Отбасы өмір аясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы өмір аясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата аналармен тренинг
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тренинг тақырыбы: Отбасы - өмір аясы

Мақсаты:Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;

Отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.

Психолог: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар! Мына үлкен жарық бөлмеде, сіздердің күлімдеген жүздеріңізді көргеніме қуаныштымын.

«Сәлем – сөздің анасы» демекші алдымен өздеріңізбен танысып, амандасып алғанымыз жөн шығыр.Барлығыңызды зал ортасына шақырамын

Сәлемдесу «Қол алысу»

Қатысушылар топта еркін жүріп, бір – бірімен қол алысып амандасады. Сол кезде есімдерін атайды. (Барлық қатысушылар аттарын атап, амандасып шығады.)

Психолог: Бір бірімізбен еркін қарым қатынас орнатып, тереңірек танысу мақсатында келесі жаттығуды ұсынамын.

Жаттығу «Біз сенімен ұқсаспыз, себебі...»

Мақсаты: Танысу (егерде бір бірін танымаса) қызығушылығы ортақ серік табу үшін бір бірімен ұқсастығын білу.

Жаттығу барысы: Қатысушылар бір біріне қарама – қарсы ішкі және сыртқы шеңбер құрып тұрады. Екі шеңбердегі қатысушылардың саны бірдей болуы тиіс. Ішкі шеңбердегі қатысушылар қарсы серігіне мына сөздерден басталатын фразаларды айтады: «Біз сенімен ұқсаспыз, себебі...». Мысалы: бір планетада тұрғандықтан, бір тілде сөйлегендіктен, т.б. Ішкі шеңбердегі қатысушылар: «Біздің айырмашылығымыз бар, себебі..» Мысалы: көздеріміздің түсі әртүрлі, шаштарымыздың ұзындығында, т.б.

Психологтың айтуымен ішкі шеңбер қатысушылары сағат тілімен жылжып серіктерін ауыстырып отырады. Бұл құбылыс ішкі шеңбердегі қатысушылар сыртқы шеңбердегі барлық қатысушыларымен кездесіп болғанға дейін жалғасады.

Психолог: Енді құрметті қонақтар, кездесуге себеп болған тақырыбымызға оралайық. Қазіргі космостық жылдамдықпен жылжып жатқан өмірде әр отбасының мүмкіншілігі барма екен «ТӘРБИЕ» дегенге, соның ішінде ең маңыздысы және бастысы бала тәрбиесіне. Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. «Үйлену оңай – үй болу қиын» дейді халық мақалы. Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның ақ неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым-қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата-бабасының салт-дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата-ананың ең маңызды міндеті.

«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.


Ойланайық, пікірлесейік

  • Отбасы негізі неде деп ойлайсыз?

  • Баланың ең алғаш тәрбиешісі кім?

  • Отбасының берекесін келтіру кімге байланысты?

  • «Атадан өсиет, анадан қасиет» деген нақыл сөздердің мағынасы қазіргі заман ағымындағы өзгерістерге қатысы барма?

Отбасындағы тәрбиенің әдістері слайд көрсету

  1. Көрсету 4. Үйрету

  2. Ынталандыру 5. Сендіру

  3. Жазалау 6. Талап ету

Осы әдістердің ең бастысы қайсысы деп ойлайсыз?

Тәрбиені ата –ана өзінен бастауы қажет. Айту, түсіндіру, үйрету т.б әрине дұрыс, бірақ ата – ананы сыйлауды, құрметтеуді, олардың айтқанын істеп, қамқор болуды сіз көрсете білуіңіз қажет.


Бейнематериалдар көрсету

«Мамы» «Әке» «Кешікпе»

Шығармашылық жұмыс

«Отбасыңды гүл бейнесінде сал»


Сергіту сәті.

Отырып орындалатын би «Донди дигиди»

«Теңгерім шеңбері» әдісі

Мақсаты: ата аналарға өздерінің отбасылық өмірінің әртүрлі салаларымен қаншалықты қанағаттанатындығын түсінуге көмектесу.

Сіздердің алдарыңызда «Теңгерім шеңбері.» Оның 6 секторы біртұтас отбасының негізгі компоненттерін көрсетеді. Отбасы 6 маңызды қызмет атқарады: Репродуктивті – өмірді ондіру: балалардың тууы,адамзат ұрпағының жалғасуы. Экономикалық – өмір сүруге тәсілдерді өндіру,отбасылық бюджеттің құрылуы.Шаруашылық тұрмыстық- өз шаруашылығын жүргізу, үйді жасау, отбасы мүшелерін тамақпен жылумен қамтамасыз ету. Тәрбиелік – балалардың тұлғасын қалыптастыру, оларға тілді, салт – дәстүрді үйрету, еңбек дағдысын қалыптастыру. Қалпына келтіру – денсаулықты, өмірлік тонусты қолдау, отбасы мүшелерінің бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру. Коммуникативтік/ қарым қатынастық – әлеуметтік қоршаған ортамен – достармен алыс туыстармен қарым қатынаста болу. Дөңгелектің әрбір бізі – 0 ден – 10 ға дейінгі бөлу шкаласы деп ойлаңыз. Ұпайлары қазіргі күні аталған отбасылық саласына қаншалықты қанағаттанған дәрежесін білдіреді: Ортасында дөңгелектің білігінде 0- ұпай ең төменгі дәрежедегі қанағаттанғандық, ал дөңгелектің шеңберінде жоғары 10 ұпай жайғасадыҚазіргі кезде отбасыңызға қанағаттанғаныңыздың деңгейін бағалаңыз және бүгінгі күні отбасылы өміріңізге бағаңызды қойыңыз. (0-10 ға дейінгі диапазонда) Ұпай қойылғаннан кейін сізге нүктелерді қосу ғана қалады. Енді өзіңізге сұрақ қойыңыз, Отбасымдағы теңгерім, үйлесімділік расында да отбасымда болу үшін не істеуім керек?


«Бақытты отбасы модулін» салу.

Отбасы мүшелері нені білуі қажет

ТShape1 ақтамен жұмыс.

Shape4 Shape3 Shape2

Ата


Shape5

Әке



Shape7 Shape6

ОТБАСЫ


Shape9 Shape8

Әже


Shape10

Ана



Shape13 Shape12 Shape11

Бала


Shape14 Shape15

Shape16

Психолог: Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын мекен

Міне құрметті қонақтар, осымен «Отбасы – өмір аясы» деп аталатын кездесуіміз аяқталды. Бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жүректен жүрекке айдарында бөлісіп, бір бірімізді керемет тілектермен қуантайық. Олай болса барлығыңызды шаттық шеңберіне шақырамын

Жүректен-жүрекке

Тілектерін айтып шырақ сөндіру


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
607
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі