400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы-мектеп-тарих

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Куглоозерый ЖОББМ жұмыс жасап жатқан мектеп тарихи-өлкетану музейінің жұмысы мен жетістіктері туралы шағын баяндама.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған жерге туыңды тік!» - деген дана халқымыз. Бұл – әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілікті білдіреді. Яғни, кез-келген азамат өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлау білуі керек. Мемлекет басшысы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті.

Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал. Сондықтан, білім беру саласында өлкентану жұмыстарын жүргізіп, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы Мұхтар Әуезов. Осы ұстанымды мақсат ететін білім ордасы ол біздің мектебіміз. Білім ордасы осы ұстаным арқылы оқушы бойында елге, жерге деген құрметті арттыруға қызмет етеді.Бұл қызметті мектептердегі музей қызметімен ұштастырады.

Музей –ғылыми - зерттеу және мәдени ағарту мекемесі. Адамдардың бұл күнде тарихқа ден қоя зер салуы артқан жағдайда музей үлесіне үлкен міндет жүктеліп отыр. «Өткеніңді білмейінше, болашағыңды болжай алмайсың»-деген өткен халқымыз өткенін ақтара қарап, бүгінгі күннің көкейкесті сауалдарына жауап іздейді. Музей бұл-өткен мен болашақты жалғаушы түйін .

Музей-туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбиелейді. Бүгінгі күні бала санасына әсер қалдыратын музейлер көп. Төл тарихтың терең түкпірінен жиналған бағалы құндылықтар жарыққа шығып, зерттеліп-зерделеніп, музейлерден орын алып, халық игілігіне айналуда. Қазіргі кезде қала мектептерінің бірқатарларында өз музейлері бар. Соның бірі - өзім білім алып жүрген Круглоозерный ЖОББМ тарихи-өлкетану музейі. Круглоозерный мектебінде 1976 жылы «Смелый» тобы құрылып, мектеп оқушылары алғаш рет белгілі археологтармен бірге археологиялық қазба жұмыстарына қатысты. Олар өлкемізге таныс Железчиков Борис Феодорович пен Кригер Владимир Адамович болды. Және де осы жылы мектеп мұражайы құрылып, өз жұмысын бастады. Мұражайды ұйымдастырған жетекшісі: Харченко Владимир Викторович.

«Смелый» тобы алғашқы жылы ауыл маңайына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген жәдігерлердің табылуына себепкер болды. Олардың қатарында Азамат соғысы кезіне жататын снаряд қалдықтары мен Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысты сауыт қалдығы табылған болатын. Қазіргі таңда бұл жәдігерлер мектеп мұражайы қорында сақтаулы.

Жалпы мектеп музейі бірнеше бөлімдерден құралған. Атап айтсақ, археология, азамат соғысы, ҰОС, нумизматика, этнография бөлімдері жасақталған. Мектеп музейінде 500-ден астам жәдігер сақтаулы. Олардың ішінде құнды жәдігерлер баршылық.

Археология бөлімінде:

- мамонттың тісі мен ерте темір дәуіріне жататын моншақтар;

- мамонттің тісі, салмағы – 5кг. ( ауыл маңайынан оқушылардан құралған «Смелый» тобы тауып алған)

- ерте темір дәуіріне жататын моншақтар. Моншақтар 2 данадан тұрады, Лебедовка қорғанынан табылған. Қазірге дейін бұл моншақтардың құрамы құпия болып қалған. Алматы, Мәскеудегі арнайы зерттеу орталықтарында болғанымен, ғалымдар құрамын анықтай алмаған.

- 17 ғасырға жататын ескі діни кітап. Бұл кітаптыңда өз тарихы бар. Кітап шіркеуде балаларды оқытуға арнайы жазылған. Кітаптың сырты былғарымен қапталған, әр беті арнайы заттармен өңделген. Әр беті өте жақсы деңгейде сақталған. Әр беттері оқуға анық. Этнография бөлімінде:

- 18 ғасырға жататын тігін станогы. Белоруссия жерінде ағаштан жасалған. Елімізге соғыс жылдары келген. Жинап, құрастырылады.

Бұл жәдігерлер жақсы сақталу үшін мектеп музейінде қолайлы жағдайлар жасалған. Мектеп музейінің осындай тарихы өте бай жәдігерлері өте көп.

Музей құрылған жылдан бастап мектебімізде музей кеңесі құрылған. Бұл кеңестің құрамына мұғалімдер, ата-аналар комитеті мүшелері, белсенді оқушылар кіреді. Музей белсенділерінен құралған оқушылар тобы әр түрлі шараларға қатынасып тұрады.

2016-2017 оқу жылынан бастап музейімізде «Отбасы-мектеп-тарих» жобасы іске асырылуда.

Жобаның негізгі бағыттары:

  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары;

  • Акциялар мен семинарларға қатысу;

  • Экскурссиялар өткізу;

  • Көрме ұйымдастыру;

  • БАҚ құралдарымен жұмыс;

  • Сайыстарға қатынасу мен ұйымдастыру.



Жоба аясында мектебімізде әр алуан кездесулер, сайыстар, акциялар, мерекелер өткізілуде. Мысал ретінде, 18 мамыр Халықаралық музейлер күні қарсаңында «Музей түні», мектеп ардагерлерін еске алуға арналған турнирлер, веложорықтар (Чапай, Қаратөбе, Тасқала, Сырым бағытында), 9 мамыр- Жеңіс күніне орай шерулер, ата-аналармен, оқушылармен тренингтер өткізілді.


2016-2017 оқу жылынан бастап мектебімізде «Атамекен» қалалық туризм және экология орталығының «Музей ісі» үйірмесі өз қызметін атқаруда. Оқушыларының барлығы музей белсенділері тобының құрамында. Үйірмеде 15 оқушы бар. Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі Мырзагалиева Ж.У.

Оқу жылының басынан музей белсенділерімен бірлесе отырып, үйірме жоспары бекітілген. Жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:

-Балалар ұжымына қызығушылықпен іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру;

-Музейдің тақырыптық-экспозициялық жоспарын әзірлеу, бекіту;

-Жиналған жәдігерлерді ғылыми тұрғыда рәсімдеп, есепке алу.

Музей белсенділері кеңесі әр тоқсан сайын мәжіліс өткізіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы тоқсанға жоспар әзірлеп, бекітеді. Осы кеңес мүшелерінің арқасында мектебімізде өткен оқу жылынан «Атадан қалған мұра» акциясы қолға алынды. Мақсаты - жасөспірімдердің өлкетануға деген қызығушылығын арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу және мектеп музейі арқылы ұлттық мақтаныш сезімін ояту. Акция аясында мектеп оқушылары отбасында ата-бабасынан мұра болып қалған жәдігерлерді көпшілік назарына ұсынады. Жобаның тағы бір қыры - осы жұмыс арқылы музей жәдігерлерін қорын толықтыру мақсаты тұруы. Әзірге алғашқы нәтижесі жақсы. Осы уақыт аралығында отбасылық құнды екі жәдігер музейдің негізгі қорына тапсырылды. Алдағы уақытта да бұл бастама өз жалғасын табады. Музей белсенділерінің алға қойған жоспарлары жетерлік.

Мектеп музейлерінің бірлескен, ұйымдасқан жұмыстарының арқасында, өткен оқу жылынан бастап, ғылыми-зерттеу жұмыстары жанданып, өз нәтижесін бере бастады. Бұған дәлел - 2016-2017 оқу жылында қала деңгейіндегі жетістіктер:

Маху Динара «Г.А. Кушаев-Батыс археологиялық мектебінің негізін салушы» - ІІ орын; Муратов Айдын- «Тасқала бағытындағы веложорық есебі» 1 орын; Бейімбет Мэлена «Өскен өлке тарихы» ІІІ орын, Самаркин Павел - «Духовный жемчуг древлеправославной культуры» облыстық деңгейде 1 орын алуы. Бұл жұмыстар әрі қарай өз жалғасын табуда.

Әр жылдары мектеп музейінде қонақтар арылмайды. Қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген ғалымдар да, қарапайым ауыл адамдары да музейімізге келіп тұрады. Әр қонаққа музей белсенділері экскурсия өткізіп отырады. Келген қонақтар әркез өз ризашылықтарын айтып кетеді. Мектеп музейі қашан да келем деушілергі есігін айқара ашып қарсы алады. Өткен оқу жылында мектеп музей белсенділері жалпы 150 адамнан, осы оқу жылында 255 адамнан тұратын музей қонақтарына экскурсия өткізді.

Музей белсенділері қалалық, облыстық деңгейдегі конкурстарға тұрақты түрде қатысып отырады. Мектеп музейі жетістіктері жетерлік. Атап айтсақ, 2016 жылы облыстық «Әр мектепте мұражай» фестивалінде музейіміз 3 орын, осы жылы қалалық «Атамекен» балалар мен жасөспірімдерге арналған туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық «Әр мектепте мұражай» фестивалінда жалпыкомандалық орын иеленіп, облыстық кезеңінде 3 орынға ие болып, «Ең көне жәдігер сақтаушы» номинациясын иеленді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 маусым
571
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі