жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігінің қалыптасуы.
Отбасы мен балабақшаның әлеуметтік серіктестігінің қалыптасуы.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.
Бала тәрбиесі ана сүтінен
басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс.Тәрбиенің ең
алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан
әрі жалғасады.
«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,өзің өлмей сүйегіңнен қала
алмас», - деп классик жазушы айтқандай балалық шақтан бойына
орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз өнері
оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын
кеңейтеді.
Еліміздің болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік –білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан – жақты тәрбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып олардың өнегелі, тәрбиелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор.
Қоғам үшін әр кезеңде әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке , білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.
Балабақша — бүлдіршіндерді болашақта ата дәстүрін сақтайтын инабатты да, ибалы үлкен-кішіні сыйлай білуге үйрететін тәрбие орталығы.Өмірге келген жас ұрпақты тәрбиелеу ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінің қасиетті борышы.
Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымы ата-аналармен бірлесіп, баланы өсіріп тәрбиелеудегі басты мақсат қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, ал осы мақсатты жүзеге асыру үшін, алдындағы қандай болмасын қиындықтарын жеңу, соған сәби кезінен төмендегі мынадай көзқарастарды негізгі ұстаныным ретінде қабылдау. Көзқарастар мыналар:Баланы сәби ол әлі ештеңе білмейді, ұқпайды деп жай көзбен қарамау керек, өйткені ол да өсіп келе жатқан тұлға.Баланы әр уақытта шындыққа үйрету. Еш уақытта алдамай, шындықты ашып айтып сол жағдайға дұрыс көзқараспен қарауға жағдай туғызу.Баланың өз ісін уақытымен күнде қадағалау, бақылау.Баланың әр бір ісін қадағалап, оған деген көзқарастан нәтиже шығаруға көмектесу.Қандай жағдай болса да, ұрпағын жауын мен жел өтінен, жаман әдеттен қорғап, өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін сіңіру, ана уызбен бірге ұлттық дәстүр қайнарына қондырып өсіру әке мен ананың ұлы борышы. Дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ өсіру қазіргі кездегі ең негізгі мәселе. Бала тәрбиесінде отбасы басты орын алады. Баланың ана тілін толық меңгеруі . ұлттық-сана сезімін тәрбиелеу, денсаулығын түзету, бала тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін білу жөніндегі дағдыларын қалыптастыру мектепке дейінгі мекемелерге берілген. Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санасына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы –
балабақша. Балабақшада халық педагогикасын бала бойына сіңіре отырып имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейміз. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының бес саласының әр бөлімдеріндерінің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде салт-дәстүрдің барлық түрлерін баланың бойына сіңірудеміз. Мысалы: тұсау кесу, бесікке салу, тілашар т.б. Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілер өз тәжірибелерінде халық ауыз әдебиетінінің ішінен жиі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілерді оқу іс-әрекеттерінде пайдаланады. Бүгінгі күнде жас ұрпақтың сана сезіміне өз елінің, жерінің тарихы мен мәдениеті туралы алғашқы ұғымдарды кішкентай кезінен қалыптастырамыз.
Балабақшадағы тәрбие – қазақы ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан парасатты, адамгершілік қадір – қасиеті мол, физикалық және моральдық жоғары белсенді жеке адамды қалыптастырып шығару процесі болып табылады. Тәрбиелеу мен білім берудің әрекеті практикалық процесс үстінде қалыптастырылады. Тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері баланың осы іс-әрекет түрлерін қалыптастыру және оны белгілі бір мақсатқа бағыттап отыруды көздейді. Ойнау, еңбек ету, және білім алу барысында ақыл-ой, адамгершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағыларын игеруге бейімделеді.Іс-әрекеттің тап осы түрлерін ғана дамыту арқылы тәрбиелеу білім беру міндеттерін шешуге, бала дамуын дұрыс жолмен бағыттап отыруға мүмкіндік туады. Жақсы ойнап, еңбек ете білетін әрі оқуға қабілетті баланы ересек адамдар мен балалар қоғамында өмір сүруге қажетті қасиеттерді толық игерген тәрбиелі бала деп аталуы мүмкін.
