренингтің жүргізілген күні___________________________________________


Менің тренинг барысында түйгенім____________________________________


__________________________________________________________________ Бәрінен де маған мына жаттығу ұнады_________________________________


Психологқа ұсыныс_________________________________________________


__________________________________________________________________ Қолы__________________


Қорытынды: Құрметті ата -аналар қауымы бүгінгі бала тәрбиелеудің тиімді жолдарын қарастыру мақсатында ұйымдастырылған тренингке белсенділікпен қатысқандарыңызға рахмет! Әрбір баланың шырағын жарқыратып жаға білейік!














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!