Материалдар / Отбасы өмір аясы психологиялық тренинг 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасы өмір аясы психологиялық тренинг 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы өмір аясы психологиялық тренинг 6 сынып Отбасы туралы түсінік беру, ойын арқылы жеткізу Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға бағыттау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2021
1932
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық тренинг тақырыбы: « Отбасы өмір аясы!»


Тренинг мақсаты: Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге, ата-анасын сыйлауға, кішіге қамқор, тату болуға бағыттау.

Қажетті құрал-жабдықтар: А4 қағаз, түрлі-түсті бояулар, қағаздар, желім, қайшы ж/е т.б.

Тренинг бағдарламасы:

1.Есімдер аллитерациясы

2. Отбасы-өмір аясы.(психологиялық ағарту)

3. Мен отбасымды мақтан етемін. (оқушылар шығармашылықтары)

4. «Отбасы» ағашы

Тренинг барысы:

1.Есімдер аллитерациясы.

Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы есімдерімен бір-бірімен таныстыру.

Шарты:Әр оқушы өз отбасындағы өзі жақсы көретін адамын айта отырып,оның бір еркелеткен сөзін өз есіміне қосып айту.

Мысалы:Мен отбасымда анамды жақсы көремін. Мен анамның ерке қызы-Жайнагүлмін.

-Еркелеткен есіміңді айтқанда қандай сезімде болдың?

-Қазіргі көңіл-күйлерің қандай?

2.Отбасы-өмір аясы! (психологиялық ағарту)

Мақсаты: Оқушылардың отбасы туралы ойларын дамыту, отбасы мүшелерін сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, біріне-бір қамқор болуға, әр адамның отбасында өз орны болатынын түсінуге бағыттау.

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,

қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,

туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.

Н.Ә.Назарбаев


Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе? Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет, мен – президент, сен – премьер, дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздін мәнісі де осында. Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланысты «Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», - -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан. Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», - деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» - деген тамаша нақыл бар. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері - баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сондықтан отбасы өмір аясы деп бекер айтылмаған. Отбасы мүшелерінің бірлігінің арқасында отбасы берік болмақ.

3. «Мен отбасымды мақтан етемін!» арт-терапия

Мақсаты: өз отбасының маңыздылығын сезінуін, отбасымен мақтануын, өзіндік орнын сезінуін дамыту. Шарты: Бүгін мақтаншақ боламыз. Оқушыларға А4 қағаздар беріледі сол қағаздарға әркім өз отбасын суреттейді және сол сурет арқылы өз отбасысымен мақтанады. 4. «Отбасы ағашы» жаттығуы Мақсаты: өз ойларын ашық айтуын дамыту, алған әсерлерімен бөлісу. Шарты: Оқушыларға жапсырма қағаздар таратылады, сол қағаздарға өздерінің тренингтен алған әсерлерін, отбасы туралы ойларын ашып айту арқылы өз тілек лебіздерін жазып отбасы ағашына жапсыру.



Бекітемін

Мектеп директоры

________А.С. Есалин










«Отбасы өмір аясы!»

/6 «а» сыныппен психологиялық тренинг/







Педагог-психолог: Г.Е. Итесова









2021 ж. – қыркүйек

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!