Қорыта айтқанда:
Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет. Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата - ананыңда, тәрбиеші ұстаздыңда атқаратын ролі зор. Жас күнінде бала қандай тәрбие алса ізбен алға қарай өседі. Тәрбие кезінде отбасының, балабақшаның да алатын орны бар. Ата –ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап, туған - туыс, Отан, Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру. Отбасы жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір отбасы педагогикалық әдіс - тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Cоциальное партнёрство детского сада и семьи
Сейчас как никогда важно помнить о влиянии дошкольной организации на воспитание ребенка, о ее возможностях организовать качественное развитие, образование детей без ущерба для их здоровья. Не уменьшая значимости общественных институтов воспитания, надо признать, что человечество не создало другого звена в воспитательной системе, которое по силе эмоционально-нравственного воздействия, на растущего человека соответствовало бы семейному воспитанию
Семейное воспитание имеет ряд преимуществ. Оно основано на авторитете родителей; оно индивидуально, воздействует непосредственно на данную личность; любовь к родителям обеспечивает всю полноту чувств ребенка. Семья характеризуется непрерывностью и продолжительностью воспитательных отношений между людьми разного возраста, жизненного опыта, различных личностных качеств, с разным социальным статусом в обществе. ДОУ - как общественный институт не может заменить семью, решить многие социально-экономические и материальные ее проблемы, она призвана поднимать воспитательный потенциал, авторитет семьи посредством организации продуктивных взаимоотношений с родителями своих воспитанников.
Взаимодействие семьи и детского сада предполагает равноправные позиции педагогов и родителей в воспитании, развитии личности ребёнка. Однако надо признать, что в вопросе взаимодействия семьи и ДОУ встречается такое мнение: родители - это "помощники"при ДОУ. Таким образом, семье отводится роль объекта педагогического воздействия, а ДОУ - роль доминанта. Реально же взаимодействие предполагает, что ДОУ и семья - равноправные субъекты социального воспитания детей. При уменьшении значимости одного из них неизбежно возрастает роль другого, и равноправие сторон нарушается. Более эффективным будет взаимодействие, в котором каждая из сторон является и объектом, и субъектом одновременно. Полноценное взаимодействие основывается на таких критериях, как доброжелательность, такт, уважение, вера, оптимизм, откровенность. Но нередки ещё случаи проявления со стороны педагогов бестактности, нетерпимости, доминирования, непонимания в общении с детьми и их родителями. В свою очередь многие родители не совсем чётко осознают свою гражданскую и личную ответственность за развитие, воспитание и обучение своих детей. Есть такие родители, которые считают своей обязанностью обеспечить детей материально, а воспитание возлагают на педагогов. И только совместными усилиями, дополняя и поддерживая, друг друга, семья и ДОУ могут достигнуть желаемых результатов. Задача детского сада «повернуться» лицом к семье, оказать ей педагогическую помощь, привлечь семью на свою сторону в плане единых подходов в воспитании ребёнка. Необходимо, чтобы детский сад и семья стали открытыми друг другу и помогли раскрытию способностей и возможностей ребёнка. При взаимодействии работы двух структур надо учитывать дифференцированный подход к каждой семье, учитывать социальный статус и микроклимат семьи, а также родительские запросы и степень заинтересованности родителей в воспитании своих детей.
Семья и ДОУ - два важных института социализации детей. Их воспитательные функции различны, но для всестороннего развития ребёнка требуется их взаимодействие.
Семья и детский сад, имея свои особые функции, не могут заменить друг друга. Поэтому так важно для успешного воспитания установление партнёрских отношений между дошкольным образовательным учреждением и родителями.
Социальное партнёрство – это один из способов социализации детей, способствующих безболезненному вводу наших воспитанников в общественную жизнь,«СОЦИУМ»..
Наше учреждение работает над решением задач социального развития своих воспитанников через социальное партнёрство в нескольких направлениях:
Первое из них – мы пытаемся установить долговременные, постоянные связи с ближайшими социальными партнёрами с целью конкретного знакомства НАШИХ детей с их возможностями.
Второё направление – это взаимодействие с родителями нашего ДОУ, которые являются не только социальными заказчиками, но и активными социальными партнёрами.
Семья и детский сад – два воспитательных феномена, каждый из которых по своему даёт ребёнку социальный опыт, но только в сочетании друг с другом они создают оптимальные условия для вхождения маленького человека в большой мир. Постепенно уходит непонимание, недоверие родителей. Взаимодействие родителей и детского сада редко возникает сразу. Это длительный процесс, долгий и кропотливый труд, требующий терпеливого, неуклонного следования выбранной цели.
Ни одна, даже самая лучшая, педагогическая система не может быть в полной мере эффективной, если в ней нет места семье! Ребёнок не может существовать вне семейной системы. Если дошкольное учреждение и семья закрыты друг для друга, ребенок оказывается между двух не сообщающихся систем. Отсюда конфликты, непонимание, неуверенность. Во избежание этого мы стараемся, чтобы эти две системы стали открытыми друг для друга, для взаимодействия. Главными задачами у нас являются создание атмосферы добра, доверия и взаимопонимания.
Только в этом случае возможно создание условий, помогающих раскрытию талантов и способностей ребёнка, только тогда он будет расти здоровым, счастливым и умным! Ведь цель одна – воспитывать будущих созидателей жизни.
Жаңа оқу жылына дайындық
Бестамақ «Болашақ» балалар бақшасы екі қабатты, жылу жүйесімен қамтамасыз етілген. Асхана, кір жуатын орын және басқа шаруашылық бөлмелер бар. Балабақшада 6 топ жұмыс істейді, олар: «Қуыршақ» «Балапан», «Жұлдыз-ай» , «Балбөбек», «Балдырған» және «Солнышко» барлығы 179 бүлдіршін тәрбиеленуде. Барлық топтар жиһаздармен, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Ән-күй залы бар. Оқу-тәрбие жұмысын 12 тәрбиеші, 1 музыка жетекшісі , 1 психолог және 1 әдіскер мен меңгеруші атқарады. Олардың 8 жоғары білімді, 8 арнаулы орта білімді. Педогогтардың барлығы кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтынан курстан өтті.
Біздің балабақша өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығымен бекiтiлген «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын басшылыққа алады.
Күнделікті ас мәзірі санитарлық нормаға сәйкес жасалып, оның дәлдігі тексеріліп, медбике қадағалап отырады.
Биылғы 2016-2017 оқу жылына ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен 152 мың тенге бөлінді.«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы биылғы жылғы жұмыс жоспары бойынша ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Барлық топтардың жөне әдіскер бөлмесі,психолог,кухня ,муз.зал, медбике кабинеті,меңгеруші кабинеті,қойма,есепші бөлмелерінің жарлары,төбелері әктеліп,есіктері сырланды. Дәліздер мен баспалардың да жарлары,төбелері әктеліп,есіктері сырланды. Сонымен қатар барлық топтардың әжетхана бачоктары және раковиналары түгелдей жаңаланып алмастырылды. Ашып айтар болсақ, 130 кв.м плинтус,780 кв.м панельдер, 750кв.м жарлар, 680 кв.м төбе, сырланды,әктелді.
«Болашақ» Бестамақ балалар бақшасы шілде айында, ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 2016-2017 жаңа оқу жылына толығымен дайын.
Оқыту мен тәрбиелеу үрдісі Қазақстан Республикасының 2016 жылғы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Оқу жылының басында мақсат-міндеттер айқындалып,оқу жоспарында білім саласының мазмұнын меңгеруге бөлінген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспары базалық оқу жоспарында белгіленген ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің санымен сәйкестендірілді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген