400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы жарастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға «Отбасы жарастығы» туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім:

ІІ Адамдар арасында

Мекеменің аты:

МКҚК №61 «Нұртас» бөбекжай-бақшасы

Педагогтің аты-жөні

Мадибекова Ботагоз Асильбековна

Күні:

25.11.2021ж

Мектепалды даярлық тобы/сыныбы:

Қатысушылардың саны:22

Қатыспағандардың саны:0

Сабақтың тақырыбы №11

Отбасы жарастығы

Құндылық:


Ішкі тыныштық

Қасиеттер:

Сыпайылық, сабырлылық, сыйластық

Сабақтың мақсаты

Балаларға «Отбасы жарастығы» туралы түсінік бере отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік

  2. Дамытушылық

  3. Тәрбиелік






- Балаларға отбасы жарастығы ұғымы туралы түсінік беру

- Отбасында жағымды қарым-қатынас жасауда сабырлық, сыпайылық қасиеттерін дамыту

- Өз айналасындағылармен қарым-қатынаста сыйластыққа тәрбиелеу



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Тәрбиеленушінің іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі


1.Жағымды көңіл күй/ шаттық шеңбері



Шаттық шеңбері

Бар елде, әлем де тыныштық!

Менде де, сенде де тыныштық!

Бар елде, әлемде тыныштық!

Отбасы ішінде тыныштық!


Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберін хормен іс-қимылмен айтады.

https://infourok.ru/balabashadai-shatti-sheberler-zhinai-1475461.html


2. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

 «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» халық мақалы
Мақалдың мағынасын сұрай отырып, түсіндіру, хормен айтқызу арқылы жаттату.

Отбасы татулығы біріншіден бірлікке, сыйластыққа, сабырлыққа қол жеткізеді.

Сұрақтар

1. Мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

 2. Отбасының татулығы немесе жарастығы қандай табыстарға жеткізеді? –

3.  Отбасы туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?







Мақалды қайталап хормен жаттайды







Балалар өздері білетін отбасы туралы мақал-мәтелдер айтады








1. Ата- асқар тау, 
Ана- бауырындағы бұлақ, 
Бала –жағасындағы құрақ. 
2.Ата-бәйтерек, 
Бала-жапырақ. 
4.
Отан отбасынан басталады.

3. Тыңдаймыз (әңгіме айту, бейне материал көрсету)

Али мен Айяның отбасы туралы бейне таспа көру

Бейне таспада отбасындағы бір-біріне деген сыйластықты, сыпайылықтарын көруге болады. Себебі отбасы мүшелерінің амандасуы, дастархан басындағы қарым-қатынастары туралы бейнеленген.



Бейне таспаны мұхият қарап шығады

Али мен Айяның үлкендерге деген сыйластығын ұқыптылығын жіне бір-бірлеріне деген сыйластықпен сыпайлықты көру



https://youtu.be/DLfDv-XbC2c

6:59-10:00 минут аралығы


4.Әңгімелесу



 «Отбасы татулығы» аңыз әңгіме
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде,
сыйластық пен татулықта өмір сүруі елді таңғалдырады. Оларда ұрыс - керіс, дау - жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ - қарасын білгісі келіп, ауылға келеді. Ауыл тап - таза, барлығы да жеткілікті, тыныштықпен пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым - қайғысыз, балалары бақытты, мәз - мейрам екен. Бұған патша таң - тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату - тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.
Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінді.
Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таңғалып:
- Осы - ақ па?
- Иә,- деді ақсақал. – Барлық жақсы отбастары тек осы қасиеттерден құралады,- деді де, сәл ойланып, «және
сабырлық» деген сөзді қосып қойды.
1. Өсиет әңгіменің мәні неде?
2.Неліктен патшаны ұйымшыл отбасы қызықтырады?
3.Отбасының сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?
4.Отбасының татулығы сыпайлығы қандай табыстарға жеткізеді?
5.Сендердің отбасыларының татулығы мен бақыты қандай құндылықтар мен қасиеттерден құралған?

Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді

https://www.google.com/url?sa=i&url

5. Ойын / сергіту сәті



Отбасы бәйтерегі

Мақсаты: үстел үстінде отбасы суреттері, достарының суреттері араласып жатады. Араласып жатқан суреттерден өз отбасы мүшелерінің суретін бәйтерек ағашына орналастыру


Отбасы мүшелерін бәйтерек ағашына орналастырады

6. Шығармашылық іс-әрекет (топпен, жеке)


Балаларды екі топқа бөлу.

1-топ өздері қиып алған алақан суретін отбасыларына, жан-жануарларға, өсімдіктерге, жылы лебіздерін айтып жапсыру

2-топ алақандарына өздері ұнаған түспен бояп Отанымыз Қазақстанға сүйіспеншілікпен ішкі сезімдерін бөліседі.

Балалар ішкі сезімдерімен бөлісіп тапсырмаларды 2-топқа бөлініп орындайды

7. Музыка және топпен ән айту

«Әке - Ана»

Әні:Р. Әлқожа

Сөзі:Б. Әлқожа

Нұрмұхамед Жақып


Жанашырым - ана, дара шыңым- ана
Бар асылым - ана, шуағымсың
Бағбанымсың - әке, зор бағымсың - әке
Қорғанымсың- әке, шырағымсың
Ана - аяулым өзіңмен мақтанамын
Ана - мен сені меккеге апарамын
Ана - баланың қолдағың бақ талабын, бұлағымсың
Әке - бір жылы сөзіңе шаттанамын
Әке - мен сені меккеге апарамын
Әке - биікке самғайды баптағаның, шынарымсың әке
Өмір берген маған, көңіл бөлген маған
Сенім берген маған айкүнімсің
Қамқорларым дана, сүйенішім дара
Әке менен ана байлығымсың

Тәрбиешімен бірге хормен әнді қосылып айтады

https://youtu.be/jZgySgotohQ


8. Сабақтың қорытынды сәті

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. Отбасы жарастығы сабырлылыққа, сыйластыққа, сыпайылықты ішкі тыныштыққа. Әрқашан жақсы сөз естігенде көңіл күйдің көтерілетіндігін, дұрыс ой ойлауға шақыратынын, ізгілікке, ашық жүректілікке, кең пейілділікке әкелетінін көрдіңдер. Ендеше осы жақсы қасиеттерді өз бойымызға сіңірейік

Балалар жақсы қасиеттерді өз бойларына сіңіреді. Бір-бірлеріне сыйластық жүректерін үрлеу арқылы жібереді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
06.10.2023
351
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі