№ 163
мектеп-лицейі
Тақырыбы:
Отбасы -өмір
аясы
Сынып жетекшісі:
А.О.Атенова
Тақырыбы: Отбасы -өмір
аясы
Үйінде ұл-қызы бардың,
көгінде жұлдызы сөнбес
Мақсаты:
Отбасындағы бала бойына ұлттық
тәрбиені сіңіруде ата-әженің ықыласын анықтау. Ата мен әже
арасындағы қарым-қатынасты байқау. Отбасындағы ұлттық тәрбие арқылы
өз ұлтының дәстүрін бала бойына қалыптастырудағы тәжірибемен пікір
алысу
Жоспары:
І. “Қария сөзі – тәрбие
көзі”
ІІ. “Қызға қырық үйден
тыйым”
ІІІ. “Ұлды ұясында
баулы”
ІV. “Менің жанұядағы
рөлім”
V.
Қорытынды
І -
бөлім
І. “Қария сөзі – тәрбие
көзі”
“Өз балаңды өскенше, немереңді
өлгенше”,”Балам балдан тәтті, немере одан да тәтті” деп халық
даналығы айтқандай, ата мен әже үшін немеренің орны ерекше. Ал
сіздер осы сүйіспеншілікті қалай түсінесіздер, ол қаншалықты
дәрежеде?
*Ата мен әженің қазіргі таңдағы
бала тәрбиесіндегі үлесі қандай?
* Отбасындағы сыйласым рәсімін
қалай түсінесіздер?
-
Жаздың әдемі бір күнінде бір
кісі өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі егілген ағаштарды
көреді.Ағаштарға қарап тұрып әкесі баласынан былай деп сұрайды:
“Мына ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен
?”
-
“Ана сүтін анаңды Меккеге үш
рет арқалап апарып келсең де, өтей алмайсың” дегенді қалай
түсінесің?
ІІ -
бөлім
ІІ. “Қызға қырық үйден
тыйым”
Мақсаты:
Қазақ қызының бойындағы ұлттық
дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық,
кішіпейілділік, т.б жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қыз
тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі жайлы пікір
алысу
-
Қыз бала тәрбиесіндегі ананың
орны ерекше деген пікірге сіздің
көзқарасыңыз?
-
Мектеп, ата-ана және жүрген
ортасының қыз балаға әсері қандай?
-
Қыз бойында қандай қасиеттер
болуы керек деп ойлайсың?
-
Қыздарға байланысты қандай
мақал-мәтел білесіңдер?
Халық арасында қызды
ажарына қарай жетіге бөлген
Шырайлы
қыз
Көз жанары өткір, бет-әлпеті
бал-бұл жанған, тәні шымыр
Әсем
қыз
Жүзі жылы,өзі ұяң,жаны
нәзік
Көрікті
қыз
Істі үйіріп,сөйлесе бұйырып,
Баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын
қыз
Сұлу
қыз
Сөзі өткір,өзі
пысық,өрескелдікті сүймейтін, болмашыға пісіп-
күймейтін,келбетті.
Ару
қыз
Бет пішіні, дене мүсіні
келіскен,
Сөзі сыпайы, өзі әдепті,
сұңғақ бойлы, терең ойлы
Ажарлы
қыз
Дене бітімі жинақы,
тығыршық,
Баппен сөйлеп,биязы
күліп,жақсы-жаманның жөнін біліп тұрады
Сөзі салмақты, ісі
тиянақты
ІІІ. “Ұлды ұясында
баулы”
Мақсаты:
Бала тәрбиесіндегі әкелердің
беделін арттыру, әке алдында әдеп сақтай білу, әрбір әкенің баласы
алдындағы міндетін айқындау
-
“Сәби-ұл-Отан қорғаушы-әке-
ата” сөзінің мағынасын ашу
-
Көбінесе ,бала тәрбиесінің
жауапкершілігі әрбір отбасында әйелге жүктеледі.Ал, ер азамат
көбінесе, материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету рөлін атқарады.Қалай
ойлайсыз, қыз баланың тәрбиесімен – анасы, ұл баланың тәрбиесімен -
әкесі айналысуы тиіс сияқты ма?
Әке- асқар
тау,
Ана - баурайындағы
бұлақ,
Бала- жағасындағы -
құрақ
ІV. “Менің жанұядағы
рөлім”
Мақсаты:
Жанұядағы сыйластыққа,
адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні
мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, ата-ананың алдындағы
парызын өтеуге, жанұяның мақтанышы болуға
тәрбиелеу.
Міндет – күнделікті іс-әрекет
арқылы имандылық пен қайырымдылық рәсімдерін
орындау.
Парыз – міндетті іске асырудың
қалыптасқан жолы
Борыш – ата-анаға ,үлкен
адамға қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу үшін
жүргізілетін салтқа айналған қайырымды
іс-әрекеттер
Болжау
-
Бірде көп балалы ана ұлдарына
былай депті: “Балапандарым, мен сендерге жұмбақ айтайын , соны
шешіңдер.Сендердің бәріңді тоғыз ай абақтыға жапса, одан шыққан соң
аузыңа өкпе тықса, арқаңды ағашқа таңса, ,құйрыққа күл сепсе, сол
адамға не істер едіңдер?”
-
Қазіргі жас өркен-
мемлекетіміздің болашағы. Сондықтан да, балаға бір отбасының ұрпағы
деп емес, бар қазақтың баласы деп қарау сияқты. Ұлы абай атамыз:
“Баланы ең алдымен ата-анасы, сосын ұстазы, сонан кейін қоршаған
ортасы тәрбиелейді” деген екен. Сіз қалай
ойлайсыз?
V.
Қорытынды