Сабақтың
тақырыбы:
Отбасы
мүшелерінің мамандықтары. Етістіктің шақтары.
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік: «Мамандық» тақырыбын қаншалықты меңгергенін
білу, етістіктің шақтарын қайталап, отбасы мүшелерінің мамандықтары
туралы әңгімелеу. Білімдерін бір жүйеге келтіріп, өз ойларын еркін,
сауатты жеткізуге төсілдіру.
2.
Дамытушылық: етістіктің шақтарын қайталау арқылы әр шақтың
айырмашылығын іс жүзінде ажырата білуге мен ойлау қабілетін
дамыту.
3.Тәрбиелік: әдептілікке,ұйымшылдыққа, бір-бірін сыйлауға,
еңбек пен отбасы мүшелерін құрметтеуге тәрбиелеу. Тілге деген
қызығушылығын арттыру.
Сабақтың
түрі:білімді бекіту сабағы.
Сабақтың
әдіс-тәсілдері: интерактивті тақта, әр түрлі мамандық иесінің
суреттері,сөзжұмбақ шешу,мәнерлеп оқу, деңгейлік тапсырмалар
орындау, мазмұндау.
Пәнаралық
байланыс: әдебиет.
Сабақтың
барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі:1.Cәлемдесу.
-
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ. Біздің сабаққа
қонақтар келіп отыр. «Қош келдіңіздер! » - дей отырып, мен
бәрімізге жақсы көңіл-күй тілеймін.
- Ал
сендер бір-біріңізге не
тілейсіңдер?
Жауап:
- Мен
бәріңе жақсы баға тілеймін!
- Мен
бәріңе төзімділік тілеймін!
- Мен
бәріңе шыдамдылық тілеймін!
- Мен
бәріңе зеректік тілеймін!
- Мен
бәріңе сәттілік тілеймін!
- Мен
бәріңе сыйластық тілеймін!
Мұғалім:
-Біздің
мемлекетіміз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Егеменді, тәуелсіз, бай, астықты өлке.
-Тәуелсіздік деген ұғымды қалай
түсінесіңдер?
-Өзіміздің рәміздеріміз,астанамыз, елбасымыз, төл теңгеміз,
мемлекеттік тіліміз бар.
- Биыл
Тәуелсіздігіміздің неше жылдығын тойладық?
-
Тәуелсіздік алғанымызға биыл жиырма жыл толды.
-
Балалар,біз егеменді елімізді көркейту үшін көп жұмыс стеуіміз
керек.Сендердің ата-аналарың, аға-апаларың жұмысқа
барады.
-Жұмыс істеу үшін бізге
не керек?
-Мамандық
алу керек.
-Ал,
мамандық алу үшін не істеуіміз керек?
-
Мамандық алу үшін көп оқу керек.
2.Сабақтың мақсатын,
барысын айту.
-
Біз бүгін
сабақта сыйлы адамдар, мамандық иелері, ата-аналарымыздың, туған-
туысқандарымыздың мамандықтары туралы сөйлесіп, етістіктің шақтарын
қайталаймыз.
- Бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы:
Отбасы
мүшелерінің мамандықтары.Етістіктің шақтарын
қайталау.
Қызығушылықты ояту:
Фонетикалық жаттығу.
Жүр
көңілін маған бөліп,
Ұстаздар
мен ата-анам.
Алдымен
мен адам болып,
Сосын
маман атанам.
(Алдымен
өзім, сосын оқушылар мәнерлеп оқып береді.)
«Маман»
сөзді буынға бөліп,түрлерін ажырат, дыбыстық мінездеме
бер.
Сатылай
комплексті талдау бойынша:
Берілгені: Маман.2 буын.(1- ашық,1-
бітеу)
2
(а)
5
О=-----------
3(м,м,н)
«Маман»
сөзінде бес дыбыс бар.
Оның
екеуі дауысты дыбыс.(жуан дауысты)
Оның
үшеуі дауыссыз дыбыс.(үнді дауыссыз дыбыс)
II.Үй
тапсырмасын тексеру.
1- тапсырма.
Тұманбай
Молдағалиевтың «Мамандық таңдау» өлеңінен ұнаған бір шумағын жатқа
айтып келуге берілді.
(Оқушылар
өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады.)
1.
- Мен
инженер боламын
Жерден
алтын табамын.
Жолын
қуам әйгілі,
Академик
ағаның.
2.
- Мен
дәрігер боламын,
Үлкеннің
де баланың,
Қиналғанда қасына
Бірінші
боп барамын.
3.
- Ал мен
ақын боламын,
Сусындаған қаламым.
Адамдардың жүрегін
Жырмен
жаулап аламын.
4.
- Бәріміз
де жейтұғын
Ең
алдымен нан керек,
Көтеруге
ел туын,
Қуат
керек, әл керек.
Нан
беретін баршаға,
Жер
маманы болам мен.
Барып
жүрмін бақшаға
Агроном
ағаммен
Гүл
егемін жеріме-
Осындай
ой бар менде.
Жер
жемісін еліме,
Сыйлап
өтсем арман не?
5.
- Арман
қуып жасынан,
Көктен
көзін алмаған.
Ұшқыш
болды жас ұлан,
Аспанда
еркін самғаған.
6.
-Атқан
таңмен құшақтап,
Алтын
астық алабын,
Маңдай
тері бұршақтап,
Айтқан
шырқап дән әнін,
Капитаны
даланың
Комбайыншы боламын.
7.
-Іш
ауырса, тіс ауырса,
Дәрігер
дәрі береді.
Барлық
бала, барлық ана,
Оны жақсы
көреді.
Мен
дәрігер болғым келеді.
8.
- Зәулім
мектеп, алаңды,
Көркем
үйлі қаланы,
Балалардың бақшасын
Құрылысшылар салады.
Мен
құрылысшы болғым келеді.
9.
-Тоқтықтың бар торқауы,
Ас-адамның арқауы,
Аспаз
бола алмайды
Адамдардың жалқауы.
Мен аспаз
болғым келеді.
10.
- Бас
бітімін адамның,
Сәндеп,
жөндей алар кім?
Мен
шаштараз болармын,
Баппен
шашты алармын.
2-
тапсырма. (Ауызша)
Мұғалім:
-Өткен
сабақтардағы тақырыптарды есімізге түсірейік.
-Отбасы
мүшелеріне кімдер жатады?
-Ата,
әже, шеше, әке, аға, апа, іні, қарындас, сіңлі.
-
Балалар, сендер қандай мамандық түрлерін
білесіңдер?
Топтастыру.
Мамандық
(Дәрігер,
мұғалім, құрылысшы, наубайшы, етікші, әнші, биші, сатушы, заңгер,
іскер, жұмысшы, суретші, тәрбиеші,кітапханашы, тілші, жүргізуші,
дизайнер, ұшқыш, менеджер,дәнекерлеуші, күзетші,машина жөндеуші,
тазалаушы.)
3-
тапсырма. Сөзжұмбақ шешу.
Берілген
сөйлемдерді толықтырып, қызыл тор көздегі әріптерді
оқимыз.
1.Дәрігер
адамдарды …........
2.Жерді
.......... жыртады.
3.Наубайшы нан ..............
4. Оқушы
мектепте .... оқиды.
5.Тігінші
киім ..........
6.Кітаханашы ........ береді.
7.Егінді
....... жинайды.
- Қызыл
тор көзде қандай сөз шықты?
-
Етістік.
-Балалар,
ата-аналарыңыз, туған- туысқандарыныз кім болып жұмыс істейді?
-деген сұраққа жауап беру үшін, етістік пен олардың шақтарын
қайталап алуымыз керек.
4-тапсырма.
«Сызбаны
сөйлет» ойыны.
-Етістік
нені білдіреді?
-Етістіктің неше шақтары бар?
-Осы шақ
қандай сұраққа жауап береді?
- Осы шақ
қалай жасалады?
- Келер
шақ қандай сұраққа жауап береді?
-Келер
шақ қалай жасалады?
-Өткен
шақ қандай сұраққа жауап береді?
- Өткен
шақ қалай жасалады?
-Кестеге
көңл аударайық.
Етістіктің шақтары
Осы шақ
|
Келер
шақ
|
Өткен
шақ
|
|
|
|
|
|
|
III.Жаңа сабақ.
1- тапсырма.
Мәтінмен
жұмыс :
1.Мәтінді тізбектеп
мәнерлеп оқу;
2.Мәтінді орысшаға
аудару;
3.Мәтіннен етістіктерді тауып, қай шақта тұрғандарын
анықтау.
Менің
отбасы мүшелерімнің мамандықтары.
Біздің
отбасымыз үлкен. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам, қарындасым
және мен. Атам мен әжем –зейнеткер. Әкем ұшқыш болып жұмыс істеп
жүр. Ол ұшқыштар мектебінде оқыды. Шешем-мұғалім. Ол мектепте жұмыс
істеп жүр. Ағам –студент. Болашақта дәрігер болады. Қарындасым
кішкентай. Ол балабақшаға барып жүр. Мен бесінші сыныптың
оқушысымын. Біздің отбасымыз тату.
2-тапсырма.103-бет.
Кесте
бойынша әңгіме құрастыру.
(Оқушылар
өздері жасаған слайдтары бойынша отбасы мүшелерінің мамандықтарын
әңгімелейді. )
Кім?
|
Кім болып істеп
жүр?
|
Кім болып
істеді?
|
Кім болып
істейді?
|
Әкем
Шешем
Ағам
Апам
|
|
|
|
Мұғалім:
Балалар,
қай мамандық иесі болмасын, бәрін бағалай, құрметтей білуіміз
керек. Әр мамандықтың өз пайдасы, қызығы мен қиыншылығы
болады,соған төзе білу керек.Болашақ мамандықтарыңды жүрек
қалауымен таңдаңдар, сонда ғана жұмыстарыңның жемісін көресіңдер.
Әрине,балалар,мамандық тандамастан бұрын сіздер жақсы білім
алуларыңыз керек, содан соң мамандық таңдап алғаннан кейін,жақсы
еңбек етіп, халқыңа қызмет етулеріңіз керек.
IV.Білімді бекіту.
3-тапсырма
Сурет
бойынша жұмыс:
- Жақсы,
балалар. Енді алдарыңдағы тапсырмаға қараңдар.
-Балалар,
берілген слайдтарға көңіл аударайық.Слайдтардағы суреттерге
етістіктің үш шағының сұрағын қойып, жауап берейік,дәптерлерімізге
жазайық.
-Мұғалім
(не істейді?не істеп жатыр?не істеді?) ( оқыт…..)
-Аспаз (не істейді?не істеп
жатыр?не істеді?) ( даярла…)
-Тігінші (не істейді?не істеп
жатыр?не істеді?) ( тік…)
-Дәрігер (не істейді?не
істеп жатыр?не істеді?) ( емде...)
-Құрылысшы (не істейді?не
істеп жатыр?не істеді?) ( сал...)
-Сатушы (не істейді?не
істеп жатыр?не істеді?) (сат....)
-Биші (не істейді?не
істеп жатыр?не істеді?) (биле...)
4-
тапсырма.
Сергіту
сәті.
Мұғалім:
-Кімге
дәрігер мамандығы ұнайды?
(Оң
қолыңды көтер.)
-Кімге
инженер мамандығы ұнайды?
(Сол
қолыңды көтер)
-Кім өзің
жақсы көреді, тұрыңдар.
-Қане,
құрылысшы болып үй салайық.
-Футболшы
болып жүгірейік.
-Шахтер
болып көмір лақтырайық.
-Қанеки,
тік тұрыңдар. Отырыңдар.
5-
тапсырма.Кәртішкімен жұмыс:
Дидактикалық ойын: «Кімге не қажет?»
Ойын
шарты бойынша мамандық иелеріне қажетті заттардың аты жазылған
карточкаларды көрсетемін, оқушылар мамандық атауын
айтады.
Тігінші-
жіп,ине,мата,......
Құрылысшы- кірпіш, күрек, қалақ,құм,....
Шаштараз-
қайшы, тарақ, фен, орамал,...
Суретші-бояу,қарындаш,қылқалам,ватман,..
Аспаз-пышақ,тақтайша,ожау,табақ,сүзгі,......
Дәрігер-
дәрі, мақта, мәрлі, ақ халат,........
6-тапсырма.
Сөйлемдерді дұрыс құрастыру:
1.Мамандықтардың ,керек, барлығы,адамға.
2.Мамандықтар, жақсы, қызықты, барлық.
3.Ұнаған,таңдап алады, адам, әр, өзіне,
мамандықты.
Дұрыс
жауабы:
1.Адамға
мамандықтардың барлығы керек.
2.Барлық
мамандықтар жақсы,қызықты.
3.Әр адам
өзіне ұнаған мамандықты таңдап алады.
7-
тапсырма.
Енді,еңбек туралы мақалдарды есімізге
түсірейік.
(Оқушылар
білетін мақал- мәтелдерін айтады.)
-Еңбек
түбі –береке, көптің түбі-мереке.
-Еңбек
қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей.
-Еңбек
адамды жөндейді, жалқаулық түтіп жейді.
- Ер
дәулеті-еңбек.
-
Оқу-еңбек.
IV.Қорытынды.
Сабақта
не ұнады? Нені білдік? Нені үйрендік?
V. Үйге
тапсырма: «Менің отбасымның мамандықтары » тақырыбына эссе жазып
келу. 3-тапсырма.Мақал-мәтелдерді
жаттау